Творческая работа над научным проектом выполнена в технике валяния. Изделия представлены на хорошем уровне, в разделе теоретических объяснений шерстяной работы представлен вид изделий из шерсти, производные изделий


Жүннен жасалған бұйымдарға күтім жасау



бет7/11
Дата02.10.2023
өлшемі62.93 Kb.
#479495
түріТворческая работа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ғылыми жоба

2.2. Жүннен жасалған бұйымдарға күтім жасау

Жүн маталар жылуды өте жақсы сақтайды, салыстырмалы түрде аз ластанады және қатты мыжылмайды. Кейде киімнің мыжылған жерін тегістеу үшін оны былау бөлмесіне іліп немесе оған су шашудың өзі жеткілікті. Бұл бұйымды тек қана жүнге арналған жұмсақ жуғыш құралдармен қолмен жуады. Бұйымды жуғанда үйкеу және бұрауға болмайды. Жүнді ұзақ жібітіп қоймаған жөн. Жуылған бұйымды сықпайды, түкті сүлгіге орап, суға ұқыпты түрде малады. Бұйымды кептіргенде ілмеген жөн – пішінін жоғалтуы ықтимал. Жүнді заттарды дымқылды күйінде жайып қояды. Оларды дымқыл мата арқылы үтіктейді. Жоғары сапалы жүннен жасалған бұйымды химиялық тазалауға беру ұсынылады.


Жүнді заттарға күтім жасау жөнінде тағы бірнеше кеңестер:
Жүн бұйымдарын 1 ас қасық шараптың сірке суын қосып, шайқауға болады;
Сарғайған жүн лимонның туралған тілімдері бар суға салып, шелекте бір тәулік ұстаса, өз түсін қалпына келтіреді;
Кір дақтарды кептіруге, содан соң құрғақ қол сүрткімен алып тастауға кеңес береді;
Жүннен және аралас маталардағы бүрмелер мен қырлары сабын ерітіндісімен суланған сірке суы қосылған мата арқылы үтіктегенде кетіріледі;
Жүн матаның жылтыраған жерін ас сірке суының әлсіз ерітіндісінде суланған мата арқылы үтіктеу ұсынылады.
Жүн дегеніміз – жануарлардың мата, киіз-шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк.
Жүннен жасалған бұйымдар гигиеналық тазалығымен, сыртқы түрінің әдемілігімен көзге түседі және оларды халық көп тұтынады. Қойдан немесе тері шикізаты өңдеуге жіберілетін қой тоқылған, бірақ киілген бұйымдар мен тоқымаларды өңдеуден алынған жүн де табиғи жүнге жатады, бірақ ескі немесе қалпына келтірілген жүн деп аталады. Қазіргі өнеркәсіп жүннен басқа мақта, зығыр, кендір, жүн, кенеп және басқа да өсімдік текті талшықтарды, сондай-ақ химия өнеркәсіп жасап шығаратын жасанды және синтетикалық талшықтарды пайдаланады.
Жүн – терінің арнаулы түзіндісі, ол белокты қосылыс – кератиннен тұрды. Жүн кератинінің ерекшелігі мынада: онда басқа белоктардағы күкірттің мөлшері едәуір көп болады.
Жүн эмбрионалдық кезеңде-ақ қалыптаса бастайды. 60—70 күндік эмбрионның терісінде жүн талшықтарының фолликула деп аталатын бастамасы пайда болады. Оны бірінші реттік және екінші реттік фолликулалар деп бөледі. Жүні әркелкі болып келетін қойдың бірінші реттік фолликуласынан қылтық, сондай-ақ аралық немесе өлі жүн өсіп жетіледі, ал биязы жүнді қойларда одан — неғұрлым қалың түбіт өсіп жетіледі. Бірінші реттік фолликула түзілуден бірнеше күн өткен соң екінші реттік фолликула пайда болады. Шағын өлшемді болып келетін екінші реттік фолликуладан неғұрлым жіңішке түбіт талшықтар өсіп шығады.
Фолликулалар санының аз немесе көп болуы малдың тұқымына, тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне, сондай-ақ саулықтарды буаз кезінде азықтандыру жағдайларына байланысты. Фолликулалардың келешектегі дамуы да азықтандыруға байланысты болады. Қозы қолайсыз жағдайларға тап болғанда онда түзілген фолликулалар толық жетіле алмайды және осының салдарынан түк (жүн) түзе алмайды. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: буаз саулықтарды құнарлы азықпен азықтандыру және төлдерді күтіп-бағудың жақсы жағдайларын түзу арқылы фолликулалардың жетілуіне ықпал жасауға және осы арқылы қойдың жүн өнімділігін арттыруға болады. Шамамен 120 күндік эмбрионның фолликулаларынан қылшықтар өсіп жетіле бастайды, олар бұдан соң біртіндеп терінің бетінде пайда болады.
Фолликулалар теріде топ-топ болып орналасады. Осындай топтың әрқайсысына бір бірінші реттік және бірнеше екінші реттік фолликулар, бір тер безі және бірнеше май бездері кіреді. Терінің қылшықпен бірігіп өскен учаскесі түк үрпісі деп, ал талшықтың үрпіні қоршап жатқан төменгі бөлігі — түк баданасы деп аталады. Түк осы беліктен өседі.
Қылтық — жүннің маңызы шамалы бөлігі. Ол әр текті ұяң және қылшық жүннің құрамына кіреді. Қылтығы аз иректелген. Ол әрқашан дерлік түбіттен ұзын болады (роман қойларының жүнінен басқа). Қылтығының жіңішкелігі 50—150 микрон аралығында және онан артық та болады.
Өзінің техникалық сапасы бойынша аралық жүн қылшықтардың бағалы түрлерінің бірі болып табылады. Оған едәуір мықтылық пен серпімділік қасиет тән. Оның бұйралығы әдетте толқын тәрізді болып келеді. Аралық жүннің орташа диаметрі көбінесе 26—50 микрон аралығында болады.
Аралық жүн - жартылай биязы жүнді қой түқымдары жүнінің негізі, ол барлық ұяң және қылшық жүнді қойларда кездеседі.
Өлі жүн — мата жасау ісіне жарамсыз келеді. Ол морт, қатты болады, бұйрасыз және бояу алмайды. Өлі жүн талшығының жуандығы 100-400 микрон аралығында болады. Қой жүнінде өлі жүн кездескен жағдайда бұл жүннің құндылығы күрт кемиді.
Қатаң қылшық дегеніміз қылтықтың жоғарғы жартысында шайыры жоқ түрі. Осының нәтижесінде талшық қатты, морт болып, қалыпты қылтыққа карағанда мықтылығынан айрылады. Жабағы жүнде кездесетін қатаң қылшық жүннің құндылығын кемітеді.
Қозы жүн дегеніміз биязы жүнді койдың бір жасқа дейінгі қозыларының жүнінде кездесетін талшықтар. Қозы жүн өте ұзындығымен, талшықтарының жуандығымен және бұйрасының аз болуымен көзге түседі. Жүнді бірінші рет қырқудан кейін мұндай талшықтар, әдетте, түседі де, оның орнына биязы жүнді қойларға тән талшықтар өседі. Жабын жүннің өнеркәсіптік маңызы жоқ. Бұл қысқа жүн, талшықтары түзу және өте қатаң. Ол қойдың сирақтарында, бастың бет бөлімінде, кейде құйрығы мен құрсағында өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет