Туралы таным



Pdf көрінісі
бет3/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

І БөЛІм
мӘзһАБ ТуРАЛЫ 
жАЛпЫ мАҒЛҰмАТТАР


10


11
МӘЗҺАБтың түрлері
1. Итиқади мәзһабтар жалпы екіге бөлінеді:
А) Әһли сүннет мәзһабы. Қазіргі таңда бұларға Ма-
туридия мен Әшғариялар кіреді.
Ә) Әһли бидғат мәзһабы. Бұлар екіге бөлінеді: 
а) Күпірге кірмегендер, яғни Исламның басты при-
нциптеріне қарсы келмейтіндер. Бұлар: Харижиттер, 
Қадария, Муғтазилә, Жабрия, Зәйдия, Имамия, Карра-
мия, Нажжария, Хасауия.
ә) Күпірге кіргендер. Бұларға Харижиттердің 
Ажария мен Маймуния тобы, Язидия, Батыния, Нуса-
ирия, Дурзия, Бабилік және Бахаилік кіреді. 
2. Фиқһ мәзһабтары. Әзіреті Пайғамбар тірі 
кезде уахи келіп тұрғандықтан ол кездері туындаған 
мәселелер тікелей Расулуллаһқа ұсынылып, бұл мәселе 
жайында аят түсетін, не болмаса Пайғамбар (с.а.у) оны 
өз ижтихадымен шешетін. Негізінде Расулуллаһтың 
(с.а.у) ижтихады уахидің басшылығымен болғандықтан 
оның нәтижелері қате бола қалған жағдайда, сол 
күйінде қалмай Аллаһ Тағала Пайғамбарымызға (с.а.у) 
білдіріп түзетіп отыратын. Пайғамбарымыздың (с.а.у) 
бұлай ижтихад жолын қолдануының себебі сахабалар-
ды ижтихадқа үйрету болатын.
Әзіреті Пайғамбар қайтыс болған соң туындаған 
жаңа мәселелердің діни үкімін анықтауға мәжбүр 
болғандықтан сахабалар Құран мен сүннеттің аясынан 
айырылмай ижтихад жасауларына тура келді. Әзіреті 
Омар және тағы басқа сахабалардың көптеген ижтихад-


12
Мәзһаб туралы таным
тар жасағаны белгілі. Ал, сахабалардың кезеңінен кейін 
ортаға шыққан мәселелерді шешу мұқтаждығы онан 
сайын артты, әрі осы мәселелер мәзһабтардың туында-
уына себеп болды.
1
Басты фиқһ мәзһабтары мыналар: Ханафи, Шафий, 
Малики, Ханбали.
Тарихта Ислам үмбетінің әділдігін дүниеге паш 
еткен де осы фиқһ саласы. Фиқһ әзіреті Пайғамбардың 
(с.а.у.) Мәдинаға хижрет (қоныс) жасауынан өліміне 
дейінгі он жылдық қысқа уақыттың ішінде тамамда-
лып, негізгі принциптері толығымен үмбетке табыс 
етіліп, ал бұлардан тыс тармақталған мәселелерді иж-
тихад жолымен онан әрі дамытулары міндеттелген.
Есте сақтар бір жайт, мұсылмандар еш уақытта 
діннің негізгі принциптерінде талас-тартысқа түспеген. 
Мысалы: Аллаһ Тағаланың бірлігі, әзіреті Мұхаммедтің 
(с.а.у.) Аллаһтың пайғамбары екендігі, Құран Кәрімнің 
Аллаһтан келгендігі, оның Пайғамбардың ең үлкен 
мұғжизасы болғандығы, бес уақыт намаз, зекет, қажылық 
сияқты құлшылықтардың орындалуында араларында 
ешқандай келіспеушілік жоқ. Сондай-ақ ішімдік, доңыз, 
өлексе сияқты харамдар мен мирас жайындағы негізгі 
қағидалар сияқты діннің нақты белгілі ерекшеліктерін-
де ешқандай талас-тартыс болмаған. Тек діннің негіз-
гі принциптері мен жалпы құралдарының тысындағы 
мәселелерде көзқарас айырмашылығы болған.
1
Ердоған Баш. Яхудилик, Христианлык ве Ислам. Станбул-
2004. 309 б.


13
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет