Творческая работа над научным проектом выполнена в технике валяния. Изделия представлены на хорошем уровне, в разделе теоретических объяснений шерстяной работы представлен вид изделий из шерсти, производные изделий


Жүннен бұйым жасауда қолданылатын құрал-жабдықтар



бет9/11
Дата02.10.2023
өлшемі62.93 Kb.
#479495
түріТворческая работа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ғылыми жоба

Жүннен бұйым жасауда қолданылатын құрал-жабдықтар





Атауы

Түсінік

1

Адарғы

Өрмек жіптерін астыңғы және үстіңгі жіп етіп бөліп тұратын ағаштан жасалған құрал.

2

Аяқ

Белағашты көтеріп тұратын аша басты тіреу ағаш.

3

Белағаш

Желі жіптерді күзу арқылы байланыстырып тұратын белағаштың үстінен қойылатын таяқша.

4

Күзу ағаш

Тарту жіп күзуді байланыстырып тұратын белағаштың үстінен қойылатын таяқша.

5

Қайшы

Басқұр тоқығанда, жіптерді қию үшін қолданылатын құрал.

6

Қылыш

Керілген желідегі жіп арасын қағатын, ағаштан жасалған құрал.

7

Сабау

Жүннің ұйысқанын жазып, тазарту үшін қолданылатын жіңішке таяқ.

8

Серу ағаш

Өрмек енін бірқалыпты сақтау үшін ағаштан жасалған құрал.

9

Теру ағаш

Желідегі жіптерден өрнек шығаратын құрал.

10

Ұршық

Шүйкеленген жүннен жіп иіріп алуға арналған аспап.

11

Үшағаш

Белағашты көтеріп тұратын құрал.



Қорытынды

Қай халықта және қашанда болса мұқтаждығы жоқ, баршылықты молайта беру, халықтың тұрмысын жақсарту киім-кешекті, үй жиһаздарын тиімді пайдалану халықтардың бәріне бірдей ортақ.


«Менің өз басыма шексіз бақыттылық сезімін өнер шығармалары береді, - дейді Альберт Энштейн. Олардан мен басқа ешбір дүниеден таппайтын рухани ләззат аламын».
Қазақ қолөнерінің талай қыры мен сырына қанып, көптеген түрлерінен мағлұмат алдық, әрине барлық түрлерін түгел еркін игеріп біліп кету қиын, оған ерінбей-жалықпай бірнеше жылдар бойы беріліп, жұмыс істеп, шеберлік арттырып қана жете аламыз. Сондықтан менің үйренген сабақтарыммен шектеліп қана қоймай, бос уақытымда осы бастаған ісімді әрі қарай жалғастыра беруім керек. Барлық өнерге, әсемдікке кішкене бала кезден үйреніп, соған өзімізді дайындауымыз, тәрбиелеуіміз қажет. Оның барлығын тек арнаулы сабақ кезінде ғана үйренбей, сабақтан бос уақыттарымызда да іздене беруіміз керек. Әрине, көптеп жұмыс істеу үшін, алдымен бір, екі жұмыс істеп, өзіңді, жаныңдағы досыңды, бауырыңды, ата-анаңды істеген заттарыңмен қызықтыруың керек. Әсем, шебер қолдан шыққан еңбекке кім қызықпайды десеңші. Әр заттың өзінің алар орны, істелу әдіс-тәсілі, көрерменді қуантып қызықтыратындай бейнесі болады. Олардың осы сан қырлы жақтары қызық, көруге ыстық, сондықтан әрқашанда сенің атыңды шығарып, ескерткіш ретінде, қолтаңба ретінде сақталады. Жасалған заттардың көрмеге қойылмаған жағдайда мойымайық. Барлық жеңіс пен жеміс еңбекпен, бауыр-қарындастарымыз, достарымыздың туған күніне не басқа да мейрамдарға сыйлық ретінде ұсынуға таптырмайтын зат болып шығады. Өзіміз де, оны алған адам да, олардан эстетикалық ләззат алады.
Жақсы шебер болып шығу үшін осы жоғарыда айтылған кеңестердің барлығын шамамыз келгенше жүзеге асыруға тырысамыз. Оның сан қилы сырына үлкен ұстаз, ақылшы мұғалім, шеберлердің , суретші ағалардың үйретуімен жетуімізге болады. Алған білімдерімізді өзіміз ғана пайдаланып қана қоймай, оны басқа мектептің, не басқа ауылдың балаларына да айтып қызықтырып, оларды да осындай өте тамаша іспен айналысуға шақырамын!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет