1.1. Халық өнерінің қалыптасуы
Қолөнер – халқымыздың ұлттық мұрасы. Қолөнер – халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер тарихы көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын өмірге әкелді. Қазақ халқы өзінің көне замандардан бері келе жатқан тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбас ерекшелігімен көзге түсуі. Ал қандай да болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан да біз оларды халықтық дейміз. Сол халық таланттарының қолымен шыққан зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де зәулім ғимараттар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім. Ұста, ағаш шебері, зергер, ісмерлердің толымсыз еңбегі арқылы қазақ қол өнерінің көркем туындылары пайда болды. Атап айтатын болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптарын даярлаған. Сол сияқты, қазіргі кезде келіп жеткен «Құстұмсық жүзік», «Құдағи жүзік» алтынмен апталып, күміспен күптелген алқалар мен өңір жиек, өңірше, үзбелі сырға, шаш теңгелер, шашбау, кемер белдік, ертоқым әбзелдері кейінгі ұрпақтар үшін аса бағалы мұра болып табылады. Бірақ мұндағы өкінішті жай, сол халық шеберлерінің көпшілігінің есімдері тарихта қалмағандығы. Дегенмен, сол халық ортасынан шыққан шеберлердің көркемдеп, шебер жасалған бұйымдарының әдістемелігіне, шебер жасалғандығына, қазір де қарап көз тоймайды. Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен бірге туындап дамып отырады. Қазақ халқы кең байтақ Республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрлері дамытушы, жаңғыртып байыптаушы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері айтарлықтай жоғары деңгейде көтерілді. Революцияға дейінгі қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көшпелі өмірден біртіндеп отырықшылыққа көшу процесі, көрші елдермен сауда қатынасының, шаруашылық және мәдени байланыстарының арта түсуі, тағы да басқа көптеген ішкі сыртқы факторларының әсері айтарлықтай ықпал етті. Көне заманнан келе жатқан қолөнері өзінің өсу жолында өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалды. Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырды. Қазақ қолөнерінің қазіргі дәуірдегі дамуы күрделі де аса бай. Онымен бірге ол күнделікті тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді жан-жақты бейнелеуде. Халықты эстетикалық жағынан тәрбиелеуге қызмет етеді.
Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұйымдарының алатын орны ерекше. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық, олардың жасайтын бұйымдарына қарай «үйші», «ерші», «арбашы», «ұста», «саз аспапшы», «зергер» деп даралап бөлген.
Ағаш өңдеу өнерінің іскерлікпен қатар қыруар еңбекші, шынайы талғауды аса қажет ететін б түрі – киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер ісі. Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары, көбінесе өзен жағасындағы өсетін әртүрлі талдардан жасалған. Оған Қазақстанның әр өңірінде өсетін: тал, көк тал, қара тал, куба тал сияқты түрлері пайдаланылған.
Ежелден көшіп-қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі – салт ат болды, ал соған орай ер-тұрман жабдықтарының алатын орны ерекше.
Қазақ зергерлері түсті металлдан сан алуан әсем бұймдар жасады. Әсіресе күмістен созылған көптеген сәндік бұйымдар: сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, алқа, өңіржиек, қолтықша, тумаша, білезік, жүзік, белбеу, сақина, қапсырма, түйме ертеден-ақ кең тараған заттар.
Ерте заманна күні бүгінге дейін өзінің қадыр қасиетін жоймай, қолөнердің озық үлгісі ретінде ғана емес ірі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан бұйымдар – ұлттық киімдер.
Археологиялық қазбалар арқылы күні бүгінге дейін жетіп, мәдени мұраға айналған қолөнер туындыларын халық мәдениетінің бастауы деп білеміз. Атадан балаға мирас болып жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнер дәстүрінің тамыры тереңде болса, қазіргі көркем кәсіпшілік өндірісі де сол халықтық дәстүрлерден нәр алып отыр. Ғасырлар бойы қазақ халқы өзін қоршаған ортамен етене араласып, өзекті қолданбалы өнер, тері өңдеу, темір өңдеу мәселелерінің технологиялық ерекшелігіне баса назар аударған жөн. Киіз – көп қолданылатын материалдардың бірі. Жүнмен жасалған бұйымдардың ішінен кілем, текемет, алаша, рүскиіз, қоржын, т.б. түрлерін атауға болады. Тоқыма өнері де көнеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Кілем тоқушы шеберлер қазақтың ұлттық өнеріне өз үлестерін қоса білді. Тоқыма өнерінің бір түрі – кілем, алаша, ши тоқу, гобелен өнері жылдан-жылға дамып келеді. Қолөнерге әр дәуір өзінше өшпес із қалдырып, көркемдік жағынан өз әсерін тигізді. Қолөнер туындылары айналадағы құбылыс, күнделікті кәсіп, қоғамдық құбылысқа қарай өзгеріп, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келеді. Ғасырлар бойы екшеліп, көркемдік сапасы артып, күні бүгінге дейін жеткен қолөнер қазіргі заманмен ұштасуда. Халық шеберлері жеке адамның мұқтажын ғана өтеп қойған жоқ, ұлттық өнерді дамытуда үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |