Туралы таным



Pdf көрінісі
бет5/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

1. Ғибадат. Намаз, ораза, қажылық, садақа сияқты 
ғибадатқа байланысты үкімдер. Осы ғибадаттардың 
тәртіп-ережелерін, қалай орындалатынын, оны бұзып, 
бұзбайтын нәрселерді қарастырады.
2. муғамалат (қарым-қатынас). Адамдардың 
араларындағы өсиет, мирас, сауда-саттық сияқты 
қарым-қатынастарын реттейтін үкімдер. Осы қарым-
қатынастардың қалай жүзеге асырылуын және 
тараптардың құқығын қарастырады.
3. мунакахат. Отбасына байланысты құқықтар. 
Некенің шарттары және жауапкершілігі, үйленгеннен 
кейінгі екі жақтың міндеттері, сонымен қатар 
ажырасудың тәртіптері қолға алынады.
4. уқубат. Мукәлләфтің
6
істеген қылмыстарын 
және осы қылмыс үшін берілген жазаларды қамтитын 
үкімдер. Бұл бөлімде қылмыстың түрлері мен 
дәрежелері және қылмыскердің жағдайы, оған берілетін 
тиісті жаза, сондай-ақ жазаның түрлері мен іске асыру 
жолдары қарастырылады.
Қазіргі уақытта фиқһ сөзінің орнына қолданылып 
жүрген «Ислам құқығы» тіркесі фиқһтың орнына 
жанама ретінде қолданылуда. Бұл тіркес тек қарым-
қатынас, қылмыс және мирас мәселелерін ғана қамтиды. 
5
Хайреддин Караман. Ислам Хукук тарихи. 24-25 бб.
6
Діни міндеттерден жауапты болған кісі


17
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Ал фиқһ болса мұнан да ауқымды, яғни бұған қоса 
тазалық және ғибадат мәселелерін де қарастырады. 
Адам баласы жаратушысы бар екенін білгені-
мен, оның бұйырған және тыйым салған нәрселерінің 
үкімдерін өздігінше біле алмайды. Бұл үкімдер фиқһ 
ғылымында жинақталған. Сондықтан фиқһ ғылымы – 
бұл дүние мен ақыретте Аллаһ Тағаланың ризашылығы 
арқылы мәңгілік бақытқа жетудің жолдарын үйрететін 
ғылымдардың асқары десек болады. 
Фиқһ саласы қамтитын шариғаттың амали 
үкімдеріне негіз болған дәлелдер төрт нәрседен бастау 
алады. Олар мыналар: 
1. Құран Кәрим.
2. Сүннет.
3. Ижма.
4. Қияс
7

Ислам ғұламалары шариғат ғылымдарының 
негізі болған Құран Кәрім мен сүннетті жан-жақты 
зерттеді. Сөйтіп олардан алынатын дәлелдерді 
бір-бірлеп айқындап, олардың қағидаларын түзді. 
Осы қағидалардың аясында шариғи үкімдерді 
шығарушыларға қойылатын талаптар мен шарттарды 
толығымен белгілеп кетті. Яғни бір сөзбен айтқанда 
мүжтахид пен ижтихадтың шарттарын, тақлид
8
пен 
оның үкімдерін баяндап түсіндіреді
9

Адамның істеген әрбір ісі мен айтқан сөздерінің 
(ғибадат, мәміле, сауда-саттық деп айырып жатпас-
тан) оның шариғи үкімінің болатындығында ешкімнің 
таласы жоқ. Алайда осы үкімдерді белгілеуде ғұламалар 
7
Бұлардың барлығына жеке-жеке тоқталамыз
8
Еліктеу
9
Ижтихад пен тақлид жайында арнайы тақырыпқа қараңыз


18
Мәзһаб туралы таным
әртүрлі тоқтамға баруы мүмкін. Мұның себебі осы 
үкімдердің кейбіреулерінің Құран Кәримде келген 
аяттар немесе хадис шарифте келген мәтіндер баян-
дап өткенімен, кейбіреулерінің анық айтылмағандығы. 
Дегенмен шариғат оларға да үкімдерді айқындайтын 
жолды көрсеткен. Мүжтахидтер сол жолдарға сүйене 
отырып, шариғаттағы үкімдерін айқындауға тырыса-
ды. Осы қажеттіліктен усулу-л фиқһ ғылымы туында-
ды. Исламда Усулу-л фиқһқа мынадай анықтама беріл-
ген: «Жалпы дәлелдерден шариғат үкімдерін шығаруға 
алып баратын ережелер жиынтығы». Усулу-л фиқһ қияс 
пен оның құжаттылығын, әмір (бұйрық рай) мен одан 
туындайтын үкімдері туралы сөз қозғайды. Мәселен, 
шариғат үкімдерінің ең бірінші дәлелі Құран Кәрімнің 
мәтіндері бір келкі болып келмеген. Оның кейбіреу-
лері әмір, енді бірі тыйым салу, енді бірі өсиет, кейбірі 
жалпылама шариғи үкімдердің жалпы жиынтығынан 
алынған қорытынды үкім түрінде келген. Усулу-л 
фиқһ ғылымы осы айтылғандардың бәрін егжей-тег-
жейлі тексеріп зерттейді және топшылайды. Мысалы, 
усулу-л фиқһ әмірден (бұйрық рай) уәжіп үкімінің, 
тыйымнан харам үкімінің шығатынын айқындап береді. 
Осылайша усулдің тер төгіп анықтаған қағидаларын, 
жүйелеген негіздерін фиқһ ғылымының ғалымы яғни, 
фақиһ қолданып, оны тәжірибелік қолданысқа енгізеді. 
Жалпылама үкімдерден жекелеген үкімдерді шығарып, 
шариғаттың амали үкімдерінің кеңейтілген жобасын 
жасайды. Сондай Ислами қағидалар арқылы дінді 
қорғай білу, біз үшін өте қажет.


19
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет