Тур по Национальным паркам Алматинской области



бет9/10
Дата08.03.2023
өлшемі85.44 Kb.
#470510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Файзулла М. БӨЖ. ЖЖ

Лабораторлық зерттеулер


Экспресс тест көмегімен Т тропининін анықтау.
Кардиомиоциттер некрозына көбіне спецификалық маркерлер жəне сезімтал болып, I жəне Т тропониндерінің концентрациясының жоғарлауы болып табылады. Қалыпты жағдайда кардиоспецификалық тропониндер қанда анықталмайды немесе олардың концентрациясы минимальды белгілерден аспайды. Кардиомиоциттердің некрозы салыстырмалы түрде I жəне Т тропониндерінің концентрациясы тез жəне айқын жоғарлаумен жүреді. Ангинозды ұстамадан кейін тропониндер деңгейінің жоғарғы шекарадан 2-6 сағаттан кейін жоғарлауы жəне жоғарғы деңгейде инфаркт басталғаннан 1-2 апта бойы сақталынып тұрады.
2.3 Дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің алгоритмін құрастыру
Стенокардияда:
Емдеу тактикасы: антиангиналды, антиагрегантты, гиполипидемиялық терапия тағайындау, коронарлық қанкелулерді жақсарту, жүрек функциясы жеткіліксіздігінің (ЖФЖ) профилактикасы, ЖИА екіншілік профилактикасы.

Ем мақсаты:
- терапияны таңдау;
- науқастың жалпы жағдайын жақсарту;
- ұстамалар жиілігін сирету;
- физикалық жүктемелерге толеранттылықты арттыру;
- қанайналу жеткіліксіздік белгілерін азайту.


Дəрі-дəрмексіз ем: төсек режимі, диета.

Дəрі-дəрмектік ем
Антиангиналды терапия: β-бөгегіштер препараттарының дозасын жүрек жиырылу саны, АҚ, ЭКГ бақылап титрлеу.
ЖФЖ I-II ФК кезінде нитраттарды стенокардия ұстамаларын басу үшін немесе болжамды физикалық жүктемеден 5-10 мин. алдын үзіп қысқа əсердегі дəрілік заттар формасында тағайындайды, ЖФЖ III ФК кезінде ұзақ əсердегі нитраттарды нитратсыз аралықпен тəулік бойы 5-6 сағатта, ЖФЖ-IV ФК кезінде тəулікбойы тиімділікті қамсыздандыру мақсатында тағайындау қажет. Қарсы көрсетімдер болған кезде β-бөгегіштерді тағайындауға кальций антогонистерін тағайындау мүмкін. Доза əрбір науқасқа жеке тағдалады.


Антиагрегантты терапия барлық науқсатарға аспирин тағайындауды болжайды, тиімділікті жоғарылату үшін клопидогрель тағайындайды. Жүрек функциясының жеткіліксіздігімен күресу жəне алдын алу мақсатында АПФ тағайындау қажет. Доза гемодинамиканы ескеріп таңдалады.


Гиполипидемиялық терапия (статиндер) барлық науқастарға тағайындалады. Доза липидтік спект көрсеткіштерін ескеріп таңдалады.

Зəр айдаушы препараттарды жүрек функциясының жеткіліксіздігімен күресу мақсатында тағайындайды.
Антиаритмиялық препараттар ырғақтың бұзылуы кезінде тағайындалуы мүмкін.


Шұғыл көмек:
1. Физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ету.
2. Науқасты жатқызу немесе отырғызу, таза ауамен қамтамасыз ету.
3. 0,5 мг нитроглицерин таблеткасын тіл астына қойды. Жүрек тұсында ауырсыну басылмаса, нитроглицеринді 5 мин сайын қайталады.
4. Нитроглицерин жоқ болған жағдайда науқасқа тіл астына 1 таблетка нифедипин. АҚҚ бақылауымен.
5. Аспирин табл 150-300мг шаайнауға.
6.Үнемі науқастың жағдайын бақылау, АҚҚ, пульсті.
Миокард инфарктында:
1. Нитроглицерин таблетка немесе аэрозоль 0,4-0,5 мг сублингвальды. Тиімділігі жетіспегенде қайталау; изокет-аэрозоль 1-2 дозада. Тиімділігі жетіспегенде қайталау.

2. Ацетилсалицил қышқылы 325 мг шайнау.

3. Оксигенотерапия.

4. Ауыру сезімін басу үшін (айқын ауыру сезімге, жалпы жағдайына, жасына байланысты) Морфин 10 мг 2-4 мг бөліп к/т еңгізу (тыныс жиілігінің 1 минутына 10 - 12 рет төмендеуі қарашықтың тарылуы, АҚ төмендеуі). Фентанил күшті тез ауыру сезім басатын белсенділігі ұзақ əсер етпейтін, парасимпатикалық тонусты көтеретін, жүрек жиырылу қабілетін аздап төмендететін, тынысты тежеу мүмкіндігі бар, бронхоспазм мен брадикардияға алып келетін қасиетке ие препарат. Прометазин – салыстырмалы түрде əлсіз ауыру сезімді басатын əсер береді. Аздап тынысты тежейді. Дəріні 50 мг дозада 2 этапта к/т баяу еңгізеді.
Нейролептоанальгезия жүргізу үшін наркотикалық анальгетиктерді нейролептиктермен бірге қолданады (жиі дроперидолмен).
Дроперидол - ес-түсі сақталынған жағдайда, əртүрлі тітіркеніштерге жауп бермейтін, нейролепсия жағдайын шақыратын препарат. Препараттың əсер ету механизмі ОЖЖ афферентті импульсті үзетін, α-адренорецептор блокадасын, перифериялық вазодилатациясы жəне АҚ төмендеуін шақырады. Сонымен қоса дроперидол АВ өткізгіштікті баяулатып, құсуға қарсы əсер көрсетеді. Дроперидол мөлшері АҚ деңгейіне байланысты тағайындалады. Систоликалық қысым 100-110 мм.сн.б. кезінде – 2,5 мг, 120-160 мм.сн. б – 5 мг, 160-180 мм.сн.б. одан жоғары – 10 мг. Наркотикалық анальгетиктерді қолдану мүмкіндігі болмағанда немесе жоқ болғанда
трамадол еңгізу қажет.

5. Коронарлы қан айналымды жақсарту үшін динитрат-изосорбит инфузиясын 10 мг АҚ бақылай отырып к/т баяу тамшылату.

6. Қарсы көрсеткіштері болмаса атенололды ішке 50-100 мг береді.

7. Коронарлы қан айналымды қалпына келтіру үшін:
- стрептокиназа 30 минуттан соң 30 мг преднизалоннан кейін 1 500 000 МБ к/т тамшылатып;
- актилиз, альтеплаз, плазминогеннің тіндік активаторы: 90 минут ішінде 3 этапта – 15 мг к/т болюсті, 30 минут ішінде 50 мг к/т тамшылатып жəне 60 минут ішінде 35 мг к/т тамшылатып, бір уақытта гепарин тағайындау керек дозасы 5000 МБ к/т болбсті жəне аспирин дозасы 160-300 мг.

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
1. * Нитроглицерин: таблетка 0,0005 г; ерітінді 0,1% инъекцияға 10 мл ампулада, аэрозоль.
2. Изокет (изосорбит динитрат) таблетка 5 мг, 10 мг, 20 мг, 40 мг, 60 мг; 0,1% инъекциялы ерітінді 10 мл; аэрозоль.
3. * Ацетилсалицил қышқылы таблетка:100-150 мг.
4. * Морфин инъекциялы ерітінді ампулада 0,1% 1 мл- ден.
5. * Фентанил инъекциялы ерітінді ампулада 0,005% 2,0.
6. * Прометазин инъекциялы ерітінді ампулада 50мг/2мл.
7. * Дроперидол 2,5% инъекциялы ерітінді 10,0.
8. * Трамадол 50мг. 1мл-де.
9. * Преднизалон 25мг 1 мл-де.
10. * Декстроза 5% ерітінді 200,0, 400,0 фл.
11. * Оттегі: ингаляция үшін (медициналық газ).
12. * Атенолол таблетка 50мг, 100мг.
13. * Гепарин 5000 МЕ, фл.
14. *Стрептокиназа: ұнтақ инъекциялық ерітінді дайындау үшін флоконда 1 500 000МЕ.
15. * Актилиз 50мг лиофилизирленген ұнтақты ерітінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет