42
Мәзһаб туралы таным
мәселелері мен араларында келісе алмаған мәселелерін
жақсы меңгерді.
Негізінде Имам Ағзамның фиқһ ғылымына ауы-
суына Зуфар (р.а.) әңгімелеген мына оқиға түрткі
болса керек. Ол Әбу Ханифаның былай дегенін естідім
дейді:
«Кәләм ғылымында айтарлықтай дәрежеге жеткен
болатынмын. Бірде Хаммад ибн Әбу Сулайманның
ғылым алқасына жақын отырдым. Кенет бір әйел талақ
мәселесінде сұрақ сұрап келді. Оны Хаммадқа жібердім
де, Хаммадтың айтқан жауабын маған білдір деп тапсыр-
дым. Әйел жауабын алып келгенде, менің сөзімді қажет
қылмағанын байқадым. Яғни мәселеге өте білімділік-
пен жауап берілген екен. Сосын мен аяқкиімімді шешіп
Хаммадтың жанына барып отырдым. Оның талқылаған
мәселелерін тыңдадым, әрі сөздерін жаттап алдым.
Ертеңіне сабақта қайталау жасағанда, мен ғана жатқа
айтып бердім. Ал қасындағы шәкірттері мүдіріп, айта
алмай қалды. Сонда Хаммад: «Мәжіліс төрінде менімен
қатар Әбу Ханифадан басқа ешкім отырмасын», – деді.
Бұдан кейін Әбу
Ханифа бұрынғы пікірталас
пен айтысқа негізделіп құрылған кәләм саласынан
алыстап, фиқх саласына бет бұрады. Муаффақ әл-
Мәккидің Яхия ибн Шайбаннан жеткізген хабарында
Әбу Ханифа фиқһшылардың артықшылығын айта келе
былай қорытындылайды: «Олардың
осы сипаттарын
білгеннен кейін талас-тартыс пен айтысты тәрк еттік.
Тек білумен ғана шектелдік. Бізден алдыңғы буынның
жолын ұстандық. Сол жолды білетіндермен мәжіліс
құрдық...»
Әбу Ханифа ғылым мен білім ордасы болған Куфа
қаласында өсті. Бұл қала фиқһ үйрету жағынан Мәдина
43
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
қаласымен қалыспайтын. Хадис ғылымынан Мәдинаға
жете алмаса да мәселелерді Құран мен сүннет бойын-
ша шешіп, ол жайында ешқандай аят, хадис болмаған
мәселелерді дәлелі бар басқа мәселелермен қияс жасап
шешуде едәуір ілгері еді.
Хадис ғылымында
Имам Ағзамның хадис ғылымында да ерекше орны
бар. Әйгілі хадис риуаят етушілерден көптеген хадистер
жинақтады. Оның ішінен
төрт мың хадисті өзгелерге
риуаят етті. Хадистерді жаттап, өзгелерге жеткізуден
басқа, хадистерді талдау, түсіну, мәтіндер арасын бірік-
тіріп, мәселелерді шешу және одан шығатын үкімдерді
бір араға жинау сияқты істермен айналысты. Содан
болар тек қана хадис риуаятымен айналысқандардың
арасында әйгілі болған жоқ.
Имам Ағзамның хадис
ғылымындағы терең түсінігі мен жан-жақты талдау
жасағандығына мысалдар өте көп.
Имам Кәусари айтады:
«Кімде-кім Әбу Ханифа хадистерді аз білді немесе
әлсіз хадистерді көп алды десе, оның өзінің хадис
ғылымынан хабарсыз екендігін білдіреді.
Сонымен
қатар, ұлық имамдардың жанында хадистерді қабыл ету
шарттары мен арнайы нормаларының болатындығын
білмейтіндігін көрсетеді. Имам Ағзамның хадистен
үкім шығару үшін бекіткен керемет қағидаларының
жанында білместікпен айтқан әлгілердің сөзі түкке жа-
рамай қалады».
Достарыңызбен бөлісу: