Тулегенова газиза адилбековна


Біледі  Қазақ тілі, елдің тарихы,  шежіресі, салт-дәстүрлері  Бағалайды



Pdf көрінісі
бет24/46
Дата11.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#498405
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
Диссертация-Тулегенова-Г.А (4)

Біледі 
Қазақ тілі, елдің тарихы
шежіресі, салт-дәстүрлері 
Бағалайды 
Отанның рәміздері
әдет-ғұрыптары, 
дәстүрлері, тарихы 
және елдің ұлы 
Таңдайды 
Қазақ тілі, әдет-ғұрпы, 
дәстүрі, тарихы, 
мәдениеті 
Қ
ұр
алд
ар
ы
 
Т
үр
ле
р
і 
Тақырыптық 
оқу сағаттары, 
тақырыптық 
кештер, 
виртуалды 
көрмелер, 
саяхаттар 
ұйымдастыру. 
Әд
іст
ер
і 
Патриоттыққа тәрбиелеу тетіктері 
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушылар патриоттыққа 
тәрбиелеу және патриотизм
негіздерін меңгерген, оларды бағалайтын және оған 
ұмтылатын, өзіндік сезімі дамыған, ұлттық бағдары бар адамды тәрбиелеу. 
іздену 
бағалау
таңдау 
көшіру 


77 
Жас және дара ерекшеліктерді есепке ала отырып, бастауыш сынып 
оқушысының жас және дара ерекшеліктерін физиологиялық, психологиялық, 
педагогикалық тұрғыдан сипаттай келе, олардың патриоттыққа тәрбиелеуге 
байланысты есепке алынуы басты назарда болды. Тұлғаға бағытталған 
қатынас педагогикада «тұлғалық-бағдарлы» ұғымымен түсіндіріледі. Яғни, 
тұлғаға субъектілік көзқарас негізінде қарым-қатынас жасау. Тұлғалық-
бағдарлы қатынас – оқушының тұлғалық қызметтері (таңдау, мотивация, 
рефлексия, т.б.) көрінетін жағдайларды тудыруды көздейді. Ал патриоттыққа 
тәрбиелеу бастауыш сынып оқушыларының дербес мүмкіндіктерін дамытуға, 
олардың бойында субъектілік сапалық өзгерістердің қалыптасуына жағдай 
туғызуы қажет. 
Модельдің келесі құрылымында бастауыш сынып оқушыларының 
патриоттыққа тәрбиелеу тетіктері баяндалады. Бастауыш сыныптағы
оқушыларда патриоттыққа тәрбиелеу тетіктерін іске қосу осы жас 
кезеңіндегі оқушының барлық сфераларының өзара үйлесімділігі арқылы 
жүзеге асады: эмоциялық, танымдық, әрекеттік. Патриоттық тәрбие 
теориясына сүйене отырып, бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді 
оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу төмендегідей сызба 
түрінде көрсетеміз (Сурет 4). 
Іздену сатысында оқушыларға ақпараттар беру, қызығушылық туғызу, 
құндылық объектілерге көңіл аударту арқылы мотивациялық-құндылық
компонент көрініс табады. Мотив іс-әрекеттің ішкі қозғаушысы ретінде сана 
арқылы пайда болады да ішкі стимулға айналады. Бастауыш сынып 
оқушылары білуге құмарлығымен ерекшеленеді және олар өздеріне қызық 
немесе ұнаған нәрсеге мейілінше ұмтылыс білдіреді. Оқушының осы 
қасиетін іздену сатысында есепке аламыз. Мотивация оқушының жеке өз 
сұранысы мен қоғамдық сұранысты дамытуға әсер ететін басты қозғаушы 
күш. Бұл не істеу керектігін және қандай құндылықтарға ұмтылу керектігін 
білу, шын мәнінде соған ұмтылу. (қызығушылық, қажеттілік, ынта) Сол 
арқылы іздену тетіктері іске қосылады. Бастауыш сынып оқушысында 
адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мотивтер оқушы 
бойындағы белгілі бір іскерліктердің болу болмауына байланысты. Іс-
әрекеттің ішкі қозғаушысы ретіндегі мотив сана арқылы пайда болады да 
ішкі стимулға айналады. Мотивтің іс-әрекетте жүзеге асуы нақты 
практикалық жағдайларда, түрлі іс-әрекетті орындау барысында болып 
отырады.
Оқушылар ұжымдық мотивтермен пайда болған мінез-құлық 
нормаларын жеңіл, әрі тез меңгеріп алады. Жеке оқушыдан гөрі сыныптағы 
барлық оқушының білетіні көп болады.Сондықтан, патриоттыққа 
тәрбиелеуге бағыттап отыратын жағдаяттарды түгел ұжымды түрде талдап, 
әңгімелескен тиімді.


78 
Сурет 4 - Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту 
арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу бағдары сызбасы 
Сөйтіп, ұжымның пікірін есепке ала отырып, бала тиянақталған білім, 
бағаға ие болады. Осының негізінде оқушының жеке өз пікірі, бағасы 
қалыптасады.Бастауыш мектептегі алғашқы жылдар оқушының таным 
әрекеті үшін сензитивті кезеңі болып табылады. Ұзақ әрі жағымды 
эмоцияларға толы болған мақсат, қатынас, құндылық жеңіл түрде өзіндік 
мүддеге айналады. Қуаныш сезімін бастан кешіру оқушының ынтасын, 
құлшынысын ұштай түседі. Ал, қарым-қатынас еш қуанышсыз өтіп, оған 
оқушының қанағаттану сезімі төмен болса, патриоттық тәрбиенің 
жекешеленуі қиындайды. Сондай-ақ, бұл бастауыш сынып оқушыларын
патриоттыққа тәрбиелеуге қатысты мәліметтерді қабылдаудағы жағымды 
көңіл-күй жағдайы, оған әсерленуі, эмоционалды реңкті қабылдай алуы да 
әсер етеді. Мәселен, салт, дәстүр рәсімдерін орындауда қуаныш сезіміне 
бөлену, эмоциялық еліктегіштік, жаны ашу, ар-намыс, ықыластылық, алғыс 
т.б. адамгершілік көңіл күй арқылы көрініс тауып отырады.
Бағалау – салыстыру, мәнін ашу, құндылығын көрсету нәтижесінде 
мүмкін болады. Демек, бала ұсынылып отырған объектіні үлгімен салыстыра 
отырып, оның мәнділігін анықтайды. Таныған, бағалаған патриоттыққа 
тәрбиелеу жүйесі оқушының патриоттық тәрбиені иеленуіне және осыған 
байланысты құндылық қатынасының пайда болуына көмектеседі. М.И. 
Кикина «Оқушылардың құндылық қатынасының базалық құрылымына оның 
танымдық әрекеті кіреді», - дейді [60, б. 78]. Сондықтан, бастауыш 
сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды 
патриоттыққа тәрбиелеу ерекше мән беру, соған сәйкесті эмоциялар туғызу, 
құндылық бағалау әрекеттерін жүзеге асыру негізінде қалыптасқан құндылық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет