Туралы таным


Масалихи мурсәлә (ел игілігі үшін көзделген



Pdf көрінісі
бет11/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

2. Масалихи мурсәлә (ел игілігі үшін көзделген 
істер)
Исламда қолданылған маслахаттар мына бес нәрсені 
қорғау мақсатына бағытталған. Олар: дін, мал-мүлік, 
жан, ақыл және нәсіл. Аят-хадиспен белгіленбеген мас-
лахаттарды (игілігі бар істерді) «масалихи мурсәлә» 
42
Әбу Дәуіт, Бую 57
43
Муслим, Зекет 168


32
Мәзһаб туралы таным
(ижтихадқа қалдырылған маслахаттар) – деп атайды. 
Бұл дәлелді ең көп Малики мәзһабы қолданған.
Төрт халифа дәуірінде масалихи мурсәләға сүйеніп 
көптеген ижтихад жасалған: Әзіреті Әбу Бәкірдің (р.ғ.) 
дәуірінде Құран Кәрімнің жинақталуы мен Әзіреті 
Осман (р.ғ.) кезеңінде көбейтілуі;
Әзіреті Османның (р.ғ.) халық санының артуына 
байланысты жұма күні екінші азанды айтқыза баста-
уы;
Әзіреті Әбу Бәкір (р.ғ.) өзінің қайтыс болатындығын 
сезіп, әзіреті Омарды (р.ғ.) халифалыққа үміткер етіп 
көрсетуі;
Әзіреті Омардың (р.ғ.) жаулап алынған Сирия мен 
Ирак жерлерін бұрынғы иелеріне беріп оларды хараж 
салығына байлауы. Осыған ұқсас шешімдер маслахатқа 
сүйенген ижтихадтың мысалдарына жатады
44
.
3. Әдет-ғұрып
Адамдардың көпшілігінің қалауымен үйреншікті 
халге келген істерге немесе естілген кезде ойға басқа 
бір мағына оралмайтындай дәрежеде белгілі бір ұғымға 
қолданылуы әдет халіне келген сөзге “урф (әдет-
ғұрып)” – дейді.
“Мұсылмандардың жақсы деп тапқан нәрсесі Аллаһ 
құзырында да жақсы” хадисі әдет-ғұрыптың діни бір 
дәлел болғандығын көрсетеді. Усулул-фиқһ (фиқһ не-
гіздері) кітаптарындағы ғұламалардың «әдет ғұрыптың 
шариғатта орыны бар», “әдет-ғұрыппен белгілі болған 
нәрсе шарт сияқты (міндетті) болады”, “әдет-ғұрыппен 
бекітілген нәрсе насспен (аят-хадиспен) бекітілген нәрсе 
сияқты” деген қағидалары әдет-ғұрып маңыздылығын 
44
Ғаззали Әбу Хамид. Әл-Мустасфа. Каир. 1 том 294- б.


33
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
белгілейді. Бұған дәлел ретінде арабтардың сахих әдет-
ғұрыптарын шариғатта қабыл етілуін көрсете аламыз. 
Мысалы мирас пен қамқоршы (уәли) мәселелерінде 
жақындық реті сол күйі қалдырылды
45
.
Әдет-ғұрып кітап және сүннетке қайшы болса қабыл 
етілмейді. Мысалы, кейде ішімдік пен өсімқорлық 
адамдар арасында жайылып әдет халіне келуі мүмкін. 
Бірақ бұл жарамды әдет-ғұрып болып саналмайды. 
Сондықтан Ислам қоғамындағы әдет-ғұрыптар екіге 
бөлінеді:
а) Сахих әдет-ғұрып: шариғат бойынша жарамды 
іс-әрекеттер. Мысалы, ұстаға бір затты тапсырыс беру 
(истиснағ) арқылы келісім жасау әлі дайын емес затты 
сатып алу болғандықтан дұрыс болмауы керек. Бірақ 
халық арасында кеңінен тарап, әдет халіне келгендік-
тен фақиһтер бұған рұқсат деген.
б) Фасид әдет-ғұрып: нақты бір нассқа (аят-хадис-
ке) қайшы келгендігі үшін жарамсыз деп саналған әдет-
ғұрыптар. Мысалы, жоғарыда айтылғанындай ішімдік 
пен өсімқорлық бүкіл Ислам әлеміне жайылса да бұған 
рұқсат берілмейді. Мұндай істер «фасид әдет-ғұрып» 
қатарына жатқызылып, ешқандай пайдалы тұстары мен 
кең тарағандығы оны шариғи тұрғыдан құпталуына 
жол аша алмайды. 
Әдет-ғұрыптың заманға немесе ортаға байланыс-
ты өзгеруі кейде үкімнің де өзгеруіне себеп болады. 
Осыған сүйеніп, кейінгі фиқшы ғұламалар Құран Кәрім 
үйретуде, имамдық, азаншы сияқты өзге де істерде 
жалақы алуға болады деп пәтуә берген. Негізінде бұл 
істер құлшылық болып саналғандықтан олар үшін ақы 
алу дұрыс болмауы керек еді. Осы бойынша осы істі 
45
Адас Н. «Сағадатул-вусул илә илмил-усул». 193 б.


34
Мәзһаб туралы таным
атқарушыларға жалақы берілмесе, олардың күнкөрістері 
қиындайды. Ал, күнкөріс қамы үшін басқа кәсіптермен 
айналысып кетсе, онда аталмыш діни міндеттер ақсап 
қалар еді. Олар уақыттарын арнайы орындар да өткізіп, 
басқа кәсіпке уақыттары болмағандықтары үшін ғана 
ақы алуға рұқсат берілді. Алған ақылары орындаған 
құлшылықтары үшін есептеп берілмейді
46
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет