Учебные пособия по вопросам финансового и валютного права: Мухитдинов Н. Б., Найманбаев С. М., Серимов У. С. «Қаржы саласындағы басқарудың құқықтық негiздерi»



бет8/28
Дата19.06.2016
өлшемі2.45 Mb.
#146856
түріУчебные пособия
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28

ҚОРЫТЫНДЫ

Қаржы саласындағы басқарудың маңызы өте зор екені белгілі. Қаржы – мемлекеттің өсіп-дамуының, өзіне жүктелген функцияларын жүзеге асырудың материалдық базасы, негізі болғандықтан, базистың құрамына жататынын да білдік. Бүгінде еліміздің Конституциясында, өкінішке орай, мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік органдары) термині пайдаланылды. Ал осы атқарушы билікті жүзеге асыру – мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге асыру болып табылады. Демек, мемлекеттік басқарудың өрісі кең екені белгілі болды, яғни атқарушы билікке қарағанда, кең мағынада айтылады.

Сондықтан мемлекетті қажет деп тапсақ, биліктердің бөліну принциптерін мойындасақ, онымен қоса мемлекеттік басқарудың барын бағалауымыз қажет. Дәл осы мемлекеттік басқару – атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.

Мемлекеттің атқарушы билік органдарын құру мақсаты – нарықтық экономиканы ынталандыру екені бізге мәлім. Атқарушы билік органдарының әкімшілік жүйеге жататыны да белгілі. Өйткені атқарушы биліктің ұйымдық-құқықтық механизмі осы әкімшілік жүйе, яғни басқару жүйесі болып табылады. Басқару жүйесіз атқарушы билікті жүзеге асыру мүмкін емес.

Кейбір авторлар министрліктер нарықтық органдар қатарына жатпайды деген пікір айтады. Ал салалық министрліктердің қандай да болмасын нарықтық экономикасы дамыған елдерде де бар екені белгілі. Біздің ойымызша, мемлекеттік басқаруды жою деген мәселе күн тәртібіне қойылмауы керек. Қазіргі кезеңде мемлекеттік басқаруды түрлендіруді жаңаша сипатта құру қажет. Әрине осы процестер барысында мемлекеттік басқарудың басты көрінісі өктем-өкілеттіліктің орнына көбінесе ынталандыру кешенді шаралары басымырақ қолданылуы тиіс. Бірақ қажетті кезінде мемлекеттік реттеу механизмдері іске қосылатынын қатысушылардың бәрі білуі қажет. Сондықтан бұрыннан келе жатқан қоғамдық қатынасты (өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің жүріс. тұрыстарын) реттейтін мына принциптің “билік ету – бағыну” орнына “ынталандыру – бағыну – билік ету” принципі болуы қажет.

Қорыта келіп айтсақ, өкімет билігін өктем, қатал түрден жүргізуден икемді, жұмсақтау нысанда жүзеге асыру – нарықтық қатынас талаптарына сай келетін сияқты.

Сонда да болса көңілге қонымды икемді, “жұмсақ” биліктің, өктем, қатал билікпен тығыз байланыста болатынын ұмытпағанымыз жөн. Өйткені қоғамдағы кейбір салаларда жұмсақ нысандағы билікті жүзеге асыру мүмкіндігі жоқтың қасында болады. Мысалы, отанды қорғау ісі, атом өнеркәсібі және басқа да салаларындағы басқару әрқашанда мемлекеттік сипатта болады.

Нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты мемлекетімізде мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар; бірлескен түрде басқарылатын мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар; мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдар дамып, өркендеп жатыр. Мемлекеттік емес ұйымдардың дені іштей өзіндік басқару негізінде іс-қимылдарын жүзеге асырады. Ал бірлескен басқару кезінде мемлекет өкілдері мемлекеттік емес ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіреді (бұл жерде міндетті түрдегі шарт сол кәсіпорында мемлекеттің меншік үлесі болуға тиіс) мемлекет тарапынан белгілі бір мөлшерде бағдарламаларды қаржыландыру принципі жүзеге асырылады. Сонда да болса ескеретін бір жайт, қандай да бірлескен немесе мемлекеттік емес ұйымдар болмасын, сондай-ақ қандай да мөлшерде және нысанда өздерін басқаруды жүзеге асырмасын, мемлекет аумағында болғандықтан, мемлекеттегі барлық салалар мен аяларды реттейтін заңдардың күші, талаптары оларға да таралады. Бұл жерде мысал ретінде ойшылдардың сөзін келтіруге болады: “Қоғамда өмір сүріп, қоғамнан тыс болуға болмайды”. Сол сияқты мемлекетте құрылып, қызмет атқара жүріп мемлекеттік басқару аясынан тыс болу, заңдарға бағынбау ешқандай қисынға сыймайтын іс болып табылады. Мемлекеттік басқару, атқару биліктері әкімшілік заңдардың негізінде жүзеге асырылатыны белгілі. Бұлар егер мемлекеттік басқарудың – құқықтық негізі болып табылса, ал материалдық негізі қаржы болып саналады.

Қаржыны қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру қызметтерін жүзеге асыратын мемлекеттік өкімет билігі және атқарушы билік органдарды өз іс-қимылдарын жаңа кезеңге сай болатындай етіп қайта құруда. Қаржының туындау көзі экономика аясы болғандықтан, мемлекет экономика, оның ішінде, бір-бірінен бөлмей сыртқы экономика қызметтер салаларын мемлекеттік басқаруға аса көңіл бөліп отыр.

Мемлекеттік басқарудың тағы бір жаңаша көрінісі – қандай да болмасын салада нақты кезеңге байланысты міндеттер мен мәселелердің бірінші кезекке қойылып, шешілуі.

Басқару әр алуан тұрғыдан қаралуы мүмкін. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық, саяси және т.б. көзқарастар бойынша. Басқаруды әкімшілік-құқықтық ұйымдастыру деп – әкімшілік құқықтық нормаларымен бекітілген субъектілер жүйесін айтамыз. Осы субъектілер жүйесі басқаруды жүзеге асыруға атсалысады. Басқаруды әкімшілік ұйымдастырудың элементтері мына келесідей сипатта болады:

1) атқарушы билік және басқа да басқару органдары;

2) басқару жүйесі буындарының, оның ішінде, қызметкерлердің тиісті мәртебесін белгілейтін әкімшілік-құқықтық нормалары;

3) әкімшілік құқықпен белгіленген олардың қатынастарының ауқымы;

4) әкімшілік-құқықтық жағдайлары бойынша субъектілердің құқықтық жауапкершіліктері.

Осы басқаруды ұйымдастыру түсінігі әкімшілік құқық нормаларымен реттелетін мемлекеттік және мемлекеттік емес басқаруларды қамтиды.

Басқаруды ұйымдастыру кезінде қоғамдағы атқарушы биліктің рөлі есепке алынуы қажет және мемлекеттегі экономика құрылымы, әлеуметтік-мәдени, сондай-ақ әкімшілік-саяси қызмет ерекшеліктері де есепке алынуы тиіс.

Қазіргі кезеңде туындап отырған өте күрделі жайлар – нақты кезеңнің ерекшеліктерін есепке алу және басқару құрылымдарының келешекте даму мәселелері.

Басқаруды ұйымдастыру мәні әртүрлі мәселелерді шешуден тұрады. Осы іс-қимылдардың ең бірінші кезектегісі – оларды заң тұрғысынан бекітудің принциптері мен нысандарын айқындау; басқару органдарының нысандарын олардың атқаратын қызмет бағыттарына байланысты айқындау; олардың арасындағы құзіреттерін міндеттерін, функцияларын қоса отырып межелеу; мемлекеттік басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін белгілеу; басқарудың төменгі және жоғарғы тұрған буындары арасындағы өзара іс-қимылдарының құқықтық нысандары; басқарушы қызметтің әдістері және оларды жүзеге асыру нысандары.

Салаларды, аяларды басқару субъектілерінің арасындағы байланыстарды дұрыс таңдай білу және бекіту де басқаруды ұйымдастыруға қажетті әрекет болып саналады. Ағымдағы басқару жүйелерінде олар әртүрлі нысанда кездеседі. Мысалы, жалпы бағыну (бағыныштылық) басқару субъектілері мен объектілерінің арасыаралық буынның болуына байланысты орын алады. Жалпы бағынышты объектілер негізінде жалпы басқару жүзеге асырылады, яғни олардың жүріп-тұру қағидалары белгіленеді және бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырады.

Тікелей бағыныштылық (бағыну) кезінде басқару субъектісі мен объектісінің арасында аралық буындар болмайды. Бұл жерде басқару объектісі басқару субъектісіне айтарлықтай көлемде ұйымдастыру және құқықтық жағынан тәуелді болады. Мысалы, кадр жөніндегі мәселелерді шешу; қызметкерлерге тәртіптік шараларын қолдану; тікелей жарлық беру элементтері; басқару объектілерінің актілерін жою (тоқтатып тастау); тікелей басқару.

Тура басқару кезінде де басқару субъектісі мен басқару объектісінің арасында тікелей байланыс, мысалға алсақ, бастық пен оның қызметкері, командирлер мен әскери қызметкерлердің арасында туындайды.

Жедел бағыну тек кейбір белгілі мәселелері бойынша басқару субъектісіне тәуелді болу кезінде туындайды.

Қосарлы бағыну тікелей (тігінен) және көлденең бағынуға негізделген. Бұл жерде бір объектіге байланысты өкілеттіліктің бөлінуі, олардың бірікпеуі қарастырылған. Бағынышты органдар тиісті деңгейдегі төменгі тұрған органдар жүйесіне жатады.

Ортақ бағыну – бір уақытта бірнеше басқару субъектілерінің екі немесе одан да көп жоғары тұрған мемлекеттік билік органдарына бағыну болып есептелінеді.

Мысалы, Сыртқы істер министрлігі қызметін оның тиісті бағыттары бойынша Президент және ҚР Үкіметі қадағалап бақылайды. Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті дербес жоғарғы оқу орны ретінде, ҚР Үкіметіне бағынышты және білім беру стандарттары және т.б. мәселелер бойынша ҚР Мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау министрлігіне бағынышты.

Ортақ бағынудың қосарлы бағынудан өзгешелігі тек тігінен бағыну қолданылады.

Басқару органдарының аппаратын ұйымдастыру принциптерін таңдауды сол органдардың, құрылымдық бөлімдердің нысандарын, олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеуге үлкен себін тигізеді.

Басқаруды ұйымдастыру ісіне заң жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды. Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенін білеміз.

Сол құқықтық актілерді шамамен мына бір критерийлер бойынша топтастыруға болады: заңды күші бойынша; мәні бойынша; басқаруды ұйымдастыруға тигізетін ықпалы бойынша.

Заңды күші бар нормативтік құқықтық актілерге Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының заңдары; Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңға сәйкес актілері.

Осы аталған актілердің ішінен жеке дара бөлініп шығатын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Өкімдерін айтуға болады. Өзіне берілген кең көлемдегі құзыретінің негізінде ҚР Президенті көптеген актілерін басқаруды ұйымдастыру мәселелеріне басқару жүйесіндегі органдардың мәртебелерін белгілеуге және жергілікті өзіндік басқаруға арнап қабылдауда. Мәні бойынша: жалпы құқықтық актілер және арнайы құқықтық актілер болып бөлінеді.

Жалпы құқықтық актілерде – арнайы салалық ерекшелігі жоқ басқаруды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты нормалар болады. Ал арнайы құқықтық актілер салалары бойынша – нақты басқару органдарының субъектілерін, жүйесін өте дәл белгілеп, айқындайды. Ықпал ету сипаты бойынша: басқару жүйесін ұйымдастыруға жанама ықпалын тигізетін және тікелей ықпал ететін құқықтық актілер болып бөлінеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі – жанама ықпал ететін актілер қатарына жатады. Ал басқаруды ұйымдастыру мәселелерін тікелей реттейтін құқықтық актілер – нақты принциптерді бекітеді, тікелей әсер, ықпал ететін нақты нормалардан тұрады. Соңғы кездерде бірталай арнайы, оның ішінде, салалық және т.б. заңдардың қабылданғанын білеміз. Осы заңдарда тиісті салалардағы басқару органдарының негіздері нарықтық қатынас талаптарын ескере отырып бекітілгені белгілі.

Жоғарыда аталған заң актілері сала ұйымдарын, саланы немесе аяны басқаратын жүйенің негізгі буындарын, олардың өзара қатынастарын, сипаттарын және құзыреттерін межелеуді айқындайды. Басқару органдарының құрылымдық бөлімдерін ұйымдастыру олардың құрылымдарын бекіту немесе нақты мәселелерді шешу жөніндегі құқықтық актілерімен бекітіледі.

Құрылымдық бөлімдердің мәртебелері олар туралы ережелермен белгіленеді. Ережелер, әдетте, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Ережелер сол құрылымдық бөлімдердің іштей ұйымдастыру негіздерін кешенді түрде белгілейтін, сондай-ақ бөлімдердің біртұтас мәртебесін айқындайтын құқықтық актілер болып табылады.

Қаржыны басқаруға көптеген өкілетті мемлекеттік органдар қатысқанымен, осы саладағы басқарушы функцияның негізгі көмегінің үлесі ҚР Қаржы министрлігінің құзырында болады. Сондай-ақ өте маңызды рөлді ең басты қаржылық-кредиттік орган – ҚР Ұлттық Банкі атқарады. Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысанасы, олардың ауысуы оның функцияларына, әдістері мен нысандарына тікелей әсер етеді. Осы мемлекеттік басқарудың функциялары, әдістері және нысандары – өз кезегінде, оның мақсат бағытын, сипаты мен мәнін көрсетеді. Қазіргі кезеңде мемлекеттік меншік аясын күрт кеміту, нарықтық қатынастарға өтуді жеделдету жергілікті өзіндік басқаруды дамыту процестері мемлекеттік басқару функцияларында, әдістері мен нысандарында көрініс тауып отыр. Қоғамда және мемлекеттік басқаруда жүргізіліп жатқан түрлендірулер мемлекеттік басқару функцияларының маңызы жөніндегі көзқарастарға оншалықты (айтарлықтай) өзгерістер енгізе алған жоқ. Мемлекеттік басқару функцияларының мәні мен жүзеге асыру механизмдерінде ғана жаңа элементтер пайда болды. Олар мемлекеттік және мемлекеттік емес аяларға байланысты өзгеріп отырады және оған мемлекет әртүрлі дәрежеде ықпал тигізеді.

Функция жөніндегі мәселелер екі аспектіден көрініс табады. Олар: мемлекеттік басқару функциялары және оның субъектілерінің функциялары болып табылады. Бүгінде мемлекеттік басқару органдарының функциялары айтарлықтай дәрежеде өзгерістерге ұшырауда. Жоспарлау, материалдық-техникалық және т.б. аялардағы функциялардың өрісі тарылған. Олар көбінесе нарықтық экономикаға өтумен шартталған.

Монополияға қарсы шараларды жүзеге асыру, жұмыссыздықтың пайда болуына байланысты, әртүрлі аяларда кәсіпорындар мен мекемелерді негізінен алу сияқты жаңа функциялар пайда болады.

Алдыңғы қатардағы функцияларға: болжамдау, үйлестіру, реттеу және бақылау жатады. Мемлекеттік басқару функциясы ретіндегі жоспарлаудың маңызы төмендетіліп, тек орталық және тұйықталған аялармен шектеліп отыр. Осы жайтты келеңсіз көрініс деп айтуымызға болады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің өзі жоспарлаудың тиімді екені, оған көшу қажеттілігін күн тәртібіне қойып отыр. Жоспарлау – мемлекеттік басқаруды ойдағыдай ұйымдастырудың объективті функциясы, негізгі және басты функциясы болып табылады. Мемлекеттік реттеу де басқару функциясы болып есептелінеді және ол тар, сондай-ақ, кең мағынада айтылады. Кең мағынада мемлекеттік реттеу қоғамдық қатынастарға қатысушылардың жалпы жүріп-тұру қағидаларын мемлекет тарапынан белгілеу болып табылады. Оның субъектілері өкілетті (заң шығарушы) және атқарушы билігі органдары болып саналады.

Осы аядағы реттелген қатынастардың қатысушыларына сот билігі субъектілері де белгілі бір мөлшерде ықпалын тигізеді. Мемлекеттік реттеудің дәстүрлі түрде қалыптасқан құқықтық нысандары заңдар, заңға сәйкес актілер және сот актілері болып табылады.

Тар мағынада мемлекеттік реттеу – мемлекеттік басқарудың функцияларының бірі болып саналады. Әсіресе қазіргі кезеңде осы функцияның тек экономиканы басқаруда ғана өте ұтымды болып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени аяларды реттеуде де маңызы өте зор. Мемлекеттік басқарудың функциясы ретінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың мәні мен механизміне мыналар кіреді: жалпы қағидаларды белгілеу арқылы нормативтік реттеу; қандай да болмасын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың атқарылуына бақылау жүргізу; лицензия беру; мемлекеттік келісімдер жасау; тіркеу; тиісті қағидалармен реттелетін қоғамдық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік қорғау; олардың қызметтерінің жалпы бағыттары; оларды ойдағыдай жүзеге асыруға жәрдемдесу.

Мемлекеттік реттеудің дәстүрлі құралдары қатарына: салықтар, мемлекеттік тапсырыстар, стандарттар, кедендік тарифтер мен баж және т.б. жатады. Олар әртүрлі құқықтық нысанда болады, бүгінде мемлекеттік реттеу кәсіпкерлік қызметке, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметтеріне ойдағыдай экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай жасауға бағытталған. Мемлекеттік реттеу әртүрлі әдістердің көмегімен және әртүрлі нысанда жүргізіледі. Қазіргі кезеңде өте кең түрде пайдаланылатын мемлекеттік реттеу – тіркеу және лицензиялау болып табылады.

Сонымен осы жұмыстың қорытындысы ретінде мына жайларды атап өтуге болады. Қазақстан Республикасында қаржы саласындағы мемлекеттік басқарудың теориялық және практикалық (тәжірибелік) мәндерін ашып көрсету, осы аяны реттейтін әкімшілік заңдардың атқарылу деңгейі мен тиімділігін зерделеу, мемлекеттік басқарудың түсініктері мен ерекшеліктерін, мемлекеттік басқару (атқарушы билік) органдары қызметтерінің құқықтық негіздері мен құқықтық нысандарын сипаттау, мемлекеттің өсіп-өркендеуінің материлдық негізі, атрибуты, нарықтық экономиканы дамытудың және әлеуметтік-экономикалық, саяси бағдарламаларды ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көздері болып табылатын қаржыны (қаржы жүйесін) өте мұқият зерттеп, мазмұндау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің атқарылу бағыттары мен мақсаттарына, принциптері мен жүзеге асырылу әдістеріне, туындайтын қатынастардың құқықтық реттелуіне жеткілікті деңгейде талдау арқылы ұсыныстар, қорытындылар және тұжырымдар жасалды.

Осы тұжырымдар мен қорытындылар жұмыстың мазмұнына сәйкес мына келесідей нәтижелерден көрініс тапқан: мемлекеттік басқару заңға сәйкестендіріліп және сол заңдардың негізінде жүргізілетін ұйымдастырушы және атқарушы-билік етуші қызмет; қазіргі кезеңде заң жүзінде негізделген атқарушы билік, құқықтық мемлекет жағдайындағы басқару билігі; атқарушы билік саяси-құқықтық категория, ал мемлекеттік басқару ұйымдастырушы-құқықтық категория; атқарушы билік органдары мемлекеттік билік органдарының және атқарушы биліктің субъектісі болып табылады; қаржы саласын басқаруға қатынасатын мемлекеттік органдар жүйесі ауқымды болады, яғни нақты басқару – атқарушы органдармен қатар өкілді органдар – Парламент, мәслихаттар да қызмет атқарады; қаржылық қызмет процесінде қолданылатын құқықтық нормалар мемлекеттік-өктем және атқару-билік ету түрінде жүзеге асырылады; заң тұрғысынан алғанда, мемлекеттік басқару органының құзыретінің басты құрылымдық бөлігі – мемлекеттік-өктем өкілеттілік болып табылады; басқару органы жеке тұлғалардың ұйымдасқан тобын құрғанымен, өзіне тән қасиеті бойынша мемлекеттік аппараттың дербес бөлігі болып табылады, сондай-ақ ол осы бөліктің қызмет атқару нысандары мен мәнін, құрылымын және аппаратта алатын орнын анықтайды; мемлекеттік басқару органдарының жүйесі мемлекеттік құрылысқа, әкімшілік-аумақтық бірлікке, сондай-ақ кейбір ұйымдық-техникалық факторларға қатысты құрылады; қаржы экономиканы басқарудың қандай да болмасын деңгейіндегі ақша нысанындағы құнның біржақты, баламасыз қозғалысының негізінде құрылады; мемлекеттік басқару процесінде – әкімшілік-құқықтық қатынастар туындаса, ал мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесінде – әкімшілік-құқықтық және қаржылық-құқықтық қатынастар пайда болады; атқарушы билік органдары өздерінің ұйымдық және функционалдық құзыреттері бойынша дербес болады, сондай-ақ олар заңды мәні атқару және билік ету болып табылатын арнайы мемлекеттік қызметті жүзеге асырады; қаржы саласындағы басқару дегеніміз – мемлекет атынан немесе мемлекеттің тапсыруымен және мемлекет мүддесін көздеп, қаржы қалыптастыру, бөлу және жұмсау қызметтерін жүзеге асыратын субъектілердің жүріс-тұрысына мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесі тигізетін ұйымдастырушы әрі тәртіптеуші ықпалы.


Сілтеме жасалған нормативтік-құқықтық актілер мен арнайы әдебиеттер тізімі:
1. А т а м а н ч у к  Г. В. Теория государственного управления. М.: Юрид. лит., 1997. С. 71.

2. Ф а т х у т д и н о в  Р. А. Система менеджмента. М., 1997. С. 9.

3. Ф а й о л ь  А., Э м е р с о н  Г., Т е й л о р  Ф., Ф о р д  Г. Управление – это наука и искусство. М.: Республика, 1992. С. 14; Ф а т х у т д и н о в  Р. А. Система менеджмента. М. 1997.С. 49.

4.  А л е к с е е в  С. С. Проблемы теории государства и права М.: Юрид. лит., 1979. С. 165.

5. Сонда, 167 бет.

6. А т а м а н ч у к  Г. В. // В кн. Сов. гос. строительство и право. М.,1986. С. 205.

7. М а р к с  К., Э н г е л ь с  Ф. Соч., Т.19. С. 440.

8. М а р к с  К., Э н г е л ь с  Ф. Соч., Т. 18. С. 303-304.

9. К о з л о в  Ю. М. Советское административное право. М.: Юридическая литература. 1973. С. 7-8.

10. Сонда, 12 бет.

11. А ф а н а с ь е в  В. Г. Научное управление обществом. М.: Политиздат, 1968. С. 195-197; К о з л о в  Ю. М. Управление народным хозяйством СССР. Ч. 1. М.: МГУ, 1969. С. 77-101; Б а ч и л о  И. Л. Функция управления: содержание и правовое оформление // Советское государство и право. 1969, № 12.

12. К о з л о в  Ю. М. Советское административное право. М.: Юрид. лит., 1973. С. 16.

13. Сонда, 19 бет.

14. В л а с о в  В. А. Советский государственный аппарат. М.: Госюриздат, 1959. С. 60.

15. М а р к с  К. и Э н г е л ь с  Ф. Соч., Т 21. С. 87 и след.

16. Б е р г  А. И. Кибернетика и строительство коммунизма // В кн. Кибернетика, мышление, жизнь. М.: Мысль. 1964. С. 7.

17. Л у н е в  А. Е. Теоретические проблемы государственного управления. М.: Наука, 1974. С. 9.

18. П е т р о в  Г. И. Сущность советского административного права. Л.: ЛГУ., 1959. С. 7.

19. М а н о х и н  В. М. Советское административное право. М.: Юрид. лит., 1977. С. 9.

20. Сонда, 9 бет.

21. М а р к с  К., Э н г е л ь с  Ф. Соч., Т. 23. С. 578.

22. М а н о х и н  В. М. Советское административное право. М.: Юрид. лит., 1977. С. 11.

23. Сонда, 17 бет.

24. Х и м и ч е в а  Н. И. Управления финансами и ценообразованиям // В кн. Советское административное право. Юрид. лит., 1998. С. 511.

25. М а р к с  К., Э н г е л ь с  Ф. Соч. т. 25, 4. І. С. 422.

26. Л а з а р е в  Б. М.// В кн. Советское административное право, М., Юрид. лит., 1990. С. 4.

27. М а р к с   К., Э н г е л ь с  Ф. Соч. т. 18. С. 304.

28. Л а з а р е в  Б. М.// В кн. Советское административное право. М.: Юрид. лит., 1990. С. 11-14.

29. О в с я н к о  Д. М. Административное право. М.: Юристь, 1995. С. 14 17.

30. Сонда, 17 бет.

31. Б а х р а х  Д. Н. Административное право. М.: БЕК, 1896. С. 65.

32. Сонда: 68 бет.

33. К о р к у н о в а  Н. М. Указ и закон. СПб., 1874. С. 30.

34. Б а х р а х  Д. Н. Административное право. М.: БЕК, 1996. С. 68.

35. Сонда, 74 бет.

36. Т а р а н о в  А. А. Административное право Республики Казахстан. Алматы: Жеті Жарғы, 1998. С. 13.

37. К о з л о в  Ю. М. Общее понятие управления. Управление как социальное явление // В кн. Административное право РФ. М.. 1996. С. 4-5.

38. Б р э б а н  Г. Французкое административное право. М., 1988. С. 30.

39. Мемлекеттік басқару органдары жайында мынандай ғылыми еңбектерді қарауға болады: А л е к с е е в  С. С. Проблемы теории государства и права. М.: Юрид. лит., 1979. С. 165-170; Я м п о л ь с к а я  Ц. А. Органы советского государственного управления в современный период. М.: из-во АН СССР, 1954; К о з л о в  Ю. М. Органы советского государственного управления (понятие и конститутционная система). М.: Госюриздат, 1960; К о п е й ч и к о в  В. В. Механизм социалистического государства. М.: Юрид. лит., 1968; К о з л о в  Ю. М. Сущность органа управления народным хозяйством СССР, Советское государство и право. 1970. №12; Л а з а р е в  Б. М. Компетенция органов управления. М.: Юрид. лит., 1976; М а н о х и н  Б. М. Порядок формирования органов государственного управления. М.: Госюриздат, 1963; В о л к о в  Н. А. Органы советского государственного управления в современный период, Казань, 1962; Н е д а в н и й  А. И. Органы советского государственного управления в СССР. М.: Мысль. 1967; М а н о х и н  В. М. К характеристике централизированных и децентрализованных (оперативных) функций государственного управления. Правоведение. 1967. №4; А л е х и н  А. П. Органы советского государственного управления // В кн. Советское административное право. М.: Юрид. лит., 1985. С. 93-126; В а с и л е н к о в  П. Т. Органы советского государственного управления // В кн. Советское административное право. М.: Юрид. лит., 1990. С. 72-111.

40. В а с и л е н к о в  П. Т. Советское административное право. М.: Юрид. лит., 1990. С. 94.

41. М а н о х и н  В. М. Советское административное право. М.: Юрид. лит., 1977. С. 94.

42. А л е х и н  А. П. Советское административное право. М.: Юрид. лит., 1985. С. 93, 95.

43. В а с и л е н к о в  П. Т. // В кн. Советское административное право. М.: Юрид. лит., 1990. С. 75.

44. Сонда, 75 бет.

45. О в с я н к о  Д. М. Административное право. М.: Юристь, 1995;

Б а х р а х  Д. Н. Административное право. М.: БЕК, 1996; Т а р а н о в  А. А. (коллектив авторов) Административное право Республики Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1996; А л е х и н  А. П., К а р м о л и ц к и й  А. А.,

К о з л о в  Ю. М. Административное право Российской Федерации. М.: Зерцало, Теис, 1996.

