Тур по Национальным паркам Алматинской области



бет8/10
Дата08.03.2023
өлшемі85.44 Kb.
#470510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Файзулла М. БӨЖ. ЖЖ

Абдоминалды түрі ауыру синдромының орналасуы құрсақүстілік аймақта жəне диспепсиялық бұзылыстарымен сипатталады. Ауру ағымының бұл түрін жедел панкреатитпен, перфоративті жарамен мезентериальды қан тамырларының тромбозымен салыстыру қажет.

Аритмиялық түрі. Клиникалық көрінісі айқын ырғақтың жəне өткізгіштің бұзылулары түрінде көрінеді – суправентрикулярлы пароксизмдер не қарыншалық тахикардиялар, толық атриовентикулярлы блокадалар. Аритмия жиі АҚ айқын төмендеуімен бірге жүреді.


Цереброваскулярлы түрі көбіне ми қан айналымының бұзылыстары бар егде жастағы науқастарда кездеседі. Ол көбіне естен тану, бас айналу, жүрек айну, құсу сияқты, кейде – өтпелі ми қан айналым бұзылуының белгілерімен көрінеді. Көбіне МИ науқастарда минимальды шағымдармен өтеді немесе олардың мүлде болмайды.

Төменде көрсетілгендерді айта кету қажет:
1. Науқастарда 90-95% жағдайда айқын ауру синдромы немесе айқын ентікпе болса, МИ басталуын байқауға мүмкіндік береді.
2. Бақылауға аритмия салдарынан айқын гемодинамика бұзылыстарымен жəне де айқын құрсақ үстілік аймақта ауыру сезіммен, ол ішперденің қозуынсыз жүретін өзгерістері бар науқастарды госпитализациялау қажет.
3. Қарқынды ауыру синдромының пайда болуымен байланысты МИ басталу уақытын білу қажет. Осыған байланысты емдеу жолы таңдалады.

Жедел МИ тəн симптомдар:
- ангинозды ауыру синдромы;
- инспираторлы ентікпе;
- тері жабынды түсінің өзгеруі (бозғылттық, мəрмəрлік, цианоз);
- мұздай жабысқақ тер;
- қозғалмалы мазасыздану;
- өлім қорқынышы;
- полиурия.


Физикальды зерттеу:
- тері жабынды бозғылтылығы;
- мұздай тер;
- жүрек үндері кереңделген;
- артериальды қан қысымның (АҚ) білінбес төмендеуі кейде АҚ əлсін жоғарлауы немесе гипертоникалық криз фонында МИ пайда болуы мүмкін;
- тыныстың бұзылуы (ентікпе, ауаның жетіспеушілік сезімі).

Инструменталдық зерттеу


Электрокардиограмма жүрек бұлшықетіндегі некроз ошақтарын, оның тереңділігін жəне орналасуын, инфаркталды аймақ жағдайын, үрдіс динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. ЭКГ əкетулерде некроз аймағында орналасқан активті электрод, патологиялық Q тісшесінің түзілуі жəне R тісшесінің биіктігінің төмендеуі не оның толық жойылуы.

Электрокардиографиялық белгілерді жүйелі түрде көруге болады:
- Патологиялық Q тісшесінің болуы;
- Некрозды аймаққа жақын болған сайын R тісшесінің амплитудасының төмендеуі;
- Т жəне QRS комплексінің дискорданттылығы;
- Т тісшесінің жəне ST сегментінің ығысу дискорданттылығы;
- Гис шоғырының сол жақ аяқшаларының блокадасының пайда болуы.

Субэндокардиальды МИ ЭКГ-да Q тісшесінің болмауы, қатысты əкетулерде изоэлекторлы сызықтан ST сегментінің 2 мм төмендеуі.Т тісшесінің инверсиясы.

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жүрек ырғағының мониторингі.
2. Пульсоксиметрия.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет