Қауіп факторлары және профилактика
Стенокардияны асқындыратын қауіптер:
Көптеген зиянды әдептер стенокардияның асқынуына әсер етеді.
Үнемі тойып жеу.
Біріншіден оған майбасуға әкелетін үнемі тойып тамақтану жатады, сонымен қатар баланс бұзылған, дұрыс емес тамақтану да жатады. Науқастарда холестериннің жоғары болуы олардың (холестериннің) тамырларда түйін түзуіне әкеліп соғады. Ал түйіндер тамыр арналарын бекітіп, жүрек бұлшық еттерін қанмен қамтамасыз етуіне бөгет болады.
Аз қозғалыс
Тойып тамақтану және майбасумен қатар қимыл аз өмір салтын, яғни гиподинамика мен гипокинезияны ұстанатындар да осы ауруға шалдығатын қаупі бар. Үнемі физикалық нагрузкадан шектелу жүректі бұзады, стенокардияның дамуына алып келеді.
Темекі шегу
Темекі шегу де көптеген жүрек ауруларын туғызады, сонымен қатар стенокардия мен жүректің бірден тоқтуына алып келеді.
Дәрігердің айқанын істемеу
Дәрігердің айтқанын орындамау, ем-домды дұрыс қабылдамау да аурудың асқыну қаупін туғызады. Егер сізге артериалды қысымды түсіретін дәрі-дәрмек берсе, одан бас тарту жүрек қан-тамырларының ауруына әкеліп соғады.
Егер стенокардия диагнозы қойылса не істеу керек?
Бұл диагноз қойылған жағдайда, ең әуелі ұстанатын өмір салтын қайта қарау керек:
Күнделікті ағзаға түсетін физикалық күшті көбейту керек. Оны білікті тренердің немесе емдік дене шынықтыру дәрігерінің бақылауында жасау керек. Жүгіру, жүзу, велосипед тебу, би және т.б. сияқты аэробты жаттығулар қошталады, дұрыс тамақтану салтына көшу керек.
Стрессті азайту керек, егер мүмкін болса стресспен кұресу жолын меңгеру керек.
Дәрі қабылдау. Алдымен дұрыс өмір салтын ұстану керек, сосын дәрі қабылдау шарт.
2.2 Миокард инфаркты туралы мәлімет
Миокард инфаркті (МИ) – жіті коронарлы қан айналымның жетіспеушілігінің нəтижесінде дамитын жүрек бұлшықетінің ишемиялық некрозы.
МИ мүгедектікке жəне өлімге алып келетін себептерінің бірі болып табылады.
МИ соңғы жылдары аурудың өршуі байқалуда, əсіресе жас жəне орташа жас буындарда кездеседі.
МИ-нан ауруханалық өлімшілділігі төмендегімен, бұл аурудан осы уақытқа шейін жалпы өлімділік жоғары болып отыр. Жалпы ауырғандар ішінде 30-50% құрайды. Өлімділік жағдайдың көбісі ауруханаға дейін орын алады.
Жүрек бұлшықетінің тереңділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы бойынша: МИ трансмуральды жəне трансмуральды емес деп 2-ге бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |