Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қазіргі кезде болып жатқан көптеген аурулардың алдын-алу мақсатында, сонын ішінде жүректің ишемиялық аурулары, стенокардия, миокард инфарктына шалдыққан науқастарға жедел түрде көмек көрсету. Алдын-алу шаралары және шалдыққан науқастардың күтімі.
Жұмыстың құрылымы – кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Стенокардия жайлы анықтама
Стенокардия – бұл жүректің ишемиялық ауруларының бір түрі.
Стенокардияның пайда болу себептері
Бұл ауру негізінен жүрек оттегіге ашыққанда пайда болады. Жүрек артерияларының қабырғаларында атеросклероздық түйіндердің түзілуінен (артерия қабырғасында холестериннің жиналуынан) жүрекке қанның келуі азайып, жүрек оттегіге ашығады. Бұл жүректе ауырсыну туғызады.
Симптомдары:
Стенокардия әдетте ағзаға физикалық күш түскенде пайда болады, кейде толқығанда, жылы жерден салқын ауаға шыққанда, шылым шеккенде, альгольды ішімдіктерді пайдаланғанла, тойып тамақтанғанда пайда болады.
Стенокардия пайда болғанда жүректі қысатын, күйдіретін және жаншитын ауырсыну болады. Кейде ол жәй ғана ауырсыну, қысу, сығу және жаншу сияқты қабылданады. Адамдар әдетте оны «жүректе тас тұрған сияқты» деп сипаттайды. Адам ол кезде ауыр жұмысты тоқтатып, отырып дем алып, таза ауа жұтып алуға тырысады.
Аурудың пайда болатын орны – кеуденің төс аралығы, алайда сол жақ бөлігінде де жиі болады. Ауру қысқанда қосымша тыныстың тарылуы, бас айналу және қорқыныш сезімі сияқты симптомдар пайда болады, кей жағдайда жүрек айну мен құсу байқалады.
Ауыр жұмысты тоқтатқан кезде ауру 2-5 минут аралығында басылады. Нитроглицерин дәрісін тіл астына пайдалану жақсы нәтиже береді. Егер ауру 10 минуттан артық мазаласа және ауырсыну басылмаса, жедел жәрдем шақырған дұрыс, мүмкін жүрек ауыр зақымданған болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |