Туралы таным


Шәрғу мән қабләна (алдыңғы шариғаттар)



Pdf көрінісі
бет12/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

4. Шәрғу мән қабләна (алдыңғы шариғаттар
Алдыңғы шариғаттар дегеніміз – Аллаһтың әзіреті 
Ибраһим (а.с.), Мұса (а.с.) және Иса (а.с.) сияқты 
Мұхаммедке (с.а.у.) дейінгі пайғамбарлар арқылы 
олардың қауымдарына жіберген үкімдері.
Бұл үкімдер әзіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметі 
үшін де жарамды ма? Олардың осы үкімдермен біз 
әрекет етуіміз керек пе? 
Исламда алдыңғы шариғат үкімдері екіге бөлінеді:
а) Құран Кәрімде немесе әзіреті Пайғамбардың 
сүннетінде айтылмаған Інжіл, Таурат және Забурдағы 
үкімдері. Бұлардың мұсылмандар үшін жарамды емес 
екендігінде Ислам ғалымдарының ижмасы (келісімді 
шешімі) бар.
б) Құран Кәрімде немесе Пайғамбардың сөздерінде 
айтылған үкімдер. Бұларды да үш топқа жинақтауға 
болады:
б.а) Мұсылмандар үшін күші жойылғандығына бай-
ланысты дәлелі бар үкімдер. Бұлардың мұсылмандар 
үшін жарамсыз екендігінде ижма бар. Яһудилерге 
шектен шығып, зұлымдық жасағандары үшін жаза 
ретінде барлық тырнақты хайуандардың және сиыр мен 
46
Ибрахим әс-Салқини, «әл-Муйәссәр Фи Усул-ул Фиқһ». 
188-б.


35
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
қойдың іш майларының харам болғаны сияқты
47
. Ал
бұлардың ішінде мұсылмандарға халал етілгендері бар. 
Соғыс олжаларының тек қана Ислам үмметіне халал 
етіліп, алдыңғы үмметтерге халал етілмеуін де осыған 
мысал ретінде көрсетуге болады.
б.б) Мұсылмандар үшін де үкімі жүретіндігіне байла-
нысты дәлелі болған үкімдер. Бұл үкімдер мұсылмандар 
үшін де тиісті болады. Оразаның алдыңғы діндерде 
парыз болғаны сияқты Исламда да парыз етілуі, әзіреті 
Ибраһимге (а.с.) бұйырылған құрбан шалудың Ислам 
үмметіне де бұйырылуы сияқты
48

б.в) Құран немесе хадисте мұсылмандар үшін күші 
жойылып, жойылмағандығына байланысты ешқандай 
сөз қозғалмаған үкімдер. Бұған мысал ретінде мына 
аятты бере аламыз: “Оларға Тауратта жанға жан, 
көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс деп 
қарымта төлеуді (қысас) жаздық. Ал кімде-кім мұны 
кешірсе, сонда ол оған кәффарат болады. Кімде-кім 
Аллаһ түсірген заң бойынша билік етпесе міне солар 
залымдар
49
.
Көпшілік фақиһтардың айтуы бойынша осы сияқты 
аяттар, біздер үшін де жарамды және өз алдына жеке 
дәлел бола алады. Аят пен хадистерде белгілі бір 
қауымға немесе кезеңге тиісті болғанына, яки үкімі 
жойылғандығына байланысты бір дәлел болмаса үкімі 
тұрақты болып қалады. Мұның дәлелі ретінде әзіреті 
Мұхаммедтің (с.а.у): “Кімде-кім бір намаз уақытында 
ұйықтап қалса немесе ұмытып өткізіп алса, оны есіне 
47
«Әнғам» сүресі, 145,146-аяттар
48
Ибн Мәжа, Әдәих 3.
49
«Мәйда» сүресі, 45-аят


36
Мәзһаб туралы таным
түскенде оқысын”
50
, – дегеннен кейін: “...Және мені 
еске алу үшін намаз оқы
51
аятын оқығанын көрсетеді. 
Себебі бұл аят әзіреті Мұсаға (а.с.) айтылған сөз еді. 
Осының нәтижесі ретінде ханафилер жоғарыдағы 
қысас аятына сүйеніп, мұсылман емес кісіні өлтірген 
мұсылманның қысас жолымен өлтірілетіндігін айтқан. 
Екінші жағынан Аллаһтың елшісі (с.а.у): “Жанға жан 
қысас бар” деп, қысас үкімінің осы үмбетке де қатысты 
екендігін білдірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет