Тургумбаева нурсулу каирдыновна қазақ тілінен қызықты мәтіндер жинағы



бет10/10
Дата02.10.2023
өлшемі1.16 Mb.
#479552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақ тілінен қызықты мәтіндер жинағы

ДИПЛОМҒА КӨРІМДІК


1.Құтылу –босатылу- бітіру- тастау
2.Қызықты-біртүрлі-көңілді-шытырман
3.Тойлау-жуу-дүркірету-,өткізу
4.Демалу-тынығу-сергу-шаршау
5.Пайда-табыс-тиім-мүлік
6.Ауқымды- кең-үлкен-мол
М іне төрт жылды артқа тастап, қолыма дипломымды алдым. Қуанышымда шек жок. Бірінші курста оқуды қашан бітіріп, ҚазГЗУ-ден қашан құтылармын деп ойлаушы едім. Енді қимай тұрмын. Студенттік өмір ең қызықты кезең екенін енді түсіндім. Астанаға оқуға түскенде ата –анамның төбелері көкке жетіп, бүкіл туыстарға мақтап, ауыздарынан тастамайтын. Отбасым мен туысқандарым қазір мені тосып отыр, алған дипломымды жақсылап тұрып жуу үшін. Ағаларым үшін кездесіп демалудың бір амалы болса, жеңгелерім мен анам үшін үлкен жұмыс. Себебі тойдың қамы солардың мойындарында. Ал мен үшін пайда табудың көзі, демек көрімдік жинау...
Ата-анам тойды дүркіретіп өткізді, келген адамдардың бәрі ақшалай көрімдік берді. Артынан асықпай санасам, ауқымды ақша жиналып қалыпты. Жаңа айфон ба әлде екінші жоғарғы білім алайын ба деген ой туып отыр. Осындай дәстүрі бар елімнен айналайын! Көрімдіктің маңызы алып-беруде ғана емес, жақындардың ниетін, ашыққолдылығын, қуанышқа ортақтастығын да танытудың белгісі.
ТАПСЫРМАЛАР:

  1. Мәтіннен бұрын берілген сөз қатарларынан артық сөздерді тап. Түсіндір. Көмекші сөздер мен оралымдар: Артық, ортақ, сәйкес келмейді, ұқсас, байланысты, байланысты емес, мағынасы жақын, мағынасы қарама- қарсы, т.б.;

  2. Келесі сөйлемдердің өтірік-шынын анықта;

  • Мәтін кейіпкері Өскеменде білім алды

  • Төрт жыл Астанада білім алды

  • Басқа қалаға оқуға түскеніне ата-анасы қарсы болды

  • Той, ағалары үшін демалудың амалы болса, жеңгелері үшін үлкен жұмыс

  • Ата-анасы туыстарға шағын той жасады

  1. Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер бар?

Тест:
1. «оқуға түсті» деген қай сөз табына жатады?


A. зат есім
B. етістік
C. үстеу
D. етістік
E. сын есім
2........ең қызықты кезең.
А. Студенттік өмір
В. Оқушы кезең
С. Үлкейген кез
Д. Кішкентай кез
Е. Қаладағы өмір
3. «Отбасы» деген қай сөз табына жатады?
А. Зат есім
В. Сын есім
С. Сан есім
Д. етістік
Е. Үстеу
4.«Отбасы» деген сөздің орысша аудармасы қандай?
А. книга
В. семья
С. телефон
Д. ручка
Е. Мама
5.Жақындарымнан ...... жинау жұмысы күтіп тұр.
А. көрімдік
В. қағаз
С. телефон
Д. ручка
Е. мама
6. «Той» сөзінің аудармасы қандай?
A. книжка
B. телефон
C. ручка
D. мама
E. свадьба
7. Отбасым мен туысқандарым қазір мені тосып отыр,алған .....жақсылап тұрып жуу үшін
A. дипломды
B. телефонды
C. ручканы
D. мама
E. кітапты
8. «Аға» сөзінің аудармасы
A. брат
B. сестра
C. муж
D. жена
E. отец
9. «Астана» қай сөз табына жатады?
A. сан есім
B. зат есім
C. етістік
D. үстеу
E. еліктеу сөз
10. «Оқу» қай сөз табына жатады?
A. сан есім
B. зат есім
C. етістік
D. үстеу
E. еліктеу сөз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет