Тулаганов Анвар Балтабаевич мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігінің нысаналы көрсеткіштерін басқару 6D051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару Phd докторы дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



бет4/24
Дата19.05.2022
өлшемі0.57 Mb.
#457682
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Ануар - диссертация откорректированная

Диссертацияның зерттеу объектісі – мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қол жетімділігінің нысаналы көрсеткіштері.
Зерттеу нысанасы – мемлекеттік қызметтер көрсетудің нысаналы көрсеткіштерін басқару мәселелері, оларды бағалау әдістері мен реттеу қағидаттары.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық және ақпараттық базасы – корпоративтік басқару әдістерін іске асыру жөніндегі шаралар жүйесінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің нысаналы көрсеткіштерін қалыптастыру теориясы мен практикасы саласындағы шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері, мемлекеттік қызметті басқару, жоспарлау және жаңғырту саласындағы отандық заңнамалық базасының ережелері.
Зерттеуді орындау барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің, ҚР Статистика агенттігінің, Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің материалдары, сондай-ақ автордың өз басының жарық көрген еңбектері пайдаланылды.
Жұмысты орындау барысында статистикалық және басқа да ақпаратты талдау және саралау әдістері, регрессивті талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мынадай нәтижелермен сипатталады:

  • мемлекеттің аса маңызды функциясы ретінде «мемлекеттік қызмет көрсету» санатының экономикалық және әлеуметтік аспектілері тиянақты зерттелді;

  • әкімшілік реформаны іске асыру процесіне авторлық талдау жүргізіліп, мемлекеттік қызметтер көрсету факторын толық есепке алу бойынша ұсыныстар жасалды;

  • жүйелік қойылым бойынша мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын басқару процестерінде өзара байланыс жасау кестесі ұсынылды;

  • стандарттар негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтер көрсетуді бағалау әдістемесі мен үлгілері ұсынылды;

  • мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалауға талдау жүргізілді;

  • қолданбалы маңызы бар ұсынымдар әзірленді.

Қорғауға ұсынылып отырған негізгі ережелер:

  • мемлекеттің басқару функциялары жүйесіндегі, мемлекеттік органдардың стратегиялық даму жоспарларындағы мемлекеттік қызметтер көрсетудің орны мен рөлі жөніндегі автордың көзқарасы;

  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының нысаналы көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі ұсынымдар;

  • мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қол жетімділігін бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;

  • мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарымен қамтамасыз ету кестесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет