Тулаганов Анвар Балтабаевич мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігінің нысаналы көрсеткіштерін басқару 6D051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару Phd докторы дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


Определение состава показателей качества и доступности государственных услуг



бет6/24
Дата19.05.2022
өлшемі0.57 Mb.
#457682
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Ануар - диссертация откорректированная

Определение состава показателей качества и доступности государственных услуг (Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің құрамын айқындау) // Вестник; Евразийкий национальный университет им. Л.Н.Гумилева, - Астана, 2011; №1-с.132

  • Стандартизация как условие повышения качества государственных услуг (Стандарттау мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру шарты ретінде) //Вестник науки; Казахского агротехнического университета им. С.Сейфулина,-Астана 2010; №1 (57) с. 266 (журнал с высоким импакт-фактором – лауреат премии "ПАРАСАТ 2010" (по данным Thomson Reuters начиная с 2008 г.))

  • Применение системного подхода в управлении качеством продукции за рубежом (Өнім сапасын басқарудың шет елдердегі жүйелік тәсілінің қоланылуы) // «Глобализация и выбор стратегии экономики России»; II Международная научно-практическая конфиренция, - Москва ГУМФ 2011;часть 1 с.165

  • Осуществление контроля за качеством оказания государственных услуг (Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру) // Ученые записки; Санкт-Петербургский государственный институт психологии и социальной работы, - Санкт-Петербург (журнал с высоким импакт-фактором 0,007)

    Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс 163 бет немесе 10 баспа табақ көлемінде баяндалған, ол 98 атауды қамтитын кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған дереккөздер тізімінен тұрады. Жұмыста 3 сурет, 3 кесте, 5 тұжырым мен теңдік келтірілген.


    1. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ

    МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ


    1.1 Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік функциясы ретінде

    Қоғамдық дамудағы мемлекеттің рөлі экономика мен қоғамдық өмірді басқару сипатына ықпал ететін, өзгермелі ішкі және сыртқы жағдайларға бейімдейтін күрделі және серпінді үдерістерге байланысты қалыптасады.


    И. Зулькарнайдың пайымдауынша, нарықтық қатынастар жағдайындағы мемлекеттің орындылығы біркелкі себептермен түсіндіріледі, бұған нарықтық қатынастарға байланысты тиісті келісімшарттарға қол жеткізу, оларды іске асыру және сақтау барысында қоғамға транзакциялық шығындарды үнемдеуге мүмкіндік жасайтын әкімшілік институттар жатады.
    Р. Коуз фирма сияқты әкімшілік институттың болмысына түсініктеме берді, ал оның жолын қуушылар, атап айтқанда, Д. Норт келесі бір әкімшілік институттың – мемлекеттің болмысына сипаттама жасады, ол бұған жоғарыда айтылған транзакциялық шығындарды үнемдеу негіз болатындығын дәлелдеме ретінде пайдаланды.
    Алайда мемлекет, фирма сияқты жекелеген игіліктер ғана шығарып қоймайды, ол сонымен қатар жұртшылыққа қажетті құндылықтарды өндіретін қоғамның ерекше әкімшілік институты болып табылады.
    Д. Норттың көзқарасының дамуы оған мемлекет үлгісін құруға қолын жеткізді, сол үлгінің мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:

    • мемлекет – салыққа айырбас ретінде қоғамдық қызмет көрсету түрлерін өндіріп, сататын агенттік;

    • мемлекет – қысымдық жасаушы монополист, себебі ол салық төлеуші халықты топтарға бөліп, бұл топтардың әрқайсысынан қазынаға түсетін түсім мөлшерін барынша көбейту мақсатында оларға тиімсіз меншік құқығын белгілейді;

    • үкімет өз елі ішінен және басқа мемлекеттер тарапынан билікке үміткер бәсекелестердің қыспағында болады;

    Мемлекеттің бұл үлгісі, И.Зулькарнайдың пікірі бойынша, нарықтық экономикадағы кәдімгі фирманың үлгісіне ұқсас келеді. Шындығын айтсақ, екеуіне де төмендегідей жағдайлар ортақ болып табылады:

    • мемлекет те, фирма да халыққа қызмет көрсету түрлерін (тауарлар) өндіріп ұсынады;

    • мемлекет те, фирма да көрсетілген қызметтеріне ақы алады: мемлекет салық түрінде, фирма – көрсетілген қызметіне жеке ақы төлеу түрінде;

    • фирма да, мемлекет те кем дегенде екі жақты бәсекелес күштердің қыспағында болады: біріншіден, билік үшін бәсекелес саяси партиялар сан, сапа және баға жағынан сипатталатын салық төлеу түріндегі қызметтерін ұсынады; екіншіден, бір мемлекеттің халқы және бизнесі басқа мемлекеттердің тартымды қызмет түрлеріне қызығушылық білдіруі мүмкін.

    Мемлекет пен фирманың жоғарыда тізбеленген ортақ сипаттамалары мемлекетті фирма ретінде микроэкономикалық әдістермен талдауға негіз болуы ықтимал. Алайда бұл ұқсастық нарықтық экономикада фирманың жеке меншіктік қызметтер көрсетуіне, ал мемлекеттің – тұтынушыларға қоғамдық қызметтер көрсетуіне байланысты азаматтардың мемлекетпен трансакцияға түсуімен шектеледі [1;74, 76, 77-беттер].
    Бұл жерде мынадай сұрақ қоюға болады: экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі қандай объективті жағдайлармен түсіндіріледі?
    Ең алдымен – бұл баршаға мәлім ақиқат, оған кеңестен кейінгі мемлекеттердің нарықтық қатынастарға көшкеннен кейінгі мерзімде көзі жетті, өйткені мемлекет нарықтық тетіктен туындайтын кемшіліктерді түзетіп отыруы тиіс. Нарықтың теріс жақтары, атап айтқанда, мынадай олқылықтары болатыны баршаға мәлім: ол өндірілмейтін ресурстардың сақталуына және қоршаған ортаны қорғауға ықпал ете алмайды; бүкіл адамзатқа тиесілі ресурстарды, мәселен, мұхиттың балық байлығын пайдалануын реттей алмайды. Нарық жағдайындада кейде қабылданған шешімдердің жағымсыз ықтимал салдары ескерілмейді және ұжымдық пайдалануға арналған тауарлар өндіру мен қызметтер көрсету ынталандырылмайды, еңбек пен табыс құқығына кепілдік берілмейді, ғылым саласында мақсатқа лайықты іргелі ізденістердің дамуы қамтамасыз етілмейді. Нарық негізінен әлеуметтік қажеттілігі бар тауарлар өндіруге емес, төлем қабілеті жоғары сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған. Осыған орай ол өзіне тән рецессиялық және инфляциялық процестердің салдарынан тұрақты түрде дами алмайды.
    Сонымен бірге мемлекет өзіне кәсіпкерлік фирмалардың өзара тиімді бәсекелестік жүргізуіне тең жағдай жасау, өндірістің монополияландырылуын шектеу жөнінде жуапкершілік алады. Мемлекетке экономикалық ресурстарды адамдардың ұжымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатына бағыттау, қоғамдық тауарлар шығару мен қызметтер көрсету өндірісін құруға ынталандыру қажет болады.
    Мемлекеттің экономика саласына қатысуына мүгедектерге, балаларға, қарттарға, тұрмысы төмен адамдарға қамқорлық жасау, еңбек нарығын реттеу,жұмыссыздықты қысқарту бойынша шаралар қолдануда себеп болуда.
    Мемлекеттің функциясына сыртқы саясат пен төлем балансын реттеу де жатады.
    Мемлекет кез келген экономикалық жүйенің жұмыс істеуіне тартылған болса да, үкіметтің нарықтық қатынастардағы рөлі, әдетте, шектеулі болып табылады, өйткені тауарлар мен қызметтер көрсету қайсібір билік органы (жергілікті, орталық) арқылы емес, нарық арқылы бөлінеді.
    Әдеттегі (нарықтық) жағдайда үкіметтің функциясы тәртіпті сақтау, мүліктік құқықты анықтау, келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету, іскерлік белсенділікті реттеу, бәсекелестікті көтермелеу, мемлекетті қорғаумен және және т.б. шектеледі. Мемлекеттік араласу деңгейінің мәселесі негізінен елдегі нарықтық тетіктің қалыптасуына, оның қаншалықты еңбекке жарамды екендігіне және өз функцияларын қалай орындайтынына байланысты.
    Нарықтық қатынастардың қалыптасу кезінде (әсіресе дағдарыс жағдайында) мемлекеттің рөлі неғұрлым күшті болуы тиіс, ал оның экономикаға араласуы дағдарысты жылдамырақ еңсеріп, экономиканың өрлеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді [2].
    М. Домбровский, шығыс Еуропадағы бұрынғы социалистік елдердің тәжірибесін жинақтай келе, дағдарыстан кейінгі экономикадағы мемлекеттің рөлін мойындай отырып, 1990 жылдардың басында орын алған демократия мен нарыққа өтудің өзі мемлекеттің функциясы мен рөлінің қатты өзгергендігін білдіреді деп жазды. Коммунистік жүйе мен командалық экономика кезінде атқарған мемлекеттің тоталитарлық функциясын жылдам және түбегейлі түрде субсидиарлық функцияға ауыстыру керек болды. Енді азаматтар мен бизнестің қызметі мен әл-ауқаты үшін жауапкершілігі өздеріне қатысты болады, ол мемлекетке жүктелмейді.
    Қазіргі демократиялық қоғамда, бұрынғы патшалық Ресей, Кеңес Одағының дәстүрінде болғандай және осы кезге дейін тоталитарлық, авторитарлық немесе жартылай авторитарлық мемлекеттердегі сияқты, азамат пен бизнес мемлекетке бағынбауы керек, керісінше, мемлекет өзінің азаматтарына қызмет етуі тиіс, ал азаматтардың өздері оның қызметін кейбір демократиялық рәсімдер арқылы бақылауы қажет.
    Бұл іс жүзінде нарықтық айналымның нысанасына жататын тауарлар шығару мен қызметтер көрсету жауапкершілігін мемлекет жеке секторға беруі керек екендігін білдіреді. Мемлекет өнім өндіру, жабдықтау, қайсібір нақты өндірістік мәселелерді шешу жауапкершілігін тікелей өзіне алмауы керек, ол негізінен қоғамдық игіліктерді ұсынумен шұғылдануы тиіс.
    М. Домбровский мемлекеттің классикалық функциясы болып табылатын мынадай қоғамдық игіліктерді тізбелеп келтіреді:

    • мемлекеттік егемендікпен қамтамасыз ету;

    • азаматтардың жеке қауыпсіздігі мен денсаулығын қорғау;

    • меншік құқығын қорғау;

    • келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету;

    • кейбір инфрақұрылымдық игіліктерді ұсыну, соның ішінде әсіресе оларды нарық өндірісімен шығарған жағдайда, жоғары транакциондық шығындарды қажет ететін игілік түрлерін, мәселен, автожол желісін ұсыну;

    • валюта тұрақтылығын ұстану;

    • тегін білім беру мен денсаулық сақтау қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету.

    Жалпы алғанда, нарықтың жетілдірілмегендігін мемлекеттің жетілдірілмегендігімен салыстырып қарап көруге болады. Әсіресе бұл мәселе өтпелі экономикаларда орын алады. Осындай мемлекеттердің көпшілігі бүгінгі күнге дейін нарықтық жағдайда жұмыс істеуге толық бейімделмеген. Осы ретте коммунистік жүйеден кейінгі мемлекеттердің кез келген күрделі функцияны орындауға әлеуетінің шектеулі екендігін айқын айту қажет [3; 116-118-беттер].
    Басқару жүйесін жаңғырту жолындағы проблеманың бірі – мемлекеттің төрешілдікпен шамадан тыс айналысуы, Ю. Швецов пен О. Булаштың айтуынша, бұл әлеуметтік-экономикалық дамудың тежеуішіне айналып отыр.
    Мемлекеттік функциялардың орындалуы құралдарды мемлекет пайдасына қайта бөлу тетігі арқылы қамтамасыз етіледі.
    Осының алғышарттары ретінде мемлекеттік қаражатты жұмсауға жоспарланған негізгі салалар анықталып, олардың қоғамдық қажеттіліктері маңыздылығына қарай қалыптастырылып бөлінеді.
    Мемлекет тарапынан тартылған қаржы ресурстарын жұмсау бағыттары оның орындайтын функцияларына сәйкес айқындалады. Демократиялық қоғамда мемлекет негізінен халықтың мүддесін білдіреді, ол қоғамдық пікірталастар барысында, соның ішінде өкілдік билік органдарында қалыптасады.
    Авторитарлық мемлекет өзінің өкілеттік аясын өзі анықтайды, соның ішіне тиісті қажеттіліккке жұмсалатын қаржы ресурстарының көлемі де енеді. Осы жерде, жалпы айтқанда, қоғамдық қажеттіліктермен мемлекеттің қажеттіліктері сәйкес келмейді, ал мемлекеттің қаржысы, әдеттегідей, ақша қатынастарының жиынтығы ретінде бұқара халықтың мүддесіне емес, керісінше, билеуші топтардың сұраныстарына жұмсалады. Бұл мемлекеттік аппарат пен шенеуніктерді «ұстау» шығындарын арттырып, экономиканы мемлекеттік реттеу тиімділігін төмендетіп, оның өсу қарқынын тежеп, халықты қайыршылыққа және т.б. әкеледі.
    Ю. Швецов пен О. Булаштың пікірінше, төрешілдік мемлекеттің экономикаға араласуының жетілдірілмеген, ең төменгі нұсқасы, яғни бұл қоғамдық ресурстарды тиімді пайдалану мен бөлуді қамтамасыз етуге оның қабілеті жоқ екендігін білдіреді. Оның үстіне қаражаттың елеулі бөлігі шенеуніктердің жеке басының мүддесін қанағаттандыруға жұмсалады.
    Аталған авторлар Ресей болмысының мысалдарына сүйене отырып, мемлекеттік номенкулатураның қызметінде орын алып отырған орасан көп олқылықтардың негізгі себебі ретінде шенеуніктердің жұмысында жіберген кемшіліктері мен мемлекеттің мүддесіне келтірген зияны үшін ешқандай жауапқа тартылмайтынын ашық айтады. Бұл мемлекет қызметінің тиімсіздігі мен оның демократиялық өзгерістер енгізуге бастамашылық ете алмай отырғанының тағы бір дәлелі болып табылады.
    Төрешілдік аппараттың мемлекетті тиімсіз басқаруы көптеген реформалардың нәтижесіздігінен-ақ белгілі болды. Кез келген мемлекеттік реформа атқарушы биліктің жұмысын тәртіпке келтіру мақсатында емес, оның құрылымының жұмыс істеуін қоғам мүддесі үшін жақсарту мақсатында жүргізілуі тиіс және бұл заңды және жеке тұлғаларға қатысты билік өкілеттіктерінің кеңеюі мен күшеюіне байланысты болмауы қажет.
    Сол себептен жүргізіліп отырған әкімшілік реформаның нәтижелерін бағалауды талдау жасалған және қайта бөлінген функциялардың санымен, әзірленген стандарттар мен регламенттердің тізбесімен, басқаруға жұмсалған шығындардың төмендеуімен және т.б. шектеуге болмайды. Осының барлығы реформа барысын сипаттағанымен, оның тиімділігін көрсетпейді [4; 146, 147, 151-беттер].
    Мұнымен келіспеуге болмайды. Бұған дәлел ретінде Қазақстанда осы күнге дейін іс жүзінде, бір жағынан, мемлекеттік органдар қызметін бағалау әдістері, екінші жағынан, мемлекеттік органдары қызметкерлерінің (персоналының) жұмысын бағалау әдістері мен әдістемесі әзірленбегенін ашып айтқан жөн.
    Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау тәжірибесі көрсеткендей, осындай әдістерді әзірлеудің негізгі қиындығы – мемлекеттік органдар арасындағы функцияларды неғұрлым айқын бөлу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің орны мен рөлін анықтау қажеттігіне келіп тіреледі.
    Қалыптасқан ұғымдарға сәйкес мемлекеттік функция дегеніміз – атқарушы мемлекеттік органның билік жүргізу өкілеттіктерін атқару немесе қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі түрде жүзеге асыратын қызметі.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету – мемлекеттік қызметтер көрсететін атқарушы билік органының: азаматтың немесе ұйымның өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру, не оларға нормативтік құқықтық актілермен жүктелген міндеттерді орындау мақсатында өтініш жасауына байланысты құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкелетін немесе құжатталған ақпаратты (құжатты) туындататын іс-әрекеттер жасауын және (немесе) шешімдер қабылдауын білдіретін қызметі.
    Е. Морозованың есептеуінше, мемлекеттік қызметтер көрсетудің елеулі белгісі оның атқарушы мемлекеттік билік органдарының өкілеттігіне жататындығынан туындайды. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді қаржыландыру орталық және жергілікті бюджеттер есебінен іске асырылады.
    Сондықтан ол мемлекеттік қызметтер көрсету ұғымын тиісті бюджет есебінен қаржыландырылатын құзыретті атқарушы мемлекеттік билік органдарының құқық қолдану қызметі ретінде нақтылайды, ал бұл қызметке жеке немесе заңды тұлға өзінің құқығын немесе заңды мүддесін іске асыру жөнінде, сондай-ақ өзінің міндеттерін орындау жөнінде бастамашылық етеді [5].
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мен мемлекеттік функция мемлекет пен қоғамның өзара іс-әрекеттер жасау процестерін білдіреді, олардың негізгі айырмашылығы – іс-әрекеттің бастамашысына байланысты орын алады:
    1) егер іс-әрекет бастамашысы билік органы болса (мәселен, бақылау тексерісін жүргізу, қайсібір жалпы тарифтердің есебін жасау және т.б.), онда өзара іс-әрекет жасау мемлекеттік функция ретінде сипатталады;
    2) егер іс-әрекет бастамашысы азамат немесе ұйым болса (мәселен, төлқұжат алу, өз қызметін лицензиялау, жеке тарифтің есебін жасау, жоғалған құжаттың көшірмесін (дубликатын) алу, БАҚ үшін сауал жасау), онда өзара іс-әрекет жасау мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
    Осы зерттеу жұмысы үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процестеріне байланысты ұғымдарды анықтап алу қажет [5].
    Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары – мемлекеттік қызметті тұтынушының мүддесі үшін аталған мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының, құрамы мен нәтижесінің сипаттамасын қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, орындалуға міндетті қағидалар.
    Мемлекеттік қызметті көрсетудің әкімшілік регламенті – мемлекеттік қызметті тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуді сапалы және жылдам қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің (әкімшілік рәсімдердің) мерзімі мен дәйектілігін айқындайтын атқарушы билік органының нормативтік құқықтық акті.
    Әкімшілік рәсім дегеніміз – бұл атқарушы билік органының мемлекеттік функцияны орындау немесе мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі іс-әрекеттерінің дәйектілігі.
    Қалыптасқан көзқарастарға сәйкес мемлекеттік қызметті тұтынушыны қанағаттандыратын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылы ұсынылуы әкімшілік рәсімді құрайтын әкімшілік іс-әрекеттердің санына байланысты.
    Сондықтан әкімшілік реформалар шеңберіндегі барлық әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік іс-әрекеттер санының артықшылығы мен бірін-бірі қайталау тұрғысынан тексерілуі керек, оған функционалдық талдау жасау арқылы қол жеткізіледі.
    Осы уақытқа дейін ғылыми еңбектерде мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік қызметтер көрсетудің арақатынасы туралы пікірталастар орын алатыны туралы айта кеткен жөн. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтер көрсетудің мәні туралы сұрақтың маңызы зор. Мәселен, «мемлекеттік қызмет көрсету дегеніміз мемлекеттік функцияға жатады ма, немесе ол мемлекеттік органның өкілеттігіне кіреді ме, немесе отандық заңнамаға белгісіз басқа бірдеңе ме?», – деген сауалдар туындайды.
    «Мемлекеттің қызметтер көрсету» термині басқару тәжірибесі мен заңнамаға жақын арада ғана ене бастаған жаңа термин. Дегенмен «мемлекеттік қызметтер көрсету» ұғымы бұрын да қолданыста болған. Шындығын айтсақ, кез келген қоғамда әлеуметтік маңызы бар мүдделер қалыптасады, оларды қанағаттандыру міндетін мемлекет өзіне алады.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мемлекеттің көпшілікпен жұмыс жасайтын функцияларына тікелей байланысты, мемлекеттік құрылымдардың халыққа қызмет көрсетуі осы функцияларға негізделіп, солардан шығады.
    Бірақ бұл тұжырымды нақтылай түскен жөн, өйткені мемлекеттік қызмет көрсету кез келген мемлекеттік функцияға негізделе алмайды. Мәселен, әміршіл-өкімшіл өкілеттіктермен мемлекеттік қызмет көрсету сиыса алмайды. Бұл жекелеген сарапшылардың пікірі бойынша, көпшілікпен жұмыс істеу функциясының, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тағы бір ерекшелігі болып табылады.
    Осы тұрғыдан мемлекеттік функцияларды мынадай екі үлкен топқа бөлуге болады:
    1) мемлекеттік қызметтер көрсетуге жол беретін және түпкілікті тұтынушыға – азаматқа немесе заңды тұлғаға бағдарланған мемлекеттік функциялар;
    2) мемлекеттік қызметтер көрсетумен байланысты емес мемлекеттік функциялар [6].
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мен мемлекеттік функция мемлекет пен қоғамның өзара іс-әрекеттер жасау процестерін білдіреді, олардың негізгі айырмашылығы – іс-әрекеттің бастамашысына байланысты орын алады:
    1) егер іс-әрекет бастамашысы билік органы болса (мәселен, бақылау тексерісін жүргізу, қайсібір жалпы тарифтердің есебін жасау және т.б.), онда өзара іс-әрекет жасау мемлекеттік функция ретінде сипатталады;
    2) егер іс-әрекет бастамашысы азамат немесе ұйым болса (мәселен, төлқұжат алу, өз қызметін лицензиялау, жеке тарифтің есебін жасау, жоғалған құжаттың көшірмесін (дубликатын) алу, БАҚ үшін сауал жасау), онда өзара іс-әрекет жасау мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мемлекеттің көпшілікпен жұмыс жасайтын функцияларына тікелей байланысты, мемлекеттік құрылымдардың халыққа қызмет көрсетуі осы функцияларға негізделіп, солардан шығады.
    Бірақ бұл тұжырымды нақтылай түскен жөн, өйткені мемлекеттік қызмет көрсету кез келген мемлекеттік функцияға негізделе алмайды. Мәселен, әміршіл-өкімшіл өкілеттіктермен мемлекеттік қызмет көрсету сиыса алмайды. Бұл жекелеген сарапшылардың пікірі бойынша, көпшілікпен жұмыс істеу функциясының, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тағы бір ерекшелігі болып табылады.
    Осы тұрғыдан мемлекеттік функцияларды мынадай екі үлкен топқа бөлуге болады:
    1) мемлекеттік қызметтер көрсетуге жол беретін және түпкілікті тұтынушыға – азаматқа немесе заңды тұлғаға бағдарланған мемлекеттік функциялар;
    2) мемлекеттік қызметтер көрсетумен байланысты емес мемлекеттік функциялар [7].

    1 сурет – Көрсетілетін қызметтердің жіктелуі


    Мемлекеттік қызмет көрсетуге жасалған өтініштің себебіне қарай олардың түрлерін еріксіз және ерікті көрсетілген қызметтер деп бөлуге болады. Еріксіз жасалған өтініш бойынша екі жағдайда ғана мемлекеттік қызмет тегін көрсетілуі тиіс, бұған құқықтық маңызы бар іс-әрекеттерді орындайтын және ол үшін мемлекеттік баж төленетін қызмет көрсету жатпайды.


    Соңғы онжылдықта болған оқиғалар еліміздегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды түбегейлі өзгертіп жіберді. Экономикада орын алған өзгерістер мемлекеттің әлеуметтік функциясының мақсаты, басымдықтары және іске асырылу әдістері туралы біздің көзқарастарымызды да өзгертті. Қазіргі жағдайда мемлекеттің негізгі міндеті қоғамға билік қолданып әсер ету емес, оған тиісті қызмет көрсету болып отыр.
    Мемлекеттің азаматтарға қызмет көрсету үшін құрылғанын, оның әрекет жасауының негізгі мақсаты – азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру екенін мойындау адам құқықтарының мемлекеттік билік қызметінің мәні мен мазмұнын айқындайтын ең жоғарғы құндылық ретіндегі басымдығын қамтамасыз етеді.
    Көпшілікке қызмет көрсету жеке адамның мүддесін қанағаттандыру қоғамдық мүддені қанағаттандырумен бірдей немесе одан жоғары болғанда ғана орын алады. Бұл санат өзіне жеке адамның, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді жинақтап қамти отырып, адамның, қоғам мен мемлекеттің диалектикалық тұтастығына негізделеді. Көпшілікке қызмет көрсетудің қазіргі заманғы ұғымы мемлекеттік билік атынан жалпы қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің барлығын қамтиды. Көпшілікке қызмет көрсету қазіргі заманғы әлеуметтік мемлекеттің функциясы ретінде қаралуы тиіс.
    Көпшілікке қызмет көрсетуді, бір жағынан – мемлекет не мемлекеттің қамқорлығындағы өзге де құрылымдар, екінші жағынан – азаматтар не заңды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынас ретінде анықтауға болады. Бұл ретте оның ерекше белгілері мыналар болып табылады:

    • бұл әрдайым адамның қоғамдық мүддеден туындайтын қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы немесе қызмет;

    • тұтынушылық құндылығы бар, бірақ материалдық жағынан айқындалмаған, белгілі бір нәтиженің болуы.

    Жоғарыда баяндалған сипаттамаларды жинақтау негізінде көпшілікке қызмет көрсетудің мынадай құқықтық ұғымын тұжырымдауға болады: көпшілікке қызмет көрсету дегеніміз – құқықтық нормаларда айқындалған, мемлекеттің кепілдігін алған, оған бастамашылық етуші жеке немесе заңды тұлғаның құқығы мен заңды мүдделерін, сондай-ақ олардың кейбір міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған нысаналы қызмет.
    Е. Морозованың пікірі бойынша, іс жүзінде және теориямен айналысып жүргендердің арасында, бір жағынан – көпшілікке қызмет көрсетудің, бюджеттік және коммерциялық қызметтер көрсетудің аражігін ашып, арақатынасын белгілеу, екінші жағынан – мемлекеттік қызметтер көрсету мен мемлекеттік функциялардың аражігін ашу соншалықты қиынға түсуде. Азаматтық заңнамамен реттелетін коммерциялық қызметтер көрсету мен көпшілікке қызмет көрсету қатар бағынатын ұғымдар, олар «қызмет көрсету» деген тектік ұғымға жатады.
    Бюджеттік қызметке мынадай белгілер тән: орталық, өңірлік, муниципиалдық бюджеттің немесе мемлекеттік бюджеттен тыс қор бюджетінің есебінен қаржыландыру; заңмен, өзге де нормативтік-құқықтық актімен, шартпен немесе келісіммен белгіленген көпшіліктік-құқықтық құрылымның міндеті болуы. Бюджеттік қызметтер көрсету, тектік ұғым түр-тұқым санатына жататындай, мемлекеттік қызметтер көрсетуге жатады.
    Мемлекеттік қызметтер көрсетудің барлығы мемлекеттік функциялар болып табылады, өйткені олардың барлығы белгілі бір деңгейдегі биліктің өкілеттіктерімен белгіленеді және мемлекеттік органның құзыретіне кіреді, бірақ мемлекеттік функциялардың барлығы бірдей мемлекеттік қызметтер көрсетуге жатпайды.
    Соңғысы мемлекеттік органның ерекше қызметі болып табылады. Мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер көрсету – бір-бірімен қиылысатын ұғымдар, олардың құрылымдары ішінара бір-бірімен араласып жатады. Сол себептен кейбір әлеуметтік қызметтер көрсету мемлекеттік қызметтер көрсетуге жатса, керісінше, кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету әлеуметтік сипаттағы қызметтік көрсету болып табылады.
    Көпшілікке қызметтер көрсетуді реттейтін заңнаманың жағдайы құқықтық нормалардың бытыраңқылығымен және қайталануымен, көпшілікке қызметтер көрсетудің біртекті түрлері мен талаптарын құқықтық реттеудегі айырмашылықтармен, реттеудегі олқылықтардың көптігімен және реттеуге бірыңғай тәсілдің қолданбауымен сипатталады. Мұндай құқықтық реттеудің мақсаты – жеке тұлғаның (қызмет көрсетілетін) және көпшіліктің (көпшілікке көрсетілетін қызметтермен қанағаттануға мүдделі әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғамның) мүддесін қанағаттандыруда балансқа (тепе-теңдікке) қол жеткізу. Мемлекет мұндай жағдайда көпшілікке қызметтер көрсету жүйесінің ұйымдастырушысы және реттеушісі рөлін атқарады.
    Көпшілікке қызметтер көрсетуді реттейтін заңнаманы жетілдіру бытыраңқы құқық нормаларының олқылықтарын жойып, оларды жүйелеу аясына жатады [8].
    Мемлекеттік, көпшілікке және әлеуметтік қызметтер көрсету ұғымдарын шатастыру дұрыс болмайды, өйткені олардың мағынасы әртүрлі және көрсетілетін қызметтерді әр жақтан сипаттайды. Субъектінің мемлекеттік қызмет көрсетуінің ерекше белгісіне мемлекеттік органдар жатады. Алайда, осы ретте, А. Нестеровтың пікірі бойынша, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын мемлекеттік қызмет көрсететін субъектілеріне жатқызуға болмайды. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тек қана мемлекеттік билік органдары орындай алады деген уәж айтқанда мемлекеттік қызмет көрсетудің мемлекеттік қызмет түрлерінің бірі екендігі, демек, мемлекеттік билік органдарының ажырамас қасиеті екендігі негізге алынады.
    Алайда, функция ұғым ретінде кейбір өнімдерді өндіру қабілетін сипаттайтын элементтер сыныбының қасиетін білдіреді. Ал мемлекеттік билік органының функциясы оған нормативтік құқықтық актіге сәйкес берілген функция болып табылады, сондықтан оны басқа субъектілерге де беруге болады.
    Осыған байланысты, егер жергілікті мемлекеттік органдар көрсететін қызметтер заңнамамен белгіленсе, оларды мемлекеттік қызметтер көрсетуге жатқызуға болады. Алайда, оларды бірден заңды қызметтер көрсету деп атаған жөн (қызмет көрсетушілер үшін міндетті болып табылатын, заңға сәйкес көрсетілетін қызметтер).
    Жекелеген сарапшылардың есептеуінше, көпшілікке көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік органдармен қатар басқа билік органдары да, сондай-ақ мемлекеттік емес құрылымдар да көрсете алады. Ең бастысы, көпшілікке қызметтер көрсету арқылы қоғамдық мүдде қанағаттандырылады. А. Несторовтың пікірінше, көпшілікке қызметтер көрсетудің ерекшелігі ретінде олардың мемлекет белгілеген регламенттері болуы тиіс және олардың көрсетілуіне мемлекеттік қадағалау жасалуы керек. Л. Терещенконың есептеуінше, егер көпшілікке қызметтер көрсеткісі келген субъектілер болмаса, онда көпшілікке қызметтер көрсету мемлекет үшін, немесе басқа билік үшін міндетті болып табылады [9].
    А. Шаститко көпшілікке қызметтер көрсету тақырыбын, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру міндеттеріне сүйене отырып, қарауды ұсынады. Осыған байланысты оның берген анықтамасы бойынша, көпшіліке қызметтер көрсету – мемлекеттік билік және басқару органдары азаматтар мен ұйымдарға (жеке және заңды тұлғаларға), әдетте, нақты қызметтер нысанында көрсететін жекелеген (дараланған) игіліктер. Қысқаша айтқанда, бұл игіліктерді мемлекеттік билік және басқару органдары көпшілікке көрсететін қызметтер деп атау келісілген.
    Бұдан әрі ол эмпирикалық және теориялық тәсілдерге сәйкес бұл анықтаманы екіге бөліп, оған түзетулер енгізді. Бірінші тәсіл шеңберінде көпшілікке қызметтер көрсету деп атқарушы билік органдары мен олардың мекемелері (билік ету функцияларын орындауға байланысты) азаматтармен тікелей өзара әрекет жасаған кезде көрсететін қызметтері аталады.
    Екінші тәсіл бойынша, көпшілікке қызметтер көрсету деп ол жекелеген игіліктер қасиеттеріне ие, бірақ жекелеген тұлғалардың меншік құқықтарының ерекшелігімен және оларды қорғаумен байланысты көрсетілетін қызметтерді атайды. Оның айтуынша, экономикалық тұрғыдан мемлекет қоғамдық игіліктер болып табылатын қызметтерді көрсетеді. Құқықтық тұрғыдан игіліктер қызмет көрсету санатына жатпайды, өйткені уәде ретінде жасалған қоғамдық шарт көрсетілетін қызметтер орындалмай қалған жағдайда құқықтық тұрғыдан жарамсыз болып қалады. Осыған байланысты қоғамдық және жеке игіліктердің өндірістік процесінің технологиялық бөлінушілігі туралы мәселе көтеріледі. Бұдан әрі ол көрсеткендей, көпшілікке қызметтер көрсету тізбесін айқындау көптеген қажетті мемлекеттік функцияларды сәйкестендірудің және артық функцияларды, демек көрсетілетін қызметтерді де айырып алудың салдары болып табылады.
    Л. Терещенко әлеуметтік қызметтер көрсетуге белгілі бір қызмет саласында, атап айтқанда, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, ғылым саласында іске асырылатын қызметтер көрсетуді жатқызады. Олар көпшілікке қызмет көрсетумен тығыз байланысты, өйткені көпшілікке қызмет көрсетудің қасиетін олар да қамтыған. Әлеуметтік қызметтер көрсетуді кез келген субъект жүргізе алады.
    Осы ретте автор мемлекеттің көпшілікке әлеуметтік қызмет көрсете алатыны, ал мемлекеттік қызметтер көрсету мемлекеттің көпшілікпен жұмыс істеу функцияларына байланысты екендігі және содан шығатыны жайлы айтады. Мемлекеттік және мемлекеттік емес көпшілікке қызметтер көрсетудің арақатынасы туралы айта келе, ол көпшілікке қызметтер көрсетуді белгілі жағдайларда мемлекеттік емес секторға толық беруге болады деп есептейді [10].