46. Б а х р а х   Д. Н. Административное право. М.: БЕК, 1996. С. 84.

47. Сонда, 84 бет.

48. О в с я н к о  Д. М. Административное право. М.: Юристь, 1995. С. 39.

49. Сонда, 39 бет.

50. А л е х и н  А. П. // В кн. Административное право Российской Федерации. М.: Зерцало, Теис, 1996. С. 122.

51. Сонда.

52. Т а р а н о в  А. А. // В кн. Администратианое право Республики Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1996. С. 66.

53. Сонда, 71-72 бет.

54. Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі, түрлері туралы мына ғылыми еңбектерді қарауға болады: А н а н о в  И. Н. Система органов государственного управления и советской социалистической федерации. М.: АН СССР, 1951; К о з л о в  Ю. М. Система органов советского государственного управления в современный период. М.: Юрид. лит., 1964. Вып. 3 (20); М у к с и н о в  И. Ш. Совет Министров союзной республики. М.:Юрид. лит., 1969; М а н о х и н  В. М. Порядок формирования органов государственного управления. М.: Госюриздат, 1963; Н е д а в н и й  А. Л. Научные основы государственного управления в СССР. М.: Наука, 1968.

55. Қазіргі егемен мемлекетіміздің атқару билік органдары жүйесі де осылайша құрылған.

56. В а с и л е н к о в  П. Т. // В кн. Советское административное право. М.: Юрид. лит., 1973. С. 103.

57. В а с и л е н к о в  П. Т. // В кн. Советское административное право. М.: Юрид. лит., 1973. С. 96-97.

58. Б а х р а х  Д. Н. Административное право. М.: БЕК, 1996. С. 97-98.

59 Сол беттерде.

60. Сонда, 98 бетте.

61 Л а з а р е в  Б. М. Компетенция органов управления. М.: Юрид. лит. 1972. С. 101-102.

62. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы “ҚР Президенті туралы” Конституциялық заң күші бар жарлығы. 10 бап.

63. Қазақстан Республикасының Конституциясы. V бөлім, 64 70-баптар; Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы” Конституциясының заң күші бар Жарлығы.

64. Н а з а р б а е в  Н. Қазақстан–2030. Алматы: Білім. 1997. 72-73 бет.

65. М е л ь н и к о в  В. Д., И л ь я с о в  К. К. Финансы. Алматы. 1993. С. 52.

66. Сонда, 54 бет.

67. Сонда, 56 бет.

68. Н а з а р б а е в  Н. Қазақстан–2030. Алматы: Білім, 1997. 72-73 бет.

69. “Декларация прав человека и гражданина” Конституция и законодательные акты Франции. М., 1995. С. 14.

70. Бұрынғы кездерде мемлекеттерде “сақал үшін; көк көз, қара көз үшін; биік өкше үшін, жел үшін, қар үшін” және т.б. салықтар алынған.

71. “Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы” 1995 жылғы 18 желтоқсандағы ҚР Президентінің Конституциясының заң күші бар Жарлығы.

72. С а б д е н о в  О. Экономическая политика переходного периода на рубеже XXI века. Алматы, 1997. С. 39-40.

73. Қазақстан Реслубликасының Конституциясы VІІІ бөлім, 85, 87, 89-баптар.

74. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы “Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы” Жарлығы. Егемен Қазақстан. 1999, 23 қаңтар.

75. 1993 жылғы 10 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді атқарушы органдары туралы” ҚР Заңы.

76. Х у д я к о в  А. И. Финансовое право Республики Казахстан (общая часть), Алматы: Қаржы-Қаражат, 1995. С. 5.

77. Сол бетте.

78. Сонда, 6 бет.

79. Б е л и н с к и й  В. И. Финансы в условиях рынка – основа большого бизнеса. Алма-Ата, 1992. С. 23.

80. Сонда, 25 бет.

81. Сонда, 28 бет.

82. Г о р б у н о в а  О. Н. // В кн. Финансовое право. М.: Юристь, 1996. С. 10.

83. Сол бетте.

84. Сонда, 11 бет.

85. Х у д я к о в  А. И. Финансовое право Республики Казахстан (общая масть), Алматы: Қаржы-Қаражат, 1995. С. 12.

86. Ж д а н о в  А. А. Финансовое право РК. М., 1995. С. 4.

87. М е л ь н и к о в  В. Д., И л ь я с о в  К. К. Финансы. Алма-Ата, 1993. С. 6-7.

88. Сонда, 8 бет.

89. Сонда, 9 бет.

90. Х у д я к о в  А. И. Финансовое право Республики Казахстан (общая часть). Алматы: Қаржы-Қаражат, 1995. С. 6.

91. М е л ь н и к о в  В. Д., И л ь я с о в  К. К. Финансы. Алматы: Берен, 1993. С. 14.

92. Сол бетте.

93. З е й н е л ь г а б д и н  А. Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. Алматы: Қаржы-Қаражат, 1995. С. 24.

94. Сонда, 25 бет.

95. Сонда, 19-20 бет.

96. Сонда, 22 бет.

97. Сонда, 9 бет.

98. Сонда, 10 бет.

99. Мемлекет қазынасына мемлекеттік бюджет, алмас қоры, алтын запастары, пайдалы қазбалар мен жер, сулар жатады.

100. З е й н е л ь г а б д и н  А. Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. Алматы, 1995. С. 63.

101. Сонда, 66 бет.

102. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі “Бюджет жүйесі туралы” заңы, 7-бап.

103. Сол заңда, 11-бап.

104. Сол заңда, 9-бап.

105. Сол заңда, 12-бап.

106. Н а й м а н б а е в  С. М. Салықтық құқық. Алматы, 1996, 8 бет.

107. Г у р е е в  В. И. Налоговое право. М.: Экономика, 1995. С. 28.

108. Сонда, 28-29 беттері.

109. П е п е л я е в  С. Г. Основы налогового права. М., 1995. С. 24.

110. Осы кітапта, 29 бет.

111. К а р а г у с о в а  Г. Ж. Налоги: сущность и практика использования. Алматы: Қаржы-Қаражат, 1994. С. 15.

112. М е л ь н и к о в  В. Д., И л ь я с о в  К. К. Қаржы. Алматы: Экономика. 1994. С. 93.

113. С у л е й м е н о в  М. К., П о к р о в с к и й  Б. В., Х у д я к о в  А. И., Ж а к е н о в  В. А. Право и предпринимательство в Республике Казахстан. Алматы: Жеті Жарғы, 1994. С. 84-90.

114. Н а й м а н б а е в  С. М. Салықтық құқық. Алматы, 1996. С. 10.

115. Х у д я к о в  А. И., Н а у р ы з б а е в  Н. Е. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. Алматы, 1998. С. 10-11.

116. Салықтың басты ерекшеліктердің бірі – мемлекет тарапынан алу кезінде оның меншік нысанының ауысуы. Мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардан салық алу кезінде бұл ерекшелік көрініс табады. Ал мемлекеттік заңды тұлғалардың табысынан т.б. алынған төлемдер салық болып табылмайды. Өйткені оның меншік нысаны өзгермейді, меншік иесі мемлекет болып қала береді.

117. Н а й м а н б а е в  С. М. Салықтық құқық. Алматы, 1996. С. 11.

118. П е п е л я е в  С. Г. Основы налогового права. М., 1995. с. 29. “Ресейде заңмен негізделген баждар үшке бөлінген: мемлекеттік баж, тіркеуден өткізу бажы; кедендік баждар”.

119. Н а й м а н б а е в  С. М. Русско-казахский налогово-правовой толковый словарь. Алматы, 1996. С. 7.

120. Г у р е е в  В. И. Налоговое право. М.: Экономика, 1995. С. 30.

121. П е п е л я е в  С. Г. Основы налогового права. М., 1995. С. 28.

122. К а р а г у с о в а  Г. Ж. Налоги: сущность и практика использования. Алматы: Қаржы-қаражат, 1994. С. 17.

123. Н а й м а н б а е в  С. М. Салықтық құқық. Алматы, 1995. С. 14-17.

124. Н а й м а н б а е в  С. М. Русско-казахский налогово-правовой толковый словарь. Алматы, 1996. С. 5.

125. К а р а г у с о в а  Г. Ж. Налоги: сущность и практика использования. Алматы: Қаржы-қаражат. 1994. С. 17.

126. Х и м и ч е в а  Н. И. Финансовое право. М.: БЕК, 1995. С. 226.

127. а) И л ь я с о в  К. К., З е й н е л ь г а б д и н  А. Б., Е р м е к б а е в а  Б. Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, 1995. С. 6-7.

б) М е л ь н и к о в  В. Д., И л ь я с о в  К. К. Қаржы. Алматы: Экономика. 1994. С. 94-95.

128. Н а й м а н б а е в   С. М. Салықтық құқық. Алматы, 1996. С. 17.

129. Принцип – латын тілінде “негіз” немесе “негізгі алынатын бастамалар, қағидалар” деген мағына берген.

130. Н а й м а н б а е в  С. М. Салықтық құқық. Алматы, 1996, 37 бет.

131. С м и т Адам. Исследования о природе и причинах богатства народов. Кн. 5. О доходах государя и государства. М., 1935. т.2. С. 416-418.

132. К а р а г у с о в а  Г. Ж. Налоги: сущность и практика использования. Алматы: Қаржы-қаражат. 1994. С. 17-18.

133. Салық салмағы – ауыртпашылығы.

134. М е л ь