БЕШПАРМАҚ ЕМЕС – ҚАЗАҚША ЕТ
Жазғы- күзгі- кешегі
Жыл сайын – күн сайын – өте сирек
Ескерту – ескеру – мән беру
Хабарласу –қарым-қатынас жасау – қоңырау шалу
Дастархан басы – үйдің төрі – үйдің босағасы
Тамақ – азық – тағам
Көркін келтіріп тұр – өңін ашып тұр – әрлеп тұр
Тәтті – дәмді – ашты
Шұжық – сүрленген ет – қазы-қарта
Құрт – бауырсақ – бал бауырсақ
Әзірлеу – қуыру – пісіру
Сабақ бітіп, жазғы демалысқа шықтым. Жыл сайын демалыста атам мен әжеме ауылға барамын. Әжеммен хабарласып, келемін деп ескертіп, бешпармақ дайындауын сұрадым. Әжем қуанып кетті. Көп ұзамай ауылға да жеттік. Алдымыздан ата-әжем қуана қарсы алып, мені дастархан басына апарды. Дастархан тамаққа толы. Бір табақ еттің өзі ғана дастарханның көркін келтіріп тұр. Табақ ішінде қазы-қарта да, жал-жая да, сүрленген ет те бар. Бұл әжемнің маған арнап, соғымнан қалдырған сыбағасы.
Бұдан басқа бауырсақ, талқан, құрт, сүзбе, бәтер, ірімшік те бар. Етке тойып, әжемнен десерт сұрадым. Әжем : - Ойбай, онысы несі?- деп таңданды. Мен: - Әжетай, ол дегенің тәтті тамақ қой,- деп күлдім. Содан соң әжем өз қолымен жасаған тәтті жентті ұсынды. Мұндай десертті мен күнде жер едім. Жеңгем әжеме: - Рахмет, бешпармағыңыз дәмді болыпты!- десе, әжем: -Түй, қойшы, бешпармақ деп айтпашы, «қазақша ет» деген жақсы емес пе?! Өзім ойлансам, шынымен де, қазақша ет деген жақсы ма?...
Тапырмалар:
Мәтіннен бұрын берілген сөз қатарларынан артық сөздерді тап. Түсіндір. Көмекші сөздер мен оралымдар: Артық, ортақ, сәйкес келмейді, ұқсас, байланысты, байланысты емес, мағынасы жақын, мағынасы қарама- қарсы, т.б.
Мәтіндегі бір тағамның дайындау тәсілін жаз;
Өзіңнің сүйікті тағамыңның дайындау тәсілін айт;
Сөйлемдерді жалғастыр (шартты рай, болжалды келер шақ):
Мысалы, апам қасымда тұрса, мұндай десертті күнде жер едім.
Жазда қар жау..., біз .................................................................................. .
Мен қазақша қатесіз және тез сөйле..., ................................................ .
Лотереядан 1 000 000 теңге ұттып алса..., сен ....................................... ?
Ағамда 100 жылқы бол... , ............................................................................. .
Әкем алпауыт бай бол... , .............................................................................. !
Қайрат Нұртас бізге көрші болып көшіп кел ..., ......................................... .
Тест:
1. Мәтін кейіпкері жыл сайын қайда барады?
А) ауылға
В) қалаға
С) жайлауға
D) сенбілікке
Е) тойға
2. Кейіпкер әжесінен не дайындауды сұрады?
А) пицца
В) дәмді палау
С) тауық сорпасы
D) бешпармақ
Е) шай
3. «Бұл әжемнің маған арнап, .......... қалдырған сыбағасы».
А) тойдан
В) қыстан
С) соғымнан
D) көктемнен
Е) дұрыс жауабы жоқ
4. Кейіпкер тамақ жеп болған соң, не сұрады?
А) кәмпит
В) сүт
С) шелпек
D) самса
Е) десерт
5. « Рахмет, ..... дәмді болыпты!»
A) десертіңіз
B) бешпармағыңыз
C) самсаңыз
D) сүтіңіз
E) етіңіз
6. Мәтінде кейіпкердің әжесіне дайындаған тағамы үшін алғысты кім айтты?
A) жеңгесі
B) атасы
C) ағасы
D) әкесі
E) кейіпкердің өзі
7. Әжесі десерттің орнына дайындаған тағамы?
A) жент
B) құрт
C) ірімшік
D)салат
E)еш тағам дайындамады
8. «Әжеммен» деген сөз қандай жалғаудың жалғану арқылы жасалып тұр?
A)көмектес септік жалғауы
B) тәуелділік жалғауы
C) жіктік жалғауы
D) көптік жалғауы
E) түбір сөз
9. Бір табақ еттің өзі ...... көркін келтіріп тұр.
A) тойдың
B) жиынның
C) дастарханның
D) үйдің
E) дұрыс жауабы жоқ
10. «Ұсынды» сөзі қай сөз табына жатады?
A) зат есім
B) сын есім
C) сан есім
D) есімдік
E) етістік
Достарыңызбен бөлісу: |