ЖОЛ СІЛТЕУ
Іс-сапар – демалыс – жұмыс
Көше бойы – көше басы – көше аяғы (төмен жағы)
Бел буды – шешім қабылдады – бас тартты
Тоқтату – жол бөгеу – тоқтау
Айтып жіберу – көмектесу – көрсетіп жіберу
Зырылдау – асығу – зуылдау
Қиылыс – бұрылыс – жол
Тура – сол жақта – осы бағытта – қарсы жақта
Ақеркені бастығы Алматыға іс-сапарға бірінші рет жіберді. Бөтен қалаға жалғыз келіп көрмеген қыз жан-жағына таңдана қарады: -Көлік кептелісі неткен көп! –деп ішінен ойлады. Бастығының тапсырмасын орындап, тезірек қайту керек. Оған керек жер «Райымбек» компаниясының бас ғимараты. Ақеркенің көлік кептелісімен жүргісі келген жоқ... . 2ГИС қосымшасын ашып көрді, бірақ түк түсінбеді. Әуежайдың жақын көшесіне шығып, көше бойымен келе жатқан адамдардан сұрауға бел буды. Бірінші кездескен адамды тоқтатып:
Сәлеметсіз бе! Райымбек деген жердің қайда екенін айтып жібересіз бе? Өзі де асыққанға ұқсаған жігіт зырылдай жөнелді:
Сәлеметсіз бе, тәте! (Ақерке не күлерін не ренжірін білмей, қабағын бір түйді) Иә. Осы көшенің бойымен 300 метрдей тура жүрсеңіз, алдыңыздан субұрқақ шығады. Субұрқақтың оң жағымен айналып өтсеңіз, екі көшенің қиылысын көресіз. Қиылыстың субұрқаққа қарсы бағдаршамынан өтіп, Райымбекке түсесіз. Көше бойымен 320, 321, м...еее!..сосын 61-ші бағдарлар арқылы қатынауға болады.
Алғысын айтып Ақерке жүгіріп бара жатқанда жол нұсқаушы жігіт: -Тәте, ол көшеде жол сақшылары жиі жүреді, тегінде көрінген жерден жолды қиып өтуге болмайды! – деп күлді. Ақерке: - Ескерткеніңізге рахмет, бірақ .... мен тәте емеспін, - деп күңк етті.
Тапсырмалар:
Мәтіннен бұрын берілген сөз қатарларынан артық сөздерді тап. Түсіндір. Көмекші сөздер мен оралымдар: Артық, ортақ, сәйкес келмейді, ұқсас, байланысты, байланысты емес, мағынасы жақын, мағынасы қарама- қарсы, т.б.
Жігіт қызға керек жерді дұрыс түсіндірді ме?
Мәтінге берілген сурет мәтін мазмұнына сәйкес келе ме? Неге? Түсіндір.
Берілген карталардан А нүктесі мен Б нүктелерін таңдап, жету жолын түсіндір.
Тест:
1.Ақеркені бастығы қай қалаға іс-сапарға жіберді ?
Атырауға
Алматыға
Астанаға
Ақтауға
Жаркентке
2.Ақеркенің баратын жері қалай аталады ?
Райымбек көшесі
Райымбек холдингі
Рауан дүкені
Орталық көше
Дұрыс жауабы жоқ
3.Ақеркенің бірінші кезіктірген адамы кім ?
Жас жігіт
Кәрі апа
Кішкене бала
Қарт ата
Дұрыс жауабы жоқ
4.Осы көшенің бойымен 300 метрдей тура ....., алдыңыздан субұрқақ шығады
Қимылдасаңыз
Жүрсеңіз
Балқысаңыз
Ерсеңіз
Дұрыс жауабы жоқ
5. Ақерке қандай қосымша арқылы мекен-жайды білмек болды?
Карта
Гугл
2 ГИС
Оян.кз
Дұрыс жауабы жоқ
6........жақын көшесіне шығып, көше бойымен келе жатқан адамдардан сұрауға бел буды.
Жағажайдың
Аялдаманың
Әуежайдың
Кемежайдың
Дұрыс жауабы жоқ
7. Бірінші ..... адамды тоқтатып ?
Қарсыласқан
Жолыққан
Арпалысқан
Ұрсысқан
Дұрыс жауабы жоқ
8. Тәте, ол көшеде жол сақшылары жиі жүреді, тегінде көрінген жерден жолды қиып өтуге болмайды! – деп күлді. Жол сақшысы сөзінің аудармасы
Пожарный
Охранник
Учитель
Адвокат
Дұрыс жауабы жоқ
9. Ақерке бастығының тапсырмасын орындап, тезірек қайту керекпе ?
Иә, керек
Жоқ, керек жоқ
Керексіз
Қажетсіз
Дұрыс жауабы жоқ
10.Ақерке не күлерін не ренжірін білмей, қабағын ..... .
Көтерді
Жылжытты
Түсірді
Бір түйді
Дұрыс жауабы жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |