Тулаганов Анвар Балтабаевич мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігінің нысаналы көрсеткіштерін басқару 6D051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару Phd докторы дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



бет13/24
Дата19.05.2022
өлшемі0.57 Mb.
#457682
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Ануар - диссертация откорректированная

Рет


Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

1.

Тізілімнің аумақтық органының аумақтық бөлімінде немесе алдын ала жасалған тізім бойынша қабылданған өтініш білдірушілердің үлесі

%

2.

Жылжымайтын мүлікке және олармен мәмілелер жасау құқықтарын тіркеу органдарына тізілімнің аумақтық органының аумақтық бөлімінде өтініш білдірушілерді қабылдаудың ұйымдастырылуына түскен шағымдардың саны

дана

3.

Тізілімнің аумақтық органының аумақтық бөлімінде өтініш білдірушілерді қабылдауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етілу

шаршы метр/ адам

4.

Тізілімнің аумақтық органының аумақтық бөлімінде алдын ала жасалған тізім бойынша өтініш білдірушілердің орташа күту уақыты

сағат

5.

Тізілімнің аумақтық органы аумақтық бөлімінің құжаттармен жұмыс істейтін (қабылдау-беру) қызметкерлерінің еңбек өнімділігі

дана/ адам

6.

Тізілімнің аумақтық органының аумақтық бөліміне жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік кадастрлық есепке алу жөнінде бір күнде түскен өтініштердің орташа саны

дана

7.

Тізілімнің аумақтық органының аумақтық бөлімінде бір күнде қабылданған өтініш білдірушілердің орташа саны

дана

  1. 88.

Тізілімнің аумақтық органдарына немесе оған бағынышты мекемелермен телефон арқылы хабарласуға қол жетімділігі

%

9.

Тізілімнің аумақтық органының аумақтық бөлімінде алдын ала жасалған тізім бойынша бір күнде қабылданған өтініш білдірушілердің орташа саны

дана

10.

Тізілімнің аумақтық органының аумақтық бөлімінде жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлікке және олармен мәмілелер жасау құқықтарын тіркеу бойынша, тіркеу іс-әрекеттерін жүзеге асырудан бас тарту немесе оларды тоқтата тұруға байланысты заңсыз іс-әрекеттерге қатысты мәселелер бөлігінде берілген қуынымдардың сотта қанағаттандырылған саны

дана

11.

Тізілімнің аумақтық органының аумақтық бөлімінде жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлікке және олармен мәмілелер жасау құқықтарын тіркеу бойынша және осы құқықтардың Бірыңғай мемлекеттік тізілімінде қамтылған мәліметтерді беру бойынша жасалған іс-әрекеттердің жалпы саны

дана

12.

Тізілімнің аумақтық органының аумақтық бөліміне жасалған шағымдар бойынша жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық есебіне алынған қуынымдардың сотта қанағаттандырылған саны

%

13.

Тізілімнің аумақтық органының аумақтық бөлімінің есепке алу-тіркеу іс-әрекеттерін жүзеге асыру бөлігіндегі еңбек өнімділігі

дана/ адам

14.

Тізілімнің аумақтық органының аумақтық бөлімінің мемле-кеттік кадастрлық есепке алу саласында нормативтік мерзімдерді сақтауы

%

15.

Өтініш берушілерді қабылдау орындарының бейнеқадағалау камераларымен жабдықталуы

%

16.

Тізілімнің аумақтық органының аумақтық бөлімінің бейне-қадағалау камераларымен жабдықталған өтініш берушілерді қабылдау пункттерінің саны

дана

17.

Тізілімнің аумақтық органының аумақтық бөлімінің кадастрлық есепке алу саласындағы қызметкерлерінің жалпы саны

адам

18.

Тізілімнің аумақтық органының аумақтық бөлімінің нақты жұмыс істеп жатқан қызметкерлерінің саны

адам

19.

Тізілімнің аумақтық органының аумақтық бөліміне келген адамдарды қабылдайтын үй-жайлардың аумағы



шаршы метр

20.

Тізілімнің аумақтық органы аумақтық бөлімі қабылдау пунктінің сауалнама нәтижелері бойынша өтініш беруші үшін көліктік қол жетімділігі

балл

*Дереккөз: кесте тиісті деректер негізінде жасалған [67].

Енді осы тұрғыдан жауапты орган – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Мемстандарт) жасаған ұсынысты қарап көрейік, ол ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі агенттікпен бірлесіп, сонау 2005 жылы нұсқамалық құжат әзірлеген болатын.
Бұл құжатта мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қол жетімділігінің көрсеткіштері мемлекеттік қызметтер көрсету процесі мен нәтижесін өлшеуге, есепке алуға, бақылауға және бағалауға мүмкіндік беретін сандық және сапалық параметрлердің жиынтығы ретінде анықталған.
«Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қол жетімділігінің көрсеткіштерінің сыныптамасының» 7-бөліміне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қол жетімділігінің көрсеткіштері жалпы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жеткізушілердің де, сонымен бірге жекелеген луазымды тұлғалардың да қызметін бағалау мен бақылау үшін жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметтердің барлығы үшін орындалудың дәлдігі мен уақтылығы, қол жетімділігі, қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар, дәлелді шағымдардың орын алуы жалпы көрсеткіштерге жатады. Қол жетімділік және сапа көрсеткіштерінің құрамы екі негізгі топқа: сандық және сапалық топтарға бөлінеді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жеткізушілердің қызметін объективті бағалауға мүмкіндік беретін, өлшемді параметрлермен сипатталатын қол жетімділіктің сандық көрсеткіштер тобына мыналар кіреді:

  • қызмет көрсетілуін күту уақыты;

  • мекеменің жұмыс кестесі;

  • қызмет көрсететін мекеменің орналасқан жері;

  • қызмет тұтынуға қажетті құжаттардың саны;

  • қызмет көрсетудің түпкілікті нәтижесінің құны (ақылы қызметтер көрсету үшін);

  • қызмет тұтынушылардың белгілі бір санаттары үшін жеңілдіктердің болуы.

Көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігінің сапалы көрсеткіштерінің қатарына мыналар жатады:

  • қызмет тұтыну үшін орындалуы қажетті талаптардың күрделілік деңгейі;

  • көрсетілетін қызметтердің растығы (дұрыстығы);

  • қызмет тұтынудың әртүрлі арналарының болуы;

  • ақпараттық және нұсқамалық құжаттардың қарпайымдылығы мен айқындығы.

Көрсетілетін қызметтердің сандық көрсеткіштерінің тобына мыналар кіреді:

  • қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуы; дәлелденген шағымдардың саны.

Сапалы көрсеткіштерге мыналар жатады:

  • тұтынуға қатысты орындалатын міндеттемелердің дәлдігі;

  • қызмет көрсету мәдениеті (кішіпейілділік, жарасымдылық);

  • қызметкерлердің еңбек нәтижелерінің сапасы (кәсібилік шеберлік).

Олардың мазмұны мен нақты мағыналары көрсетілетін қызметтің өзіне тән ерекшелігімен, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жеткізушінің мүмкіндіктерімен айқындалады [68].
Көріп отырғанымыздай, бірінші жағынан, көрсеткіштер жалпы ұсынымбалық тұрғысынан сипатталып отыр, жоғарыда мысал ретінде келтірілген Ресей тізіліміндегі көрсеткіштермен салыстырғанда олар инфрақұрылымдық қамтамасыз ету (орналастыру орындары мен өтініштер қабылдау пунктерінің саны және т.б.), көлік пайдалануға қол жетімділік, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің еңбек өнімділігі сияқты маңызды көрсеткіштерді қамтымайды.
Екінші жағынан, нақты көрсеткіштердің көпшілігі мемлекеттік органдардың қарауына берілген. Бүгінгі таңда бұдан не шығып отырғанын біз бюджеттің орындалуы және қызмет тұтынушыларды қанағаттандыру тұрғысынан түпкілікті нәтижеге бейімделген мемлекеттік органдардың қызметін анықтайтын басты құжаттар ретіндегі стратегиялық жоспарларға жоғарыда жасаған талдауымыздан көріп отырмыз.
Мұндай жағдайдың қалыптасуына екі қарама-қарсы бастаманың: мемлекеттік органдардың, бір жағынан, нысаналы көрсеткіштерге бейімделуінің, екінші жағынан, бюджеттік ресурстарға бағдар жасауының өзара келісімге келе алмайтындығы себеп болып отырғанын ашық айтуға болады. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар қызмет бағытын таңдау кезінде ең алдымен бюджеттік бағдарламаларға және оларды мүлтіксіз орындауға бейімделеді, осыған байланысты тиімділік көрсеткіштері екінші орында қалады.
Біздің пікірімізше, бұл керісінше болуы тиіс: дұрыс құрылған мақсаттар жүйесі, соның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмыстардың тиімділігіне қол жетізудің нысаналы көрсеткіштері де бюджеттік бағдарламалардың негіздемелеріне салынуы керек. Біздің пікірімізше, осы зерттеуіміздің маңызды түйіні нысаналы көрсеткіштерді қалыптастыру мен басқарудың әдістемелік негіздерін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімділігін байыпты түрде жетілдіруді көздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет