29
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
қажылық жасай аласың”
39
– деген.
Яғни адамдардың
қарызы мен Аллаһтың алдындағы міндетін өтеудің
ұқсастығын салыстырып, мысал берді.
Кейбір сахабалар әзіреті Әбу Бәкірге (р.ғ.)
бәйат
еткен кезде, әзіреті Пайғамбардың (с.а.у.)
оны намаз үшін имам ретінде сайлағанын еске ала
отырып халифалықты басшылық сипаты үшін намаз
имамдығымен салыстырған
40
.
Қияс төрт негізден тұрады:
а) Асыл (негіз). Өзі жайында үкім түскен мәселе
(аят, хадис);
б) Фәрғ. Өзі жайында үкім түспеген, бірақ адамдар
үкімін
білуге мұқтаж мәселе;
в) Үкім. Қияс жолымен жаңа мәселеге берілетін
үкім (парыз, уәжіп, харам, мәкрух секілді);
г) Ортақ иллет (себеп). Әрі асылдағы, әрі фәрғдағы
ортақ болған ерекшеліктер.
Мысалы ішімдік аят арқылы тыйым салынған
шарап “асыл”, шарап үкіміне байланатын жаңа ішімдік
түрі (мысалыға сыра) “фәрғ”, шараптың үкімі
болған
харамдық “үкім”, ал екеуіне ортақ мас қылу сипаты
“себеп” болады.
Достарыңызбен бөлісу: