1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ
Курстың өзектілігі осы құралдың кіріспесінде берілген.
Курстың толық атауы – «PISA-2015 зерттеуінің әлеуетті қатысушылары – 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту курсы». Бұл курс орта білім беру ұйымдарында оқу жоспарының вариативті бөліміндегі сағат есебінен өткізілетін элективтік курс болып табылады.
Элективтік курстың мақсаты – оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін элективтік курстың алдында мынадай міндеттер тұр:
– математика курсы, жаратылыстану және гуманитарлық цикл курстарына енетін оқу пәндері бойынша игерілетін білім аясын кеңейту;
– білім, білік, дағды мен құзыреттіліктің деңгейін жоғарылату;
– білім алушылардың өз тағдырын, соның ішінде кәсіби бағыт-бағдарын анықтауда белсенділік танытуына септігін тигізу;
– оқу пәндеріне деген қызығушылық қалыптастырып дамыту.
PISA-2015-ке әлеуетті қатысушылары 9-сынып оқушылары немесе колледждің 1-курс студенттері болғандықтан, элективтік курс орта білім беру ұйымдарындағы 8-9-сынып мұғалімдері мен оқушыларына арналған.
Курс математика, биология, химия, физика, география, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілі және әдебиеті секілді базалық пәндерді толықтыратын «қондырма» рөлін атқаратындықтан, курс ұзақтығы мен кезеңдерін мұғалімдердің өздері белгілейді. Бағдарлама материалды құрылымдау мен іріктеудің негізгі принциптері, сондай-ақ «қондырмалық» элективтік курсты жүргізу есепке ала отырып, базалық оқу пәндерін оқытудың күтілетін нәтижелері бойынша қажетті бағдарды ұсынады. Сонымен қатар, бағдарлама PISA-2015 зерттеуіне енген қосымша өлшемдер бойынша кейбір ұсынымдарды қамтиды.
PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адам іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттерімен түсіндіріледі [2, 51 б.].
Кестеде көрсетілгендей, элективтік курстың мазмұны жаратылыстану сауаттылығы бойынша тақырып пен бөлімдерін қалыптастырады (1-кесте).
1-кесте – Элективтік курстың мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |