72
Сонымен
қатар,
бастауыш
білім
тұжырымдамасына,
оқу
бағдарламасына, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенге талдау жасау
барысында, бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу қажеттілігі мен оны жүзеге асырудың
ұтымды
әдіс-тәсілдері, тиімді жолдары нақты айқындалмағандықтан,
бастауыш сынып оқушыларының патриоттыққа тәрбиелеу сабақ мақсатында
өз мәнінде көрініс таппай отырғаны анықталды.
Жеке тұлға бойында патриоттық тәрбие бағдарды қалыптастыру
жөніндегі ғылыми-әдістемелік еңбектер мен іргелі зерттеулерді зерделей
келе, бастауыш сыныптарда бұл жұмысты жүзеге
асырудың төмендегідей
мүмкіндіктері айқындалды:
- әдебиеттік оқу, жаратылыстану және қазақ тілі сабақтарындағы
патриоттыққа тәрбиелеу бағыттап отыратын шағын мәтіндерді таңдап, талғап
пайдалану;
- факультатив курсында;
-
сыныптан тыс жұмыстарда;
- электронды оқу құралын пайдалану.
- Бұл бастауыш сынып оқушыларын қоғам талабына сай біліммен
қаруландыра отырып, әлеуметтік тәжірибені меңгертуді көздеген оқыту
технологияларын орнымен қолдана алатын мұғалімнің оқыту іс-әрекеті мен
оқушының оқу іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.
Өйткені патриоттық тәрбие
беру үдерісі екі жақты сипатта болады және мұғалім мен оқушылардың өзара
әрекетінің болуын мақсатқа жету үшін және құндылық ретінде қабылданатын
бағдарларды орнықтыру үшін қажет етеді.
- Үзіліссіз білім алу жүйесінде оқулық әдебиеттер алатын пәндік
білімдердің, дамитын бейімділіктердің санымен ғана емес,
оқушылардың
патриоттық тәрбиедан нәр алып, бойына саналы дарытуымен де өлшенетін
жаңа сапаға ие болуы тиіс. Білім алумен қатар, патриоттық тәрбие туралы
ақпаратты бойына сіңірген оқушы-тұлға ғана өз елі мен жерін, тілі мен ділін
қорғауға жауапты екендігін жан дүниесімен сезіне алады.
- «...Мұндай балалар бастауыш мектепті
бітіргеннен кейін қай
жұрттың ортасында жүрсе де сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда
болса да, тіршілігінде қандай ауырлық, өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып
қалады»-дейтін ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілі М.Дулатовтың пікірі
де осы тұжырымды дәлелдей түседі [40, б. 39].
-
Сонымен қорыта келе, мектеп табалдырығын жаңа аттаған кішкентай
шәкірттердің өз халқының патриоттық тәрбиесін саналы түрде түсініп,
қабылдауына, салт, дәстүрлерін қадір тұтып, елін сүйетін, рухы жоғары,
патриоттық тәрбиесі анықталған азамат
болып жетілуіне бастауыш
мектептегі патриоттыққа тәрбиелеу міндетіне үйлесетін оқыту әдістерін
таңдау, мазмұнды сұрыптау әдістемесін жетілдіру және электронды оқу
құралын қоланудың маңызы зор деп есептейміз.