14
Мәзһаб туралы таным
толық түсінбейміз»
3
. Ал хадистерде фиқһ сөзі «нақты
мағлұмат, түсінік» деген мағыналарда қолданылған.
Енді фиқһ сөзінің терминдік мағынасына
тоқталайық. Исламның алғашқы кезеңінен бүгінгі
күнімізге дейін фиқһ сөзінің ұғымы бірнеше рет
өзгергендіктен фиқһқа
көптеген анықтамалар беріл-
ген. Әзіреті Мұхаммед (с.а.у.) пен сахабалар дәуірінде
фиқһ белгілі бір жүйеге келтірілген ғылым емес еді.
Сондықтан ол кезде фиқһ сөзінің мағынасы қазіргі кез-
дегідей кең ауқымды қамтымайтын. Ол кезде фиқһ тек
«ғылым» мағынасында ғана қолданылатын. Имам Әбу
Ханифа фиқһқа мынадай анықтама берген: «Кісінің
өзіне пайдалы және зарарлы болған нәрселерді білуі».
Имам Шафий болса фиқһқа: «Шариғаттағы іс-әрекетке
қатысты үкімдерді нақты дәлелдерімен білу», – деп
анықтама берген.
Осылайша фиқһ ғылымы дами келе соңында оған
мынадай анықтама берілген: «Фиқһ – адамның өзіне
пайдалы және зарарлы болған шариғат үкімдерін
білуі» немесе «Ғибадатқа, жазаға және әлеуметтік хал-
ахуалға қатысты шариғат үкімдерін нақты дәлелдерімен
білу»
4
.
Ислам діні пенде мен Аллаһтың арасындағы
байланысты реттегеніндей адам мен қоғамның,
яғни адамдардың арасындағы қарым-қатынасты да
реттеп, туындаған мәселелерді шешіп отырады. Осы
мәселелерді шешуде Ислам дінінің сүйенетін
негізгі
дәлел көздері Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) сүннеті болғандықтан кейбір дін ғұламалары
3
«Худ» сүресі, 91-аят
4
Караман Х. Анахатларыйла. Ислам хукуку 1 том 23 б. Станбул
2000.
15
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Құран Кәрім мен хадис шәріптердің әмірлерін зерт-
теп, қарапайым халық үшін
ережелер мен заңдар
дайындады. Бұны «фиқһ» деп атады. Себебі, әрбір
адам Құранды егжей-тегжейлі түсіне алмағаны сияқты
шариғат әмірлерін игере аларлықтай дәрежеде хадис
ғылымын да білмейді. Сондықтан ғұламалар өмірлерін
осы жолға арнап, «фиқһ» ғылымын белгілі бір тәртіпке
келтіріп жүйеледі.
Ғибадат, құқық, ахлақ, экономикалық және
әлеуметтік қарым-қатынасты қамтитын фиқһ ғылымы
– түрлі ұлттарды құрайтын Ислам үмметінің басын
қосып, біріктіретін ғылым. Басқаша айтқанда бүкіл
үмметтің өмірі. Фиқһсыз үммет өмір сүре алмайды.
Фиқһ Аллаһ пен құлдың арасындағы жеке қарым-
қатынасты қалыптастырумен басталады. Намазды,
оразаны, зекетті, қажылықты,
көзге көрінетін және
көрінбейтін нәжістерден тазалануды, жүріс-тұрысты,
үйретеді.
Фиқһ – айт, жұма күндерінде әдемі киінуді, хош
иіс себуді, желініп-желінбейтін нәрселерді, тамақтану
әдебін үйретеді.
Фиқһ – қоғамның ахлағы мен тәртібін де реттеп,
оған қажетті алғышарттарды қалыптастырады.
Мұсылмандардың бір жерге жиналып араларындағы
мәселелерді шешіп, ғылым-білім және мәдениет алма-
сып, араларындағы бауырмалдықты қуаттандыру үшін
қажылық, айт, жұма сияқты құлшылықтарды реттеген.
Фиқһ – отбасылық
өмірді егжей-тегжейлі
қарастырып, оның әрбір мүшесінің құқықтары мен
жауапкершіліктерін белгілеген. Әлеуметтік және
16
Мәзһаб туралы таным
экономикалық құқықты реттеп,
алдап-арбауды,
күштінің әлсізді езуін және өсім жеуді харам қылған.
Фиқһ – қоғамның тек бұл дүниедегі өміріне бай-
ланысты бөлімін ғана қарастырмай, дүние мен ақырет
өмірін бірге қамтыған
5
.
Фиқһтың қарастыратын үкімдерін төрт топқа
бөлуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: