Творческая работа над научным проектом выполнена в технике валяния. Изделия представлены на хорошем уровне, в разделе теоретических объяснений шерстяной работы представлен вид изделий из шерсти, производные изделий



бет8/11
Дата02.10.2023
өлшемі62.93 Kb.
#479495
түріТворческая работа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ғылыми жоба

Жүннің түрлері. Жүннің мынадай түрлері болады: биязы, биязылау, үяң және қылшық жүн. Биязы жүн диаметрі 25 микроннан аспайтын түбіттен тұрады. Ол жақсы ұсақ бұйраларының болуымен, мықтылығымен, созылғыштығымен және басқа да жақсы қасиеттерімен көзге түседі. Ол биязы жүнді қойлардан, сондай-ақ қылшық жүнді қойлар мен биязы жүнді қойлардың қошқарының жоғары қанды буданынан алынады. Ең жақсы биязы жүн меринос жүні деп аталады.
Биязылау жүн де бір текті болып келеді және неғұрлым қылшықты түбіттен немесе аралық биязы жүннен немесе диаметрі бойынша ажырату қиынға түсетін осы талшықтардың қоспасынан тұрады. Биязылау жүн талшықтарының жуандығы 25 микроннан астам. Биязылау жүнді қой тұқымынан, қойдың тез жетілетін етті тұқымдарынан, сондай-ақ қылшық жүнді қой саулықтарын жартылай биязы жүнді қойдың қошқарларымен шағылыстырудан алынған кейбір будандардан осындай жүн алынады. Биязылау жүннің ерекше бір түрі - кроссбред жүнін жүннің осы түріне жатқызады, ол өзіне тән бұйрасының болуымен, талшықтарының жіңішкелігінің біркелкілігімен, өте ұзын болуымен және кейде өңінің жылтырлығымен көзге түседі. Биязы жүнді қой саулықтарының линкольн қойының қошқарларымен буданынан, сондай-ақ кейбір таза тұқымды қойлардан (солтүстік кавказдық етті-жүнді, тянь-шаньдық қой, т.б.) осындай жүн алынады.
Әр текті жүн ұяң жүн деп аталады. Мұндай жүн I-II ұрпақтың (қылшық жүнді қойдың саулықтары X биязы жүнді қой тұқымының қошқарлары) буданынан, тәжік және сараджи тұқымының қойларынан алынады. Ол түбіттен, аралық жүн мен айтарлықтай жіңішке қылтықтан тұрады.


2.3. Жүннің қасиеттері

Жүннің қасиеттеріне оның талшығының ұзындығын, жіңішкелігін, бұйралығын, мықтылығын, иілгіштігі мен созылғыштығын, серпімділігін, өңінің жылтырлығы мен түсін жатқызады. Қойларды бонитировкалау мен жүнді кластарға бөлу кезінде осы қасиеттерге қарай отырып, жүннің құндылығын белгілейді. Жүн талшығының ұзындығы - оның құндылығын анықтайтын, жүннің негізгі қасиеттерінің бірі. Жүннің табиғи ұзындығын талшықтың иректерін түзетпестен, табиғи күйінде штапелінде немесе тұлым жүнінде өлшейді. Жүн талшығын көрместен, иректері түзетілгенше созып алған өлшемді қылшықтың нағыз ұзындығына жатқызады. Жүн талшықтарының ұзындығы қойдың тұқымына, жынысы мен жасына, жылына неше рет қырқылатынына және малдың жеке ерекшелігіне байланысты. Биязы жүнді қой тұқымдарынан ең қысқа жүн алынады, оның ұзындығы, әдетте, 5-10 см болады. Кейбір биязылау етті-жүнді қой тұқымдарынан ең үзын жүн алынады. Мысалы линкольн, куйбышев және басқа қой тұқымдарының жүнінін. ұзындығы 12 айлық кезінде 20-40 сантиметрге жетеді. Қылшық және үяң жүнді қойлардың жүн талшықтарының ұзындығы 20-30 сантиметрге жетеді. Көктемгі қой қырқу кезінде олардың жүнінің ұзындығы 7-10 сантиметрден 25-30 сантиметрге дейін, ал күзгі қой қырқу кезінде 7-ден 15 сантиметрге дейін жетеді. Қойдың жасы өскен сайын жүн талшықтарының ұзындығы өзгереді. Бір жастағы қозыларда ол барынша ұзын болады. 5-6 жастан асқан қойлардың жүнінің өсуі баяулайды. Малдың денесінде ұзындығы әркелкі жүн өседі. Қойдың жаурыны мен бүйірінде және санында ең ұзын, ал бауырында ең қысқа жүн талшықтары өседі. Жүннің ұзындығы қойды азықтандыру дәрежесіне байланысты және ол жүн қырқу шамасына күшті әсер етеді: жүн талшықтары неғұрлым ұзын болса, басқа жағдайлардың бәрі бірдей болған кезде, қырқылатын жүннің мөлшері соғұрлым көп болады. Жүн талшықтарының ұзындығы оның жіңішкелігімен көбінесе кері қатынаста болады. Неғұрлым жіңішкелеу келетін, бір текті жүн неғұрлым жуандау келетін жүн талшықтарынан көп жағдайда қысқалау келеді. Алайда мал тұқымын асылдандыру жұмысын іскерлікпен жүргізе білу арқылы жүн талшықтарының ұзындығы оның қажетті жіңішкелігіне сай келетін қой отарларын құруға болады. Жүн талшығының жсіңішкелігі - жүннің сапасын анықтайтын, маңызды қасиеттерінің бірі. Оны қылшықтың көлденең қимасының диаметрін өлшеу арқылы анықтайды да, микронмен белгілейді. Жуылған 1 кг биязы жүннен (талшықтарының орташа диаметрі 20-25 микрон) 3-4 м2, ал 1 кг қылшық жүннен (45-55 микрон) бар болғаны 1 м2 шамасында сапасы жақсы жеңіл мата жасап шығаруға болады. Қойды бонитировкалау, жүнді кластарға бөлу және сорттау кезінде оның талшығының жідішкелігін көз мөлшерімен анықтайды, бірақ ол үшін мол тәжірибе керек. Бақылау үшін жіңішкелігі алдын ала микроскоппен дэл анықталған жүн үлгілерін (эталондарды) пайдаланады. Қазіргі уақытта біздің елімізде барлық бір текті жүннің (биязы және биязылау) жіңішкелігін анықтау үшін жүнді кластарға бөлудің бірыңғай системасы (жүйесі) жасалған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет