Туралы таным


Сәләфияны арнайы жол ретінде ұстанудың



Pdf көрінісі
бет65/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Book-1365575707-51807(1)

Сәләфияны арнайы жол ретінде ұстанудың 
бидғат екендігіне дәлел
Сәләфияны арнайы жол ретінде ұстану қашан 
пайда болды?
Сәләф дәуірінің мұсылман үмметіннен тыс кітап 
иелері және басқа да қауымдарды қамтығаны баршаға 
мәлім. Сонымен қатар өздерін Исламға жатқызатын 
көптеген топтар мен ағымдар да болды. Бірақ олар 
әр түрлі себептерге байланысты мұсылман үмметінің 
көпшілік ғұламалары мен имамдары тарапынан 
мақұлданған Құран мен сүннетті түсіну, тәпсірлеу 
жолынан ауытқыды. Бұл ауытқу оларды әр түрлі 
шырғалаң мен адасушылыққа итермелеп, одан әрі 
топ-топқа бөліп тастады. Бұлардан харижия, муржия, 
мұғтазилаларды атауға болады. Содан кейін бұлар өз 
іштерінде көптеген тармаққа айырылды. Олардың көбі 
бір-бірін күпірлікпен айыптайтын болды.
Осы әртүрлі топтарға қоса сәләф дәуірі басым 
көпшілік қалың топты (сәуәд ағзамды) да қамтыды. Олар 
(сәуәд ағзам) – ижтихадта, тәпсірлеуде Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) бен оның сахабаларының мәтіндерді түсіну жолы 
мен ұстанымдарынан алынған қағидаларға бағынған 
мұсылмандар еді. Бұлар «әһли сүннә уал жамаға» деп 
аталды. Олардың барлығы бұл қағидаларды бір ауыздан 
қабыл етті. Бұрыс жолдағыларды тани білу үшін тура 
жолдағылардың ерекшеліктері мен сипаттарын білу 
қажет. Сондықтан біз басқаларды қоя тұрып осы «әһли 
сүннә уал жамаға» деп аталатын қалың қауым жайлы 
әңгімелейміз. «Олардың бұл атты иеленуінің себебі 
неде? Мағына тұрғысынан мутауатыр дәрежесіне 
жеткен көптеген хадистерде Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) мадақтап дәріптеген, олардың ізінен еруді әмір 


156
Мәзһаб туралы таным
еткен мұсылман жамағаты осылар болуының сыры 
неде?» - деген сұрақтар аясында оларды тануға тыры-
самыз. Олардың бұл атқа лайық болуларының басты 
себебі ақылдың басшылығы мен нақылдың (Құран 
және хадис) дәлелін өте шеберлікпен үйлестіру жолын 
ұстанғандығы болды. Одан кейінгі себеп – мәтінді 
тәпсірлеуде араб тілінің ережелерін басшылыққа 
алу еді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Құранды түсінуі 
мен сахабалардың тәпсірлеу ижтихадтарында мұның 
барлығына олар үшін тәжірибе жүзіндегі нақты үлгілер 
жеткілікті болды. Демек әһли сүннәт пен өзге адасушы 
топтардың арасын ажыратып тұратын, олардың жеке-
дара тура жолда екенін паш ететін нәрсе ол – өзгелерден 
ерекшеленіп, өз жақтастарын жинауға арналған бел-
гілі бір топтың жалаң ұраны емес еді. Бүгінгі көріп 
жүргеніміздей жалаң ұранмен жақтас жинау «сәләфия» 
ағымын мәзһаб етіп ұстанудың нақ өзі. Нағыз сәләфус-
салихиннің өміріне үңілсек, бұлай істеу олардың ойына 
да кіріп шықпағанын көреміз. Егер олар жамағаттық 
немесе ағымдық сипатпен ерекшеленгенде, сөз жоқ, 
Құран мен хадистен ауытқыған өзге топтар да олардың 
тобына кірген болар еді. Себебі олар да әһли сүннә уал 
жамаға болып көрінуге қатты мұқтаж болатын. Егер 
соншалықты сыртқы көрініспен бітер оңай іс болғанда, 
олар да осы мәзһабтың құрамына енсе де, енбесе де сол 
мәзһабтың терісін жамылып, сол ұранмен ұрандатар 
еді. 
Бірақ-та әһли сүннә уәл жамағаттың бірлігін 
көрсетуде немесе өзге адасушылардың қисық жолы-
нан бөлінуде ешбір ұранның да жеке топ болудың да 
әсері жоқ екендігі әрбір ақылды жанға аян. Оларды 
өзге қисық жолдағылардан ерекшелеп тұрған нәрсе – 


157
Сәләфия хақ жол ма?
олардың жоғарыда айтылған ғылыми әдістемелік жолды 
ұстанулары еді. Яғни, бірінші – хабардың сахихтығын 
тану; екінші – Құран мен сүннет мәтінін түсіну; үшінші – 
ижтихад жасаудың қағидалары мен негіздерін қолдану. 
Осы жолды ұстанғандардың барлығы «әһли сүннә уәл 
жамаға» деп аталған топтың шеңберіне кіреді. Мейлі ол 
бұл дүниенің ең соңғы ғасырында өмір сүрсе де. Себебі 
бұл жол ешкімнің меншігі емес. Кім лайық болса, сол 
ғана иемдене алады. Ол жолды ұстанбағандардың 
барлығы Исламның алғашқы ғасырында өмір сүрсе 
де әһли сүннә шеңберінен шығып қалады. Кім лайық 
болмаса, оны ешқандай сыртқы көрініс немесе ұран 
құтқара алмайды. 
Олай болса, бүгінде жоғарыдағы әһли сүннәнің 
таразылаушы жолының орнына ұсынылып жүрген 
«сәләфияны мәзһаб ретінде ұстану» деген нәрсе 
алғашқы үш ғасырдағы сәләфу-с салихинда болмағаны 
белгілі болды. Ондай бір ұранмен бұл жолға қосылу ісі 
олардың ойына да кіріп шықпады. Сосын олар өздеріне 
ұнамағандарға «сен әһли сүннәдан шықтың» демей-
тін. Одан кейінгі ғасырларда да осы аталмыш ғылыми 
жол жалғасын тапты. Барлық ғасырларда осы жолды 
ұстанып, әһли сүннә уәл жамаға жолындағыларға ер-
гендер және бұл жолдан тайғандар болып бөлініп 
отырды. Бірінші топтағылар барлық ғасырларда 
мұсылмандардың ұлы көші болып саналатын әһли 
сүннә уәл жамаға құрамына енді. Екінші топтағылар 
аталмыш ғылыми жолдан ауытқу деңгейіне қарай әһли 
сүннә уәл жамағаттан ұзақтап отырды.
Осынау өткен ғасырлардың ешбірінде тура 
жолдағылар мен адасушылардың арасын ажыратып 
тұратын аталмыш ғылыми жолды «сәләфия» деген 


158
Мәзһаб туралы таным
мәзһабты ұстанумен айырбастаған ешкімді көрмедік. 
Яғни бұл мәзһабқа кіру тура жолға түсу, бұл мәзһабқа 
кірмеу адасушылық әрі бидғатшылық болып санала-
тындай.
Тарихқа ұзақ уақыт үңілдік, көптеген зерттеулер 
жасадық, бірақ исламның ешбір дәуірінде бұл мәзхаб 
жайлы дерек кездестермедік. Сондай-ақ ешбір ғасырда 
өзінің ағымына тән шектеулі пікірлері мен ахлақтарына 
адамдарды шақыру арқылы мұсылмандардың ара-
сында қандайда бір «сәләфия» деп аталатын топ 
болғандығын ешкім айтқан емес. Осы топтың пікірі 
бойынша «бидағия», «далалия» (адасушы) немесе «ха-
лафия» (кейінгілер) деген топтың болғаны жайлы да 
дерек жоқ.
Біздің бар естігеніміз «сәләфу-с салихиннің» 
іс-әрекетінен алынып құрылған аталмыш ғылыми 
жолдың аясында адамдардың ақиқаттан тайып-тайма-
ғандықтарының анықталатындығы ғана. Сәләфқа 
еру – осы ғылыми-әдістемелік жолды дұрыс үлгіде 
қолдану жолында олардың іс-әрекеттері мен білімдерін 
басшылыққа алу арқылы ғана болады. Осы жолдың 
аясынан шықпайынша, сәләфус-салихиннің өз арала-
рында әртүрлі пікірлерге баруы дұрыс болған болса, 
онда олардан кейінгі келгендер де аталмыш жолдың 
аясында әртүрлі тоқтамға барып жатса еш сөкеттігі 
жоқ. Сәләфус-салихиннің өз араларындағы пікір 
айырмашылықтары ислами бірлікті «тура жолдағы» 
және «одан таюшы» етіп екіге бөлмегені сияқты, олар-
дан кейінгі келгендердің де бір-бірінен өзгеше пікірге 
баруы олардың бөлінуіне себеп болған жоқ. Яғни бірін 
сәләф, бірін бидғатшы деп екіге бөлмеді. Осылайша 
Ислам тарихы он төрт ғасыр өткізді. Ешбір ғасырдың 


159
Сәләфия хақ жол ма?
ғұлама-имамдарынан мұсылмандардың тура жолда 
екендігінің дәлелі «сәләфия» деген ағымға кірумен 
болатындығын да естімедік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет