ӨМІРІМДЕГІ КҮЛКІЛІ СӘТ
Сәби кезім, балалық шақ, мектеп кезі.
Қызық, шытырман, әсерлі.
С порт, дене шынықтыру, бой сергіту.
Өзгерту, ауыстыру, құбылту.
Асығу, тездету, жылдам.
Күлкілі, ойнақы, көңілді.
Жалығарлық, әсерлі, зеріктіретін.
Көңілі түсу, мұңаю, риза болу.
Бөлек, бірге, жеке.
Теріс, дұрыс, дәл.
Көз жасы, көздің кірпігі, көздің қарашығы.
Балалық шағымда басымда қызық әңгімелер көп болатын. Мысалы, мен 6-сынып оқығанда, бір күні дене шынықтыру сабағынан кейін орыс тілі сабағы болды. Дене шынықтыру біткен соң, спорттық киімімді ауыстырып, сабаққа асықтым, өйткені орыс тілінен өте қызықты тапсырманы орындап келдім. Ол өмірімдегі күлкілі сәттер деген шығарма жазу болды. Шығарманы үйде 2 сағат жаздым. Сонымен сыныпқа жүгіріп келіп, коңырау соғылғанда, қолымды көтеріп бірінші болып сабақ айттым. Шығармамды оқып бастағаннан оқушылар ду күліп, орныма отырғанша күлді. Мен шығармам өте әсерлі, қызықты және күлкілі болды деп ризамын. Оқып жатырмын, оқып жатырмын,.. балалар күліп жатыр,.. мен олармен бірге күліп тұрмын... Орныма отырған соң, қасымдағы парталасым күлкіден көз жасын сүртіп: «Белдемшені неге теріс киіп алдың?..»,-деп сұрады.
Тапсырмалар:
Мәтіннен бұрын берілген сөз қатарларынан артық сөздерді тап. Түсіндір. Көмекші сөздер мен оралымдар: Артық, ортақ, сәйкес келмейді, ұқсас, байланысты, байланысты емес, мағынасы жақын, мағынасы қарама- қарсы, т.б.
«Жалған немесе ақиқат». Төмендегі сөйлемдер мәтін мазмұны қатысты дұрыс па әлде қате ме?
Мен бастауыш сыныпта оқығанда, бір күні дене шынықтыру сабағынан кейін орыс тілі сабағы болды.
Дене шынықтыру біткен соң, спорттық киімді ауыстырып, сабаққа кіргім келмеді. Өйткені орыс тілінен үй тапсырмасын орындаған жоқпын.
Мәтіндегі кейіпкер жейдесін сабаққа теріс киіп келді.
Жейдесінің теріс киіп алғанын мұғалімі ескерткеннен кейін байқады.
Қоңырау соғылған кезде, сыныпқа кешігіп келді.
Балалық шағымда қызықты оқиғаларға көп тап болатынмын.
Үй тапсырмасын орындауыма екі сағат қажет болды.
Шығармам өте күлкілі болды.
Менің шығармам оқушыларға ұнағанына сенімді болдым.
Парталасым бірінші болып белдемшемді теріс киіп алғанымды айтты.
Өміріңдегі қызықты, күлкілі сәттерді есіңе түсіріп айт.
Тест:
1.Кейіпкер өміріндегі күлкілі сәтін бастан кешкенде нешінші сыныпта оқып жүрген еді?
A)7 сыныпта
B)6 сыныпта
C)5 сыныпта
D)8 сыныпта
E)9 сыныпта
2.Дене шынықтыру сабағынан кейін қандай пән болды?
A) математика пәні
B) сурет сабағы
C) сызу сабағы
D) орыс тілі пәні
E) қазақ тілі пәні
3. Кейіпкер шығарманы неше сағат жазды?
А) 1 сағат
В) 3 сағат
С) 2 сағат
D) 4 сағат
Е) жарты сағат
4.Кейіпкердің өміріндегі күлкілі сәті қандай?Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрі
А) хабарлы
В) лепті
С) жай
D) сұраулы
Е) белгісіз
5. Балалар не себепті кейіпкерге қүлді?
А) шалбарының балағы түріліп қалғаны үшін
В) жейдесін теріс киіп алғаны үшін
С) шығарма тақырыбын ауыстырып алғаны үшін
D) белдемшесін теріс киіп алғаны үшін
Е) бетіне сия жағып алғаны үшін
6. ризамын сөзі қай сөз табына жатады?
А) етістік
В) сан есім
С) сын есім
D) зат есім
Е) есімдік
7. «Белдемше» сөзінің аудармасы ?
А) юбка
В) брюки
С) рубашка
D) костюм
Е) шапка
8.«Күлкі» сөзінің аудармасы?
А) смех
В) улыбка
С) плакать
D) разговаривать
Е) насмешка
9.«Шығарма» сөзінің аудармасы?
А) пьеса
В) рассказ
С)поэма
D) роман
Е) сочинение
10. Балалық ... басымда қызық әңгімелер көп болатын.
А) сол кездері
В) уақытында
С) сол шақта
D) шағымда
Е) сол мезетте
Достарыңызбен бөлісу: |