Творческая работа над научным проектом выполнена в технике валяния. Изделия представлены на хорошем уровне, в разделе теоретических объяснений шерстяной работы представлен вид изделий из шерсти, производные изделий


ІІ тарау. Жүн өңдеу және киіз басу техникасы



бет6/11
Дата02.10.2023
өлшемі62.93 Kb.
#479495
түріТворческая работа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ғылыми жоба

ІІ тарау. Жүн өңдеу және киіз басу техникасы


2.1. Жүн өңдеу және киіз басу техникасы

Қой жүнінің сан түрлі тойталаста жылулығы жағынан кең түсетін, ал мықтылығы жағынан басым тұратын түйе жүні мен ешкінің түбіті бүгінгі күні тұтынушысына өз бағасын таныта түсіп отырған жоқ па?


Алуан түрлі ою-өрнектер оюланып немесе сырылып жазылған текемет пен сырмақ, құлпырған өрнектері көздің жауын алатын кілем, алаша, т.б. жүннен жасалатын бұйымдардың жылулығына сыртқы әсемдігі сәйкес келіп тұрса нұр үстіне нұр емес пе?! Әрі әсем, әрі сапалы да мықты бұйым шығу үшін алғашқы шикізат – жүннің сапасы ерекше орын алады.
Сапалы бұйым шығуы үшін жүн өңдеуде қандай процестерге қай кезден бастап көңіл бөлген жөн.
Тоқымашылардың айтуынша, жүн біркелкі, шебер иірілуі керек екен.
Түтіп иірушілердің айтуынша, жүннің таза қырқылып, рет-ретімен дұрыс сұрыпталуы керек. Қой қырқатын жердің талапқа сай болып, жүнге қоқым араласпауы, қой терісінің қырқындысы болмауы, маусымдық қырқым дер кезінде өткізілуі тиіс.
Қырықтықшылардың айтуынша, жабағы жүні көтеріліп, астынан жаңа өскен пайда бола бастаған кезде қырыққан дұрыс. Қонды малдың жүні уақытында біркелкі көтеріліп, қырқуға ыңғайлы келеді. Арық малдың жүні керісінше, сабалақтанып, өскін жүндері жетілмей қалады. Жүн сапасын сөз еткенде осыған ерекше көңіл беру керек.
Маманның айтуынша, жүн сапасы алдымен малдың күтіміне байланысты. Малдың күтімі талапқа сай болмаса, одан сапалы өнім күту мүмкін емес. Сондықтан мал күтіміне – азық құрамына, уақытылы суарылып, серуендетілуіне көңіл бөлінегені жөн. Тіпті іштегі төлдің дұрыс жетілуі де тікелей енесінің күтіміне байланысты. Ал жаңа туған төлдің шаранасын кептіріп, уызына тойдыру да келешекте одан сапалы өнім алудың басты кепілі.
Ғалымның айтуынша, жүн сапасы, одан жасалған бұйымның сәнді болып, талғампаз қауымның көңілінен шығуы үшін өте қажет бір нәрсе – оның табиғи түсі, жылтырлығы. Бұл, ең алдымен, қой тұқымына байланысты. Ал керісінше, өнім сапасына нұқсан келтіретін жайт – сапасы әр түрлі жүннің араласып кетуі. Кейде осындай себептермен жүнді амалсыздан бояуға мәжбүр болады.Сондықтан жүннен қалған бұйымын жасарда шикізат күтіміне көңіл бөліп, ал бояғанда қажет заттың ерекшелігіне орай бояуды талғаммен, керекті жерінде табиғи түстің өзін де пайдалана білген жөн.
Жүн дұрыс сұрыпталмаған жағдайда (боз, ақ-қарасы араласып кеткенде) оны міндетті түрде күңгірт бояулармен бояуға тура келеді. Әрине, бұл әркімнің қалауына байланысты. Десе де қолда барды талғаммен пайдаланып, іске асырғанға не жетсін?
Жүннің тұрмыстық қажеттіліктен гөрі ғылымда дәлелденген тиімді әрі адам денсаулығына пайдалы әсерлерін де айта кеткен жөн. Оны ғалымдар былай тұжырымдайды:
- жүн жылуды жақсы сақтайды, сондықтан одан тоқылған киім жылы келеді;
- жіңішкелігі мен көлемі бірдей басқа талшықтармен салыстырғанда жүннің салмағы жеңіл;
- жүн талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді;
- жүннің күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізетін ерекшелігі бар;
- жүн бояуды жақсы алады әрі басқа талшықтардай бояу көп оңбайды:
- жүннің әр түрлі шуды және тербелістерді төмендететін қасиеті де бар:
- шикізат сапасы – төзімді де әдемі бұйым кепілі екендігі шүбәсіз.
Енді нұсқасы көңілдегідей ұқсатылуына назар аударайық. «Ақ қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» деген қап толтыру әрекетіне орай айтылса керек. Олай болса, кой, ешкі мезгілінде тоғытылып, кептірілгеннен кейін мал қырқылып, алынған жүннің аяғы – аяққа, қарасы – қараға айырылып сұрыпталып, көлеміне лайық бөлек-бөлек ыдысқа (қанар, қап, дорба) салынып ылғал тартпайтын, күн көзі қуратпайтын жерге қойылады. Шетінен қажетіне қарай алынып, сабалып, түтіледі.
Жүнді сақтау жөнінде ғалымдар мынаған ерекше көңіл бөлу керектігін айтады. Баязы жүннің ылғал тартқыштығы қылшық жүндіктен артық. Сондай-ақ бос жүн қапқа салып нығыздалған жүнге қарағанда ылғалды көп тартады. . Әсіресе, жуылмаған жүннің шектен тыс ылғалданып, кетуі жүнді шірітетін микроорганизмдердің көбеюінеқолайлы орта болып саналады. Сондықтан жүнді ұзақ уақыт сақтау керек болса немесе киіз, алаша, кілемге арналған жүн керекті мөлшерге жеткізілінгенше оларды фанер жәшіктерге немесе қазақ қаптарға нығыздап салып, арасына «Молемор», «Дезмоль», «Антимоль», «Фоксид» препараттары қойылады. Мұндай жұнді пайдаланар алдында ашық күндері аула ішінде керілген жіпке іліп жайып, ара-арасын қопсыта қозғай отырып иісін кетіруге болады. Сонымен қатар жүн сақталатын бөленің есік-терзесін ашып, міндетті түрде желдетіп тұру керек.
Сапалы жүн алып, оны сақтау ережелерімен таныстық. Енді өңдеу жолдарына тоқталайық.
Тоғытылып қырқылған қойдың жүнін жумаса да болады. Себебі жуылып кептірілген жүннің түтілуі қиындай түседі. Ең ыңғайлы ағаш сабы бар қалақшаға бекітіліп жасалған жүн тарайтын темір тісті арнайы тарақ. Сабалған жабағы жүнді осы тарақпен немесе қолмен іртігін әбден жаза отрыпы түтеді. Түтілген жүн керегінше шүйкеленіп, иіріледі. Әр бұйымның қолданылу ерекшелігіне байланысты, мәселен, алашаға арналған жіп кілем жібіне қарағанда ширақ (пысықтау), ал кілем жібі алаша жібінен жуандау әрі бос иіріледі.
Келептеліп боялғаннан кейін бір тінмен домалаққа төгілген жіп (кілемге арналған) сол күйінде түк шалуға пайдаланылады. Алашаға иірілген екі тінді біріктіріп ширатып, домалаққа төгеді. Мұнда да иірілген жіп келептеліп, боялады. Жалпы келептеу, бояп кептіру, қайтадан домалаққа төгу екі бұйымға ортақ жағдай.
Киім-кешекке арналған жүн мен түбіттің иірілуі өзгеше. Түбіт иіруге арнайы жеңіл ұршық керек. Өйткені иіру үстінде түбіттің жіңішке, нәзік талшықтары ұршық ауыр болса салмағын көтере алмай үзіле беретін бола-ды. Киім-кешекке арналған жүнді қылшығынан, шудасынан арылтып, бөлек түтіп, шүйкелейді. Ал бұл мақсаттағы жүн алаша жібіне қарағанда жіңіш-керек әрі бос иіріледі. Ширатылмаған жіпті екі тіндеп бос домалақтаса тоқы-ма киімге салынған өрнектер сәнді көрінеді әрі жүн түбіті шығып, жылы болады.
Қылшық жүндер мен ешкінің қылынан, түйенің шудасынан алашаға арқау, күзу жіптерін иіреді. Бұларды пысықтау иіріп, екі тіндеп ширатады. Сондай-ақ шуда жіп иіріп, алаша енін құрастыруға, тігілген алашаның басын шалуға, текемет, сырмақ құрастыруға, жиек бастыруға пайдаланады. Кілемнің желі жібіне де осындай жіп пайдаланылады.
Қойдың күзем жүні оңтүстікте қыркүйек айында, ал солтүстік облыстарда сәл ертерек, суыққа ұрындырмай тұрып қырқылады. Күзем жүн мен қозы жүні киіз басуға пайдаланылады. Бұл жүннің талшықтары қысқа болғандықтан иіруге келмейді, керісінде киіздерге бір келкі шабақталып, тез кірігеді. Сондықтан күзем жүннен киіз төсеніштер мен жұқа киізден арнайы басылып тігілетін немесе арнайы қалыппен тұтас басылып шығарылатын киіз қалпақ, ұйық, байпақ, т.б. киімдер мен тұтыну бұйымдары жасалынады.
Киім тоқып, бұйым жасаудан бөлек, сапасы нашарлау жүндерге қылшық, шуда, жылқының қылын араластырып, әр түрлі мақсатқа арналған жуанды-жіңішкелі арқан мен жіп, ноқта, тұсау, т.б. күнделікті тұрмыста пайдаланылатын ұсақ бұйымдарды есіліп және өріліп жасалған.
Жабағы, күзем және қылшық жүндері сыртқы сипатына, қасиетіне орай пайдаланылатына тоқталдық. Енді олардың табиғи түр-түсі мен бояу ерекшеліктеріне орай бірер сөз.
Халықтың күнделікті тұрмыс тәжірибесінен бояу ретінде ашудас, қына, томар шөп пайдаланғаны белгілі. Қазіргі жеңіл өнеркісіптің өркендеп дамыған тұсында сан алуан химиялық бояулар шығарылып отыр. Бұл ісмерлердің жұмысын едәуір жеңілдетті. Осылардың ішінде жүн бояға арналған түрлерін ғана аса сақтықпен пайдалана білу де шеберлік.
8-10 литр суды қатты қайнатып, 1 литрге 15 грамм есебімен бөлек ыдыста әбден ерітілген бояуды құйып араластырады. Бояу түйіршігі ерімей қалса теңбілденіп, жүнге біркелкі сіңбейді. Сондықтан бояу ерітілген ыдыстың эмаль немесе шыны (ақшыл түсті) болғаны жөн. Сонда ыдыс кенересінен немесе түбінен әлде қалай ерімей қалған бояу түйіршігін оңай байқауға болады
Қазанның қақпағын жауып бірқалыпты қайната отырып, оған жүнді мөлшерлеп салып, оны ағаш қалақпен немесе ожаумен батыстырып отырған дұрыс (жүн салмастан бұрын 1 литр суға 1 шай қасық көлемінде сірке суы құйылады). Су керекті мөлшерден аз болса, жүн қазанның түбіне жабысып қалады.
Қазан бір қайнағаннан кейін от қызуын азайту керек. Ара-тұра жүнді қалақпен аударыстырып қойған жөн.
Жүннің бояу алғандығын былай тексереді: қалақтың ұшымен боялып жатқан жүннің кез келген жерінен көтеріп алып, шымшып көреді. Бояу алған жүн суы сығылғанда, бозғыл тартпайды. Онда қазан астындағы от сөндіріліп, боялған жүн суы сорықтырылып, эмальді табаққа түсіріп алынады. Бетін қақпақпен жуып үстін ауыр нәрсемен бастырады да суығанша қоя тұрады. Суығаннан кейін жүн керілген жіпке немесе ағаш ерденеге жайылып, көлеңке жерде кептіріледі.
Қазанды әбден жуып, бояудан тазартады. Ол үшін құйылған суды 2-3 рет ауыстырып, қайнатып төгеді. Сонан соң ғана басқа түске боялатын жүнді бояуға кірісуге болады.
Текеметке түр салынатын болса, кептірілген жүн түтіліп шүйкеленеді немесе сырмақтық талдырмаға арнап шиге шабақталады. Сондай-ақ жүнді есіп, ширатып әртүрлі бауларға, текемет жиегін бастыруға, кілемге алақұрт жіп есуге пайдаланады.
Күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келген сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерінің бірі – киіз басу. Киіз басу өнері адамзат өмірінде сонау көне заманнан белгілі. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Алтай жерінде Пазырық қорғанынан табылған киізден жасалған бұйымдар осының айқын дәлелі.
Тарихи деректерге қарағанда, адамдар қола дәуірінде тас үйлерін тастап, жаңадан қоныс теуіп, көшпелі өмір жағдайына көшкен тұста киіздің алғашқы нұсқалары дүниеге келді десек қателеспеген болар едік. Әрине, дүние жүзіндегі әр халыққа ата-баба мұрасын, халық қолөнерін сақтап қалу парыз. Атадан балаға мирас болған қолөнерін жалғастырушы шеберлердің қатары бірте-бірте азая түсуде. Халық шеберлердің теңдесі жоқ ғажайып өнер туындылары болашақ ұрпақты қуантып, өнердің жаңаша түр алып, өміршеңдігі арта түсуіне сөз жоқ.
Оюлап киіз басу өнерімен басқа халықтардың да айналысқаны белгілі. Бірақ туысқан халықтар да жекелеген кездесетін киізді оюлау әдісінің тәсілдері Қазақстан территориясының барлық аудандарында кездеседі. Сондықтан да киіз басу өнері қазақ халқының еншісіне тиген қолөнері деп атауға әбден хақымыз бар.
Халық өнерімен бірге жасасып, біте қайнаған қазақтың киіз басу өнері әлі де өз маңызын жойған жоқ. Әдемі оюланған текемет пен сырмақтар ауыл және қала үйлерінің интерьеріне ерекше сән беріп, жандандырып, үй тұрмысында төзімділігімен және көркемділігімен жоғары бағалануда.
Киіз пайдалану мақсатына байланысты қалың не жұқа, тығыз да мықты босаң етіп басылады. Киіз үйдің сыртына жабылатын тулық пен үзік, түндік пен суықта жылу ұстайтындай және күннің аптап ыстығында ыстық өтпейтіндей қалың, жаңбыр күндері су өткізбейтіндей тығыз да шымыр етіліп ерекше ұқыптылықпен басылады.
Киіз сапасының мықты болып, көңілден шығуына киіз басуға алынған қой жүні мен қойдың тұқымы ерекше басу алған. Киіз басу өнерінде халық арасында кең таралғаны - текемет басу, сырмақ ою түрлері. Текемет тұрмысқа жылу ұстағыш, екінші интерьеріне сән беріп, керегеге ілінген әсем тәсілінің негізгі ұзын ырғасы бір болғанымен, оның бетін әр түспен боялған жүнмен оюлау әдісі әр елдің өзіне тән белгілі бір жүйемен жасалынады.
Киіз басу, текемет ойластыру ісі алдымен жүн сұрыптаудан басталады. Негізінен, киіз басуға көбіне қойдың күзем жүні мен қозы жүні қолданылады. Осы орайда жүн түрлеріне қысқаша анықтама бере кеткен жөн секілді.
Жабағы жүні қойдан күн жылып мамыражай болғанда, яғни жазғытұрым қырқылады, оның теріден тұтас көтеріле бастаған кезде сай келуі тиіс.
Күзем жүн қойдың күз мезгілінде қырқылып алынады. Тағы да жергілікті жердің ауа райын ескере отырып, қара суыққа ұрындырмай, қойды бірнеше рет тоғытып, жүні кепкеннен кейін қырқады.
Қозы жүні – қозы туған жылғы бірінші қырқылған жүн. Сапасы жағынан талшықтары нәзік, ұйыспаған, күзем жүнге ұқсас келеді.
Текемет, киіз басу жұмысына осы жүндерден араластырып пайдалануға немесе бір маусымдық жүнді пайдалауға да болады.
Қолөнер – халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер. Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың өмірімен, тұрмысынан бөліп қарау мүмкін емес. Өйткені, бұл заттар ел тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып, байыптаған адамдарға қолөнер бұйымдарына салынған түрлі-түсті ою – өрнектерден адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым – қатынасын, бөлінбес бірлігін көруге болады. Қолөнерін шеберлері қолөнер сұлулығын өнер туындыларын арқау ете білген. Осы туындылардың бет-бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шертетіндей. Қолөнер дүние жүзінің әр халқына тән, бұл халық қазынасы, ғасырлар мұрасы. Соған орай әр елдің, әр халықтың дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшелігі мен эстетикалық талғамына байланысты қолөнері өзіндік ерекшелігімен халық өмірінде өшпес із қалдырып отырған.
Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ оның өткеніне назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен қалыптасуына үлкен әсерін тигізген жайт - көп ғасырларға созылған көшпелі өмір. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары көшіп-қонуға ыңғайлы, пайдаланар орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой-өрісіне тән ою-өрнекпен нақышталып беріліп отырған. Алдымен бұйымның мықтылығы, өнімділігі қарастырылды десек те, олардан бояуы, әсемдігі жағынан табиғи үндестік байқалады. Адамзат дамуының қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қол өнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері де өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Қазақстан территориясында археологиялық қазба жұмыстары кезіндегі табылған әр кезеңде жасалған қолөнер бұйымдары соны дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет