Туралы таным


БАсты ФиқҺ МӘЗҺАБтАры жӘне



Pdf көрінісі
бет14/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

БАсты ФиқҺ МӘЗҺАБтАры жӘне 
олАрдың құрушылАры
«Менен адамдардың бірі: «Пайғамбарымызға 
ересің бе, әлде Әбу Ханифаға ересің бе?» – деп 
сұраған кезде, оның сұрағына еріксіз күліп былай 
деуші едім:
«Пайғамбарымыздың сөзіне Әбу Ханифаның 
түсіндіргені бойынша еремін. Әбу Ханифаның 
қадірлі болуы өзінің жеке басынан туындаған 
нәрсе емес. Тек оның айналысқан діни ғылымына 
және пайғамбар қалдырған жолмен жүруіне ғана 
байланысты. Бүгінге дейінгі барлық мүжтаһид 
имамдар да дәл осылай».
(Мұхаммад Ғазали) 
А) Ханафи мәзһабы
Имам Ағзам Әбу Ханифаның ғылым жолы
Бұл мәзһабтың құрушысы имам Әбу Ханифа. Әбу 
Ханифаның шын есімі Нұғман бин Сәбит. Ұлты – парсы. 
Ханафи мәзһабының алғашқы үлкен өкілі болғандықтан 
мәзҺаб соның атымен аталған. Имам хижри 80-жылы 
Ирактың Куфа қаласында дүниеге келіп, хижри 150-
жылы Бағдатта қайтыс болды. Заманының таңдаулы 
ғалымдарының көбінен фиқһ және хадис ілімін үйренді. 
Ұстазы Хаммад бин Сүлейменнен (ө.120/738) он сегіз 
жыл дәріс алып, фиқһ ілімінде айтарлықтай дәрежеге 
жетті. Оның ілімі ұстазы Хаммад арқылы Ибраһим ән-
Нахаи (ө. 95/714), Алқама (ө. 32/652), әзіреті Али (ө. 


40
Мәзһаб туралы таным
40/660), Абдуллаһ ибн Масғуд және әзіреті Омар (ө. 
23/643) сияқты мүжтахид сахабаларға тіреледі.
Әбу Ханифа Куфада жанұясының күнкөрісі болып 
табылатын сауда-саттықпен айналысып, киім-кешек 
сатты, әрі іліммен айналысуды жалғастырады. 
Оның дұрыс та, тура тұжырым жасауында – қоғам 
құрылымын жақсы тануының, әрі теориялық білімі-
не қоса бұларды күнделікті өмірде жүзеге асырып 
жүрген саудагерлер арасында жүруінің үлкен әсері 
болды. Туралықты ұстанып өтірік пен бақталастықтан 
ұзақ тұруымен және кішіпейілділікпен аты шыққан. 
Аз сөйлейтін, фиқһтан сұрағанда сел сияқты 
тасқындайтын
52
.
Әбу Мұхаммед әл-Хариси Имам Ағзам Әбу 
Ханифаның ауызынан естіген мына оқиғаны баяндай-
ды:
«Бір күні Шағбиге отырған жерінен жолықтым. Ол 
мені қасына шақырып былай деді: 
– Кімді зиярат етуге барасың?
Саудадағы серіктерімнің біріне баратынымды 
айттым. Ол:
– Базар жақты айтпаймын қай ғұламаға 
баратыныңды сұрадым, – деді.
– Мен ғұламаларға сирек барушы едім, – дедім. 
Шағби:
– Олай істеме, саған ғылымға бет бұру керек. 
Ғалымдардың мәжілісінен айырылмау қажет. Мен 
сенің бойыңда зеректік пен алғырлық көріп тұрмын, – 
деді. Имам Ағзам осы сөзден алған әсері мен пайдасын 
былай жеткізеді:
52
Ғауижи У.С., «Әбу Ханифа ән-Нуғман» 69б.


41
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
«Сөзі жүрегіме қонды. Базармен айналысуды 
қойдым, ғылымға кірістім. Аллаһ Тағала оның сөзімен 
мені пайдаландырды». 
Ғылымға құштар болғаны соншалықты жас кезін-
де ой-пікір жүргізіп, пікірталас өткізуді ұнататын. Осы 
бағытта ол кәләм ғылымына ден қойды. Басраға отыз 
шақты рет барғандығы айтылады. Ол жерде мәселелер 
талқылайтын, айтысатын, шариғатқа жабылған 
күмәндарға жауап беретін. Осындай пікірталастардың 
бірінде Жәһм ибн Сафуанмен айтысып мойындата-
ды. Аллаһты мойындамайтындармен пікірталастырып 
соңында дінді қабылдатады. Мұғтазила мен харижит-
терге тиісті дәлелін ұсынып, шиғаның шектен шыққан 
топтарын сабасына түсіреді. Әбу Ханифа кәләм мен 
сенім негіздері ғылымында жоғары мәртебеге ие еді. 
Теріс пікірдегілер мен бұрмалаушыларға тойтарыс 
беруде үлкен рөл атқарды. Жиырма жасына жеткен 
шағында саусақпен нұсқап көрсетерлік атақтылардан 
болды. Куфа мешітінде өзінің жеке ғылым алқасын 
құрылып, аталмыш саладағы ғылым талапкерлері айна-
ласына жиылды
53
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет