Тулегенова газиза адилбековна



Pdf көрінісі
бет23/46
Дата11.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#498405
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46
Диссертация-Тулегенова-Г.А (4)

Патриоттық тәрбие - бұл адамның ұлттық ерекшелігін анықтайтын 
және патриоттық тәрбиеге деген көзқарасты бейнелейтін тұлғаның 
сенімі, көзқарасы, талпынысы түріндегі ерекше құрылымы. 
Сонымен, патриоттық тәрбие бастауыш сынып оқушыларының 
мұраттары мен сенімдерін анықтайды, олардың тұлға ретінде қалыптасуында 
жетекші рөл атқарады және жаңа қажеттіліктердің пайда болуына ықпал 


75 
етеді. Сонымен қатар, патриоттық тәрбие бастауыш сынып оқушыларын өз 
бетімен іс-әрекетке бағыттайды. Патриоттық тәрбие сезімі оқушының осы 
патриоттық тәрбие туралы өз бетімен ойлануынан, өзіндік қорытынды жасап, 
соған ұмтылуынан көрінеді. Патриоттық тәрбиенің мәнін ашатын және 
оларға деген оң көзқарасты қалыптастыратын ата-аналар мен мұғалімдердің 
құндылықтарын оң бағалау патриоттыққа тәрбиелеуге айтарлықтай әсер 
етеді. Құндылықты бағалау - бұл адамның тәрбиелік және эмоционалдық 
құрылымдармен байланыстағы құндылығын қалыптастырады. 
Өз кезегінде бұл оқушылардың патриоттық тәрбиеге деген оң 
көзқарасымен анықталады. 
«Патриот», «патриоттық тәрбие» ұғымдарының теориялық негіздеріне 
сүйене отырып, біз бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту 
арқылы мектеп оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің моделін құруды 
жөн көрдік(3 сурет). 
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу модельдің негізі мақсат, міндеттерден, 
қағидалар мен нормативтік негіздер жүйесінен, патриоттыққа тәрбиелеу 
тетіктерінен, тұтас технология ретінде қарастырылды мазмұн, әдіс, құралдар 
жүйесінен, нәтижеден тұратын кешен.
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу моделінің мақсаты - патриоттық 
тәрбие жүйесі туралы бастапқы білім негіздері қалыптасқан, патриоттық 
тәрбиені танып, бағалайтын және оны таңдайтын, өзіндік сана-сезімі 
қалыптасқан, рухы жоғары, патриоттық тәрбиесі анықталған тұлға 
қалыптастыру. Осы мақсаттан туындайтын міндеттері – бастауыш 
сыныптағы патриоттыққа тәрбиелеудің мазмұндық жүйесін нақтылау, 
бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды 
патриоттыққа тәрбиелеудің бағдарламасы мен әдістемесін жасау
патриоттыққа тәрбиелеу жолдарын көрсету, нәтижесін бағалау. 
Модельде көрсетілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру тетіктері мен 
мазмұндық, 
технологиялық 
құрылымын 
анықтау 
үшін 
Қазақстан 
Республикасының білім туралы Заңы, Бастауыш білім стандарты, Қазақстан 
Республикасының білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының кешенді 
бағдарламасы, Бастауыш білім тұжырымдамасы т.б. нормативтік құжаттар[1, 
2, 4, 5] зерделенді. 
Сонымен қатар, біз бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді 
оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу моделін жасауда 
төмендегідей педагогикалық қағидаларды басшылыққа алдық:

тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы; 

тәрбиелік ықпалдардың бірлігі; 

тұлғаға бағытталған; 

жас және дара ерекшеліктерді ескеру. 


76 
Сурет 3 - Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту 
арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу моделі 
Тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы қағидасы патриоттыққа тәрбиелеу 
жұмыстарының мақсатын белгілеуде маңызды. Өйткені, егеменді мемлекет 
жағдайында және әлемдегі жаһандану үдерісі барысында қазіргі 
қоғамымыздың болашағына берік сенімі бар азаматтарды тәрбиелеу негізгі 
міндеттердің бірі болып табылады. Тәрбиелік ықпалдардың бірлігі қағидасын 
басшылыққа ала отырып, модельдің әрбір бөліктері мен элементтерін түгел 
бір тұтастықты құрайтын педагогикалық жүйе ретінде қарастырдық.
Мазмұн
ы 
Нәтиже 
Міндеттер
і 
Мақсаты 
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушылар патриоттыққа 
тәрбиелеуді
ң бағдарламалары мен әдістерін жасау. 
Нормативтік 
негіздері 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Бастауыш білім 
беру стандарты, Қазақстан Республикасының білім беру 
ұйымдарындағы тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы, 
Бастауыш білім беру тұжырымдамасы. 
Ұстанымдары
Оқытудың әлеуметтік бағыттылығы, жастық және жеке 
ерекшеліктерін ескере отырып, тұлғаға бағытталған тәрбиелік 
ықпалдың бірлігі 
Оқу үрдісінде: қазақ тілі, әдебиеттік оқыту, жаратылыстану. 
Оқу үрдісінде: «Отансүйгіштікке тәрбиелеу» бағдарламасы, 
«Бастауыш сынып 
оқушыларын халық фольклоры негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу» тақырыбында 
электронды
оқу құралы
Рөлдік ойын, 
топтық жұмыс, 
пікірталас, 
сахналау, 
этикалық 
жағдаяттар, 
үлгі-өнеге, 
рефлексия 
Тақырыптық сабақтар, тақырыптық кештер, виртуалды саяхаттар, 
кездесулер ұйымдастыру. 
Көркем әдебиет, 
әдет-ғұрып, 
дәстүр, әдет-
ғұрып, 
тыйымдар мен 
ырымдар, тарихи 
деректер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет