Тургумбаева нурсулу каирдыновна қазақ тілінен қызықты мәтіндер жинағы



бет7/10
Дата02.10.2023
өлшемі1.16 Mb.
#479552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақ тілінен қызықты мәтіндер жинағы

БЕРЕКЕ КІЛТІ – ӘЙЕЛ



  1. ұсталған көлік – жаңа көлік – су жаңа көлік

  2. су жаңа – жап-жаңа - ұсталмаған

  3. мысқылдау – қалжыңдау- күлу

  4. жымию – күлімсіреу – қабақ түю

  5. тәжірибе – өтіл – жұмыс

  6. түю – қорытындылау – шешім шығару

  7. берекелі – бақытты – үнемді

  8. дүкен аралау – қала аралау – сауда жасау

Әсет пен Айдос - әріптестер. Бір күні Әсет жұмыстан қайтып келе жатып, Айдосты кездестірді. Әңгімеден әңгіме шығып, Әсет несиеге «Хьюндай» маркалы ұсталған көлік алғаны белгілі болды. Айдос та қуанышымен бөлісіп, жақында су жаңа көлік алғанын айтты. Әсет:


- Айдос, сонда қанша жылға несие алдың? – деп мысқылдады. Айдос жымиып:
- Жоға, қолма-қол ақшаға алдым, - деп жауап берді. Әсеттің мысқылы су сепкендей басылды да:
- Жаңа көлік алатындай қанша уақыт ақша жинадың? - деп, таңдана сұрады. Айдос қанша уақытта, қаншадан жинағаны туралы тәжірибесімен бөлісіп, соңында былай түйді:
- Бірақ, менің ойымша, ақша үнемдеудің ең басты кілті-сенің берекелі әйелің!
Әсет әйелінің өткен аптадағы дүкен аралап,жарты жалақысын ұстап тастағаны есіне түсіп, үйіне терең ойға батып қайтты.

Т апсырмалар:



  1. Мәтіннен бұрын берілген сөз қатарларынан артық сөздерді тап. Түсіндір. Көмекші сөздер мен оралымдар: Артық, ортақ, сәйкес келмейді, ұқсас, байланысты, байланысты емес, мағынасы жақын, мағынасы қарама-қарсы, т.б.

  2. Мәтін бойынша қарама – қайшылық тудыратын сұрақтарды дайында, неге екенін түсіндір. Мысалы, Айдос пен Әсеттің жалақылары бірдей ме?

  3. Қаражат үнемдеу бойынша өз ережелеріңді құрастыр;

Тест:
1.Айдос пен Әсет.......


А) Сыныптастар
В) Достар
С) Әріптестер
Д) Көршілер
Е)Туыстар
2.Әсет несиеге қандай маркалы машина алды?
A) «Джип»
B) «Тойота»
C) «Лада»
D) «Хьюндай»
E) «Нива»
3.Айдос қанша жылға несие алды?
A) 20 жылға
B) Несие алған жоқ
C) 15 жылға
D) 9 жылға
E) Дұрыс жауабы жоқ
4. Әсеттің .... су сепкендей басылды.
A) Күлкісі
B) Жылауы
C) Мысқылы
D) Сөйлеуі
E) Оқуы
5.Ақша үнемдеудің ең басты кілті - ... .
A) Берекелі әйел
B) Ата-ана
C) Үнемді әйел
D) Бала
E) Бақытты әйел
6. ...терең ойға батып үйіне қайтты.
A) Айдос
B) Досжан
C) Серік
D) Біржан
E) Әсет
7. «Әңгіме» сөзінің аудармасы?
A) Рассказ
B) Сказка
C) Поэма
D) Роман
E) Сочнение
8. «Уақыт» сөзінің аудармасы?
A) Час
B) Недел
C) Время
D) День
9.Әсеттің әйелі өткен аптада дүкен аралап жарты .... ұстап тастаған.
A) Жалақысын
B) Ақшасын
C) Қаражатын
D) Теңгесін
E) Қолақысын
10. «Дүкен аралау» сөзінің аудармасы?
A) ходить по дому
B)ходить по двору
C) ходить по магазинам
D) смотреть магазины
E) ходить в кафе


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет