3 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫ МЕН ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІГІНІҢ НЫСАНАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРІН БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру
Мемлекеттік қызметтер көрсетуді стандарттау процесін жетілдіру шеңберінде сол қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдардың өкілдерінің де, сондай-ақ аталған қызметтерді тікелей тұтынушылардың да қолданысында тиісті стандарттардың баршылық екендігі туралы жұртшылықтың хабардар етілу мәселесін қарауды ұсынамыз. Аталған мәселені зерделеу мақсатында «Зубр» консалтинг орталығы зерттеушілерінің аясына Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары, ішкі істер органдары (жол полициясы), жер қатынастарының басқармалары мен бөлімдері, салық және кеден органдары енгізілді. Өкінішке орай, зерттеу нәтижелері ойдағыдай болды деп айта алмаймыз. Мәселен, респонденттердің 82%-ы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты туралы жалпы түсініктері бар екендігін білдірді, респоденттердің 14%-ы бұл сұраққа жауап бере алмай қиналды, ал мемлекеттік органдардың қызметкерлердің 4%-ы ондай стандарттар жоқ деп жауап берді.
«Қызмет тұтынушылардың бұл мәселе бойынша хабардар етілу деңгейі жоғарыдағы мәліметтерден де төмен болып шықты: сауалнамаға қатысқандардың 60%-дан сәл артығы ғана аталған стандарттардың қолданылатынын білетін болып шықты, ал респонденттердің 5%-ы және одан да азы стандарттардың кейбіреуін ғана атап көрсетті (мәселен, салық органдарының стандарттарын (2%), халыққа қызмет көрсету орталықтарының стандарттарын (2%), т.б.). Біздің азаматтарымыздың көпшілігінің мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының мазмұнымен таныс болмауы – олардың өз құқықтарын қорғай алмауына немесе, керісінше, мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлеріне негізсіз наразылық білдіруіне әкеледі» [69]. Кейбір деректер бойынша тұтынушылардың жалпы 35%-ы ғана мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының қолданыста бар екендігінен хабардар болып шықты.
Мұндай жағдайдың басты себептеріне мемлекеттік органдардың жұмысында транспаренттіліктің (ашықтығының) болмауы, мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейінің төмендігі және тұтынушылардың өз құқықтары туралы нашар хабардар етілуі жатады.
Мемлекеттік қыметтер көрсетудің стандарттау процесін жетілдіру мақсатында мемлекеттік деңгейде бірқатар іс-шаралар өткізілді. Мәселен, стандартталған мемлекеттік қызметтер көрсету мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің бірі ретінде айқындалды. Қазақстан Үкіметінің «Мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін кеңейту туралы» қаулысының жобасы келісу кезеңінен өтуде. Үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс топтарының жұмысына атсалысып, мемлекеттік қызметер көрсету стандарттарын келісу процесіне қатысуы оң нәтиже беруде. Осының барлығы тұтынушыларға сапалы көрсетілетін қызметтердің көлемінің бірте-бірте өсуіне қол жеткізіп жатыр.
Мемлекеттік қызметтерді ойдағыдай стандарттауды қиындататып отырған жағымсыз кезеңдерге, бір жағынан – мемлекеттік органдардың қолданыстағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің Тізілімге уақтылы енгізілуіне және мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандартталуына мүдделі еместігі, екінші жағынан – функциялардың қайталануы, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының қажет етіліп отырған құжаттардың тізбелік көлеміне сай келмеуі және мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің ұзаққа созылып кетуі жатады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне кіретін, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жасалған талдау мемлекеттік органдардың кейбір стандарттарының тым артық бюрократтандырылып жіберілгендігін көрсетті.
Бірінші кезеңде Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (бұдан әрі – ХҚКО) және/немесе мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтер тұтыну үшін ұсынылған құжаттарға талдау жүргізілді.
Талдау нәтижесінде бүгінгі таңда құрылған және жұмыс істеп жатқан мемлекеттік органдардың: ақпараттық-коммуникациялық жүйелерінің мемлекеттік қызмет тұтынылуына өтініш жасаған кезде қызмет тұтынушыдан қажет етілетін белгілі бір немесе басқа да ақпаратты қамтитыны анықталды. Солай болғанымен, олардың әлеуеті әзірше толық пайдаланылмай келеді. Мәселен, мемлекеттік қызметті тұтыну кезінде азаматқа өзінің өтінішіне жеке басының куәлігінің, СТТН-нің (РНН-інің), ӘЖК-інің (СИК-інің), тұрғылықты жері бойынша тіркеуден өткен кітапшасының көшірмелерін тіркеуге тура келеді (ал бұл артық жұмыс, өйткені аталған құжаттар туралы мәліметтер ведомстволық жүйелердің барлығында қамтылған).
Қазіргі уақытта төменде көрсетілген мынадай ақпараттық жүйелерден тиісті деректер алу мүмкіндігі бар:
Қаржы министрлігінің Салық комитеті – СТТН (РНН);
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі – ӘЖК (СИК);
Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік регистрі» Мемлекеттік деректер базасы – жылжымайтын мүлік және оған тіркелген құқықтар туралы деректер.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі – зейнетақылық аударымдар және зейнеткерлік куәлік бойынша деректер;
Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің ақпараттық жүйесі – жер учаскесінің болуы туралы ақпарат (тіркеу нөмірі, күні және т.б.).
«Қазақстан Республикасының азаматарын тұрғылықты жер бойынша тіркеу» және «Қазақстан Республикасының азаматарын тұрғылықты жер бойынша тіркеу есебінен шығару» сияқты сұранысы күшті қызметтер көрсетудің нәтижелерін қарап шығу төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 «Қазақстан Республикасының тұрғын халқын құжаттау және тіркеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Қызмет тұтыну үшін ХҚКО-на өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы стандартына сәйкес мынадай құжаттар ұсынылуы қажет:
тұрғын үй иесінің келісімі көрсетілген тіркеу туралы өтініш;
өтініш берушінің тұрғын үйді белгіленген тәртіппен меншігіне алғанын растайтын немесе басқа негіздер бойынша оған тұрғын үйде тұру құқықығын беретін құжаттар;
азаматтарды тіркеу кітапшасы;
бұрынғы тұрған жерінен шыққанын растайтын әдірістік парақшасы;
жеке басының куәлігінің көшірмесі (16 жасқа дейінгі балалар үшін – тууы туралы куәлік);
әскери басқарма органының әскери есепке алғаны туралы белгісі қойылған әскери билетінің көшірмесі;
келу парақшасына тіркелген статистикалық талон.
Аталған қызметтер көрсетуді оңтайландыру мақсатында жоғарыда көрсетілген тізбеден мына құжаттардың алып тасталуын ұсынамыз:
бұрынғы тұрған жерінен шыққанын растайтын әдірістік парақшасы;
жеке басының куәлігінің көшірмесі (16 жасқа дейінгі балалар үшін – тууы туралы куәлік);
келу парақшасына тіркелген статистикалық талон.
Сөйтіп, жеке адамның өз басын растайтын құжаттарды ХҚКО-ның операторлары «Жеке адамдар» деректерінің мемлекеттік базасынан және «Азматтық хал актілерін тіркеу» ақпараттық жүйесінен оларды Халыққа қызмет көрсету орталығының интеграцияланған ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ХҚКО ИАЖ) біріктіру арқылы ала алады.
Сонымен бірге, азаматтың тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы ақпаратты (шығу/келу парағын) Статистика жөніндегі агенттіктің ақпараттық жүйесін «Тұрғын халықты құжаттау және тіркеу» деген Тіркеу пунктімен (бұдан әрі – ТХҚТ ТП) біріктіру арқылы агенттікке берген және Ішкі істер министрлігінің азаматтарға тұрғылықты жері бойынша әдірістік анықтамалар беру үшін ТХҚТ ТП-нің функционалдық мүмкіндіктерін пайдалану мәселесін бірлесіп шешу арқылы сол ақпаратты Ішкі істер министрлігіне де берген жөн деп есептейміз.
Сөйтіп, тұтынушыға түсетін ауыртпалық айтарлықтай азаяды, өйткені қазіргі уақытта аталған қызметті тұтыну кезінде шығу/келу парақшасының үш данасын толтыру қажет.
Қызмет тұтынушы әскери міндетті азамат болған жағдайда, оның әскери басқарманың жергілікті органдарындағы есептік тіркеуден өтуі үшін әскери комиссариат пен ХҚКО-на жорығын қысқартқан орынды болады деп есептейміз. Әскери міндетті азаматтардың тұрғылықты жерінің ауысқаны туралы деректерді әскери басқарманың жергілікті органдарына ТХҚТ ТП-ден
(«Тұрғын халықты құжаттау және тіркеу» деген Тіркеу пунктіден) ХҚКО ИАЖ-нің (Халыққа қызмет көрсету орталығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің) автоматтандырылған жұмыс орны арқылы бірден әскери басқарманың жергілікті органдарына жіберуге болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері бойынша және қайталау рәсімдерінің болуына жасалған талдау нәтижесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестердің мерзімдерін оңтайландыру жөнінде мынадай ұсыныстар әзірленді.
Достарыңызбен бөлісу: |