    Ю. Тихомиров көпшілікке қызмет көрсету деп басқа тұлғалардың қажеттіліктері мен құқығын қамтамасыз ету үшін өкілетті субъектінің азаматтар мен атқарған іс-әрекеттерін атайды. Мемлекеттік қызметшілер үшін бұл олардың өз құзыреті шегінде азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі міндетін білдіреді. Ол қызметтер көрсетуді мемлекеттік, муниципалдық, әлеуметтік және жеке меншіктік қызметтер көрсету сияқты түрлерге бөледі. Бұған қоса, ол көпшілікке қызметтер көрсетудің адресаттарын бөліп көрсетеді. Бұған, мәселен, экологиялық ақпарат алған кездегі бүкіл халықты; немесе азаматтардың әртүрлі санаттарын, мәселен, зейнеткерлерді; немесе нақты азаматтар мен заңды тұлғаларды; немесе мемлекеттік және муниципалдық органдарды жатқызуға болады. Ю. Тихомировтың айқындауынша, қызмет көрсету түрлерінің анық тұрпаттамасы болмай, клиенттерге ақы төлеттіру үшін жалған қызмет көрсету орын алған жағдайда, қызметтер көрсетудің ресурстық жағынан қамтамасыз етілуін және оларды көрсету тәртібін жетілдіру жөнінде жүйелі түрде күш салу керек болады [11].
    Мемлекеттік қызмет көрсету ретінде азаматтар мен ұйымдардың олардың құқықтарын мойындау, белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайда және тәртіппен осы құқықтарын іске асыру үшін материалдық және қаржылай қаражат алу, немесе оларға атқарушы мемлекеттік билік органының құзыретіне кіретін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тізіліміне енгізілген мәселелер бойынша ақпарат беру туралы сауалдары мен талаптарын орындау жөніндегі қызметін есептеу ұсынылады.
    Сөйтіп, А. Нестеровтың пікірі бойынша, мемлекеттік қызметтер көрсету, қызмет көрсетудің басқа да түрлері сияқты, құқықтық маңызы бар іс-әрекеттердің, соның ішінде материалдық (заттық) және ақпараттық іс-әрекеттердің сипатына ие болуы ықтимал [12].
    Көріп отырғанымыздай, мемлекеттік қызметтер көрсетуді көптеген сарапшылар мемлекеттік функциялар тізіліміне енгізеді. Осы санаттар арасында қызметтер көрсетудің тағы бір түрі «көпшілікке қызмет көрсету» пайда болып, ол мемлекеттік басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызметтер көрсетудің орны мен рөлінің көрінісін шамалы болса да жырмалайды.
    Е. Александровичтың айтуынша, «мемлекеттік қызметтер көрсету» терминінен басқа «көпшілікке қызметтер көрсету» терминін, сондай-ақ «әлеуметтік қызметтер көрсету» ұғымын жиі кездестіруге болады. Осы ретте, барлық жерлерде дерлік (әсіресе аударма басылымдарында) аталған терминдердің бір мағынада қолданылатын кездері кездеседі. Соның нәтижесінде, жаңадан енгізіліп отырған терминдердің бірі болып отырған «мемлекеттік қызметтер көрсету» ұғымының мағынасы тарылып, мемлекеттік, әлеуметтік және көпшілікке қызметтер көрсету ұғымдарының аражігін ашуда қиындықтар пайда болады [13].
    Екінші жағынан, Е. Морозоваға сілтеме жасасақ, ол, атап айтқанда, ресейлік заңнамада «мемлекеттік қызметтер көрсету» терминінің қалай пайдаланатынына және тікелей құқық нормаларын қамтитын нормаларда осы терминді қолданған кезде қандай ой-пікірлердің тұспалданатынына талдау жасайды.
    Құқық әлеуметтік болмыстың кешенді құбылысы ретінде сайма-сайлық (адекваттық) уақыт режимінде бүкіл қоғам үшін және қоғамның әрбір мүшесі үшін өзекті әрі маңызды болып табылатынның барлығын әрдайым қамтып, көрсете алмайды. «Мемлекеттік қызметтер көрсету» тұжырымы нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерінде жиі кездесетініне қарамастан, оған сілтеме жасау оның мәні және нақты нені білдіретіні туралы ұғымды айқын ашып көрсетпейді. Заң шығарушы бұл терминді өз қалауы бойынша қолданып, оған белгілі бір құқықтық мағына жүктемейді.
    Кейде нормативтік актілерде мемлекеттік қызметтер көрсету туралы сөз болып отырса да, оларға нақты сілтеме жасалмайды. Заң шығарушы, нормативтік актілерде осы терминді қолдана отырып, оны түсіндірмейді немесе оның осы нормативтік құықтық актінің өзімен реттелетін құқықтық қатынастарға ғана қатысты анықтамасын келтіреді. Сол себептен қарап отырған санаттың тек казуальдық (кездейсоқтық) түсіндірмесін ғана кездестіруге болады.
    Тұтастай алғанда, «мемлекеттік қызметтер көрсету» санатына (категориясына) жүргізілген зерттеулер оның әртүрлі ғылыми еңбектерде әртүрлі мағынада қолданылатынын дәлелдейді, бұл талдау жасалып отырған ұғымның заңнамадағы қалыптасу тағдырын қайталайтынын көрсетеді. Сонымен бірге, сол құқықтық құбылысты «мемлекеттік қызметтер көрсету» деп атау барлығымен сөзсіз келісілгенін жоққа шығаруға болмайды. Алайда, заң ғылымында мемлекеттік қызметтер көрсетудің имманенттік белгілерін айқындау жөнінде нақты міндет қойылған жоқ, бұл ұғымдық аппаратты қалыптастыру жолында елеулі олқылық және үлкен кедергі болды [14].
    Осы жұмыстың 1.2-бөлімшесінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің әлеуметтік аспектілерін қараған кезде нормативтік-құқықтық саласы мен басқару теориясына «қоғамдық қызметтер көрсету» санатының енгізіліп отырғанын айта кетуді қажет деп есептедік.
    Осының барлығы «мемлекеттік қызмет көрсету» санатын мемлекеттік функциялардың экономикалық және әлеуметтік аспетілері тұрғысынан ерекше назар аударып саралауды қажет етеді. «Кез келген қоғамдағы мемлекеттің экономикалық рөлі нақты функциялардың жиынтығы арқылы іске асырылады», – деген Н. Антонованың пікірімен келіспеуге болмайды. Мемлекеттің рөлі мен орындайтын функциялары мемлекет пен экономиканың өзара қарым-қатынастарының әртүрлі үлгілерінде ғана әртүрлі болып қоймай, сонымен бірге әртүрлі мемлекеттердің әртүрлі нақты-тарихи жағдайларында қалыптасқан бір үлгінің шеберінде де әртүрлі болады.
    Бұдан басқа, мемлекеттің экономикалық рөлі мен орындайтын функциялары экономикасы жоғары дамыған мемлекеттерде және экономикасы ауыспалы сипаттағы мемлекеттерде бірдей болуы мүмкін емес. Мұндай айырмашылықтар, әдетте, көптеген объективті және тарихи тұрғыдағы факторлармен, сондай-ақ осы қоғамға тән дәстүрлер мен ұстанымдардың әсерімен негізделеді [15, 45-бет].
    Қоғамның экономикалық өмірін ұйымдастырудағы мемлекеттің рөлі мен орнын әртүрлі түсініп, талай пікірталастың туындау себебі экономикалық шараларды қолдануда және мемлекеттік бағдарламаларды қабылдауда орын алған кемшіліктерге келіп тіреледі.
    Жалпы алғанда, мемлекеттің экономикадағы және әлеуметтік саладағы рөлін қайта қарау логикасы «экономиканың өрлеу негізі» болып табылатын мемлекеттен – «экономикалық катализаторға» айналған мемлекетке, «әлеуметтік» мемлекеттен – «тиімді мемлекетке» көшу стратегиясымен айқындалады. Зерттеушілердің біреулері экономикаға жаңа серпін беру ниетімен белсенді өнеркәсіптік саясат ұсынуда. Екіншілері, керісінше, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде экономикалық өсу қарқынын жеделдетудің орнына дағдарыстың жаңа фазасына ұшырауымыз мүмкін деп даурығуда.
    Мемлекеттік реттеу, егер ол дұрыс даму жолына бағдарланса, экономикалық және әлеуметтік тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге мемлекеттің рөлін асыра бағалап, оның экономикаға араласуының күшеюін осы саланың үздіксіз әрі тұрақты дамуымен байланыстырған да қате болар еді.
    Мемлекеттің рөлін мұндай артық бағалау, ақыры орындалмайтын қиялға айналып кетуі ықтимал болғандықтан, соңғы кезде бұл ұстаным қатты сынға ұшыруда.
    Аталған көзқарасқа ұқсас жаңылыстарға мыналар жатады:

    • мемлекеттің іс-әрекеттерінің уәжі қоғамның әл-ауқатын арттыру болып табылады, ал орталық билік өкілдері жеке басының жағдайын жақсарту үшін пайда табуға тырыспайды. Соңғы онжылдықтардағы әлемдік тәжірибе, жүргізілген көптеген зерттеулер және жариялымдар мұндай жорамалдардың негізсіз екендігін көрсетті.

    • мемлекеттік реттеу процесі ұтымды және ашық болып табылады, бұл әртүрлі деңгейлердегі – үкіметтің, ведомстволардың және мемлекеттік кәсіпорындардың бір-біріне қарама-қайшы келетін, өзара байланысты емес шешімдері мен стратегияларын қабылдау мүмкіндігін болдырмайды. Іс жүзінде бұл саланың ішіндегі іс-әрекеттердің қайшылықтары мен келіспеушілігі өте зор;

    • мемлекет әкімшілік аппараты арқылы өзінің экономикалық саясатының толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз ете алады. Алайда фактілер сыбайлас жемқорлықтың жайылуын және шенеуніктердің көптеген жағдайда өз пайдасын немесе саяси уәждерді және т.б. негізге ала отырып, заңсыз іс-әрекеттерге баруын дәлелдеп отыр [16; 48, 50, 51-беттер].

    Мемлекеттік қызметтер көрсетудің экономикалық санат ретіндегі тақырыпты дамыту мақсатында Е. Александровичтің пікіріне сілтеме жасауға болады, оның ойынша, қазіргі заманғы экономикалық ғылымның негізгі мәселесі өндіріс факторлары мен тұтыну игіліктеріне жататын шектеулі ресурстарды пайдалану бағыттарын таңдау проблемасы болып табылады. Осы ретте өндірістік прооцесс түпкілікті нәтижелердің нысандары бойынша екі құрамдас бөлікке: материалдық игіліктер өндірісі мен материалдық емес қызметтер көрсету өндірісіне бөлінеді. Бірінші жағдайда қызметтің нақты нәтижесі ретінде тауар шығарылады, екінші жағдайда көрсетілген қызмет тауар ретінде кәдеге асады.
    Қызмет көрсету еңбекпен шұғылданатын шаруашылық қызметіне жатады, оның нәтижесі адамның, ұйымның немесе қоғамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын пайдалы нәрсеге айналады.
    ХХ ғасырдың басына дейін ғалымдар қоғамдастығы қызметтер көрсету саласын өндірістік саладан алып тастаған болатын. Мәселен, экономикалық ғылымның негізін қалаушылардың бірі А. Смит қоғамның байлығы тек қана өндіргіш еңбекпен келеді, яғни материалдық игіліктерді өндіру жұмысымен келеді деген. Осы ретте өндіргіш емес әрекеттерге нәтижесінде ештеңе өндірілмейтін, жаңа ештеңе шығарылмайтын, тек қана бұрын құрылған қоғамдық байлық тұтынылатын және қайта бөлінетін әрекеттер жатқызылатын. Бұған діни қызметкерлер, заңгерлер, дәрігерлер, жазушылар, актерлер, музыканттар, опералық әншілер, бишілер және т.б. мамандардың көрсететін қызметтері жатқызылды [17, 279-бет].
    Кейінгі кезеңге дейін қызметтер көрсету саласына осындай көзқарас марксистік саяси экономикада да сақталды, соңында кеңестік статистикада да орын алды. Алайда ХІХ ғасырдың өзінде кейбір дамыған мемлекеттерде қызметтер көрсету саласында материалдық өндіріс саласындағыдай тауарлар өндірілмесе де, онда материалдық өндірістің негізін қалайтын жағдайлар жасалады деген түсінік пайда болды. Тәжірибе көрсеткендей, нақ осындай көзқарас экономикалық және әлеуметтік даму процестеріне негіз болды.
    Е. Александровичтің пікірінше, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті тұтынушының жағдайының өзгеруінен, сондай-ақ көрсетілген қызметтің (оның үлесін ескере отырып) нысаналы бағдарламаларға (щеңберінде қызмет көсетілетін) салынған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге тигізген әсерінен туындайды [18].
    Мемлекеттік қызмет көрсетудің мағынасының басты айырмашылығы орталық және өңірлік деңгейлерде ақшалай қаражат қорларын құру және пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастардың орын алуына байланысты көрсетілетін қызметті жеткізуші мен тұтынушның өзара қарым-қатынастарындағы экономикалық қатынастардың қиындауы болып табылады.
    Сөйтіп, мемлекеттік қызметтер көрсету басқарудың ерекше прициптері мен қағидаларын қажет ететін, өзгерілімді құрылым мен доминанттық субъектілерден тұратын, көп деңгейлі қатынастар болып табылады.
    Құрамының елеулі бөлігі мемлекеттік қызметтер көрсетумен сипатталатын, қоғамдық игіліктердің мәнін ескере отырып, өндіргіш функциясын жүзеге асыру барысында мемлекеттік қызметтер көрсету секторының нарықтық кеңістікпен бірігуі (интеграциясы) жүргізіледі.
    Қазіргі уақытта нарықтық кеңістіктің теңсалмақты жағдайлары мен оларға қол жеткізу құралдарын іздестірумен айналысатын соншалықты жеткілікті мөлшердегі теориялар орын алған. Мәселен, синергетиканың тұрғысынан нарықтық кеңістік көптеген өзара іс-әрекет жасаушы және өзара байланыстағы элементтердің жүйесі ретінде айқындалады. Осы ретте тепе-теңдік жағдайының әртүрлі анықтамасы орын алған – тұрақты және тұрақсыз тепе-теңдік, тұрақты тепе-теңсіздік, тепе-теңдіктен алыс жағдай және хаос (түпсіз тұңғиық) – тепе-теңдіктен толық айырылу. Осы ретте аталған жүйенің осы жағдайларының әрқайсысы жасырын түрде жүйенің даму перспективаларын, бағыттары мен тәсілдерін қамтиды.
    Е. Александрович айтқандай, аталған нарықтық кеңістікте мемлекет флуктациондық ықпал ету мүмкіндігіне ие болып отыр, яғни белгілі бір нүктелерге шамалы әсер ету арқылы жүйенің жағдайын өзгерте алады. Мемлекеттің нақ осы бағытта жұмыс істеуінде мемлекеттік қызметтер көрсету неғұрлым үлкен рөл атқаруда.
    Қазіргі жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету секторының қалыптасуы мемлекеттің дамуының басты бағытына айналу негізінде тиісті дәрежедегі сапалы әрі кең көлемді мемлекеттік қызметтер көрсету бірте-бірте мемлекеттік басқарудың негізгі мазмұнына айналып отыр, бұл нарықтық кеңістікпен тығыз интеграция жасауға мүмкіндік береді [19].
    Е. Морозованың пікірі бойынша, әртүрлі мемлекеттік қызметтер көрсетуді экономиканы мемлекеттік реттеудің жанама да, тура да әдістеріне жатқызуға болады. Адресат үшін міндетті болып табылатын және тура ұйғарымды қамтитын, құқық қолдану актін қабылдауды білдіретін, мемлекеттік органның реттелетін қатынастарға тікелей әсер етуін сипаттайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді мемлекеттік реттеудің тура әдістеріне (мәселен, кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау және т.б.) жатқызу керек.
    Мемлекеттік реттеудің жанама әдістеріне экономикалық қатынас субъектілерін жанама түрде, тура биліктің ықпалынсыз, экономикалық мүдде арқылы уәждемелеу жатады. Мәселен, әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттің әлеуметтік функциясын орындаудан басқа, әлемдік қаржы дағдарысы кезінде нарықтың төлемге қабілетті сұранысын қолдау бойынша экономиканы мемлекеттік реттеудің жанама әдісіне айналады.
    Алайда, мемлекеттік қызметтер көрсетудің барлығы бірдей экономиканы реттеуге бағытталмайтынын айта кеткен жөн. Мемлекеттік органның функциясына жататын мемлекеттік қызметтер көрсету мемлекеттің экономикалық функцияларын орындап қана қоймай, оның әлеуметтік, қорғаушылық, саяси және тағы басқа да функцияларын атқарады. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтер көрсетудің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру жағдайына және экономиканың жалпы бәсекеге қабілеттігіне реттеуші ықпалын ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуді экономиканы мемлекеттік реттеу тұрғысынан дербес зерделеудің практикалық және теориялық маңызы зор.
    Экономикалық тұрғыдан «мемлекеттік қызмет көрсету» санатының (категориясының) қазіргі заманғы ұғымы жоғарыда баяндалған тұжырымдармен неғұрлым айқындала түседі – оның бұрынғы саяси экономика ғылымында орын алған түсініктен де мазмұны зор болып, күннен күнге өндіргіш факторға айналуда.
    Біздің пікірімізше, экономикалық нәтижеге нақты экономиканың мемлекеттік және жеке секторларының субъектілеріне оң әсер ету негізінде, сондай-ақ адами фактордың белсенділігінің неғұрлым артуы және соның арқасында қоғамдық еңбек өнімділігінің артуы есебінен қол жеткізіледі. Соңғысы мемлекеттік қызметтер көрсетудің әлеуметтік аспектілеріне неғғұрлым сындарлы қарау міндетін қояды.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет