Туралы таным


Сәләфия ағымын ұстану мен сәләф



Pdf көрінісі
бет63/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Сәләфия ағымын ұстану мен сәләф 
қауымын үлгі тұтудың айырмашылығы
Құран мен хадисті түсінуде және оны өмірде 
қолдануда сәләфу-с салихиннің жолын үлгі ету Құран 
мен Пайғамбар (с.а.у.) сүннетін ұстанатын мұсылман бо-
лудан туындайтын міндет. Себебі, Аллаһ Тағала өзінің 
елшісіне бой ұсынуды әмір етіп: «Пайғамбар сендерге 
не берсе соны алыңдар, сендерді неден тыйса содан 
тыйылыңдар»
101
деді. Ал Пайғамбарымыз (с.а.у.) болса, 
өзінің және тура жолдағы әділетті орынбасарларының, 
сондай-ақ сахабалар мен алғашқы үш буын өкілдерінің 
ішіндегі ізгілердің жолымен жүруді әмір етті. Бұл 
жайындағы хадис шәріптер:
«Дінге жаңадан енгізілген істерден сақтаныңдар. 
Ол – адасушылық. Кімде-кімнің өмірі осыған (дінге ен-
гізілген жаңа істер етек алған уақытқа) жетсе, ол менің 
және менің тура жолдағы әділ халифаларымның жолын 
ұстанып, мықтап жабыссын»
102
.
«Адамдардың ең абзалы менің заманымдағылар. 
Одан кейін оларға ергендер, одан кейін оларға 
ергендер»
103

Олай болса олардың ең абзал қауым ретінде баян-
далуында, оларға еру мен оларды үлгі тұтудан басқа бір 
мағына жоқ. Ал «сәләфия» деп аталатын, құрамындағы 
мүшелерін көбейтуге негізделіп құрылған жаңа ағымды 
101
«Хашыр» сүресі, 7-аят
102
Тирмизи, Ибн Мәжә және Әбу Дәудта
103
Ахмад, Тирмизи және Бәйхақида


149
Сәләфия хақ жол ма?
мәзһаб ретінде ұстанудың жоғарыдағы «үлгі тұту» 
ұғымына қатысы жоқ бөлек нәрсе екені белгілі. Себебі 
көптеген мәселеде екеуі екі бөлек үғым екені айқын 
байқалады. 
Енді осы сәләф деп аталған Исламның алғашқы 
дәуіріндегі үш буын өкіліне еріп, үлгі тұту мен 
бүгінгі «сәләфия» деген ағымды ұстанудың 
арасындағы айырмашылыққа тоқталайық. Бұл 
екеуінің арасындағы айырмашылықты «Мухаммади-
лер» мен «Мұсылмандар» деген сөздің арасындағы 
айырмашылыққа ұқсатуға болады. Мұсылмандарға 
«Мухаммадилер» сөзін қолдану мұсылман емес зерт-
теушілер мен ориенталистердің әдеттері екені баршаға 
мәлім. Тағы бір айқын нәрсе – бұлай атаудың ислами ере-
желер мен шынайы мұсылмандардың өмір шындығына 
сәйкеспейтін теріс іс екендігі. Себебі «мухаммади-
лер» сөзі мұсылмандарды Мұхаммедтің (с.а.у.) жеке 
басына тәуелді, оның жеке пікірлерінің тараптарлары 
етіп көрсетеді. Ал «мұсылмандар» сөзі болса, Аллаһ 
Тағаланың әмірі мен үкімдерін дін етіп ұстануды және 
Мұхаммедтің (с.а.у.) елшілігі арқылы келген барлық 
нәрсені қабылдау дегенді білдіреді. Шын мәнінде 
пайғамбарға (с.а.у.) бой ұсыну оны сүю – Аллаһқа бой 
ұсыну мен оның елшісі екендігін қабылдаудың нәтижесі. 
Міне осы «Мухаммадилер» мен «мұсылмандар» сөзінің 
арасындағы айырмашылық сәләф қауымына еру мен 
«сәләфия» жолын ұстанудағы айырмашылықтың нақ 
өзі. Сәләфилікті ұстану – сәләфус-салихиннің жеке 
тұлғалық қасиеттерін сомдайтын және олардың жеке 
жамағат болғандығын көрсететін арнайы мәзһабтары 
болды дегенді білдіреді. Бұл қате пікір. Ақиқатында, 
оларда Аллаһ пен пайғамбарына кәміл түрде бойсұнудан 


150
Мәзһаб туралы таным
басқа жеке бастарына тән ерекшеліктері болған жоқ. 
Бұған қоса бүгінгі сәләфия мәзһабына кірушілер өзге 
мұсылмандардан ерекше, өздерін ғана шынайы Ислам-
ды алып жүрушілер, Исламды ең дұрыс үлгіде жандан-
дырушылар етіп көрсетуде. Олардың осылай түсіндіруі 
мен суреттеулерінің нәтижесінде Ислам – осы ағымның 
және сол ағымдағылардың ізінен еру; олар қайда барса 
сонда бару; этика негіздерін олар неге негіздеп құрса 
соған негіздеп құру; олар неге қарсы күрессе, соның 
барлығымен күресу болып шыға келеді. 
Ал сәләфтарға шын мәніндегі еру дегенге келетін 
болсақ, ол Пайғамбарымыз (с.а.у.) құрметтеуге әмір 
еткен, Аллаһтың дінінде шынайы болған үш буын 
өкілдерін құрметтеуді білдіреді. Сондай-ақ Құран мен ха-
дисті түсіну мен олардан шариғи үкімдерді, діннің басты 
қағидаларын анықтауда солардың ұстанған жолын үлгі 
тұту болып табылады. Ислам – өзінен бұрынғылардан 
үйрену арқылы болатын жол. Яғни Пайғамбарымыздан 
(с.а.у.) бері қарай үзіліссіз жеткен болуы керек. Ешкім 
өзінің жеке ақылына, тәжірибесіне сүйеніп, дінге 
өзгеріс енгізе алмайды. Сондықтан шариғаттың негізі 
мен діңгегі – дұрыс түсінік пен таным қалыптастыратын 
өзгермес әдістемелік ережелер жиынтығы болып та-
былады. Ал, Пайғамбарымыздан (с.а.у.) қалған осы 
әдістемелік ережелерге қол жеткізуде Аллаһ Тағаланың 
дінінде шынайылықпен танылған сәләфус-салихин 
нағыз үлгі болады. Себебі сәләф дәуірінің өзінде осы 
діни нормалар мен ережелердің таразылауында қадірі 
артқанның қадірі артты, дәрежесі түскеннің дәрежесі 
түсті. Бұл нормаларды ұстанбағандар Исламның 
алғашқы дәуірінде өмір сүргеніне қарамастан салафус-
салихин қатарынан шығып қалды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет