Стенокардияның түрлері
Мамандар стенокардияны бірнеше түрге бөліп қарайды: тұрақты, тұрақсыз, сонымен қатар қалыпты стенокардия және кернеу стенокардиясы. Өте сирек кездесетін түрі – нұсқаулы түрі. Науқас алғаш стенокардиямен ауырғанда міндетті түрде ауруханаға жатқызылуы тиіс. Ең жиі кезедесетін түрі – кернеу стенокардиясы. Ол адам жүргенде, жүгіргенде, жұмыс істегенде пайда болады, сонымен қатар стресс, суық, ыстық, артық тамақтану және т.б. жүректе ауырсыну туғызуы мүмкін.
Қалыпты жағдайдағы стенокардия ауру асқынғанда, азғаға физикалық күш тұрмақ, науқас жәй ғана қалыпты жағдайда жатқанда да пайда болатын түрі. Нұсқаулы стенокардияның пайда болуына атеросклероздық түйіндер емес, басқа себептер, атап айтқанда, жүрек артериясының қысылуы әсер етеді.
Егер ауырсыну барған сайын үдеп бастаса, немесе басқалай өзгерсе (мысалы ауырсыну қолға, жаққа беріле бастаса) үдемелі стенокардия немес кернеу стенокардиясы болып саналады. Бұл екі түрі көп жағдайда инфаркт ауруының басталып жатқанын меңзейді.
Жүктемелік стенокардия
I ФК (жасырын стенокардия): стенокардия ұстамалары тек қана үлкен интенсивтілікпен физикалық жүктеме кезінде туындайды; игерілген жүктеме қуаты велоэргометриялық сынама бойынша (ВЭМ) 125 вт, екі рет жүргізу 278 шарт. бірл аз; метаболиялық бірлік саны 7 астам.
II ФК (жеңіл дəрежедегі стенокардия): стенокардия ұстамалары 500 метр қашықтыққа тегіс жермен жүру кезінде, əсіресе суық ауа райында, желге қарсы; бір қабаттан жоғары баспалдақпен көтерілгенде; эмоционалды қозу кезінде туындайды. Игерілген жүктеме қуаты велоэргометриялық сынама бойынша 75-100 вт, екі рет жүргізу 218-277 шарт.бірл. метаболиялық бірлік саны 4,9-6,9. Қарапайым физикалық белсенділік аздаған шектеулерді қажет етеді.
III ФК (орташа ауырлықтағы стенокардия): стенокардия ұстамалары қалыпты қарқынмен тегіс жерде 100-500 м қашықтықта жүру кезінде, бірінші қабатқа баспалдақпен көтерілу кезінде туындайды. Стенокардияның сирек ұстамалары тыныштықта пайда болуы мүмкін. Игерілген жүктеме қуаты велоэргометриялық сынама бойынша 25-50 Вт, екі рет жүргізу 151-217 шарт. бірл; метаболиялық бірлік саны 2,0-3,9. Қалыпты физикалық белсенділіктің айқын шектелуі болады.
IV ФК (ауыр форма): стенокардия ұстамалары аздаған физикалық жүктемелер кезінде туындайды, 100 м аз қашықтықта тегіс жерде жүруде, тыныштықта, науқастың горизонталды жағдайға ауысуында. Игерілген жүктеме қуаты велоэргометриялық сынама бойынша 25 Вт аз, екі рет жүргізу 150 шарт.бірл. аз; метаболиялық бірлік саны 2 ден аз. Жүктемелік функционалды сынақты жүргізбейді, науқастарда қарапайым физикалық белсенділікті айқын шектеу байқалады.
Аурудың асқынуы
Стенокардия жүректің ишемиялық ауруларының бір түрі болғандықтан, аурудың асқыну салдары да ортақ келеді. Уақыт өте келе науқаста созылмалы жүрек жетіспеушілігі пайда болады. Жоғары қысым аурудың асқынғанынан туындамайды, бірақ ауруды ауырлата түсетін факторға айналады. Қысым жоғары болған сайын, жүректің қанды қан-тамырларға айдауы қиындап, жүрек тоза бастайды.
Диагностика
Стенокардияны Удз арқылы немесе қан талдауы арқылы табу мүмкін емес. Ең сенімді жолы – коронарография арқылы тексеру. Коронарографияны диагноз табылмаған да, не болмаса науқасты жүрек отасына дайындап жатқанда ғана қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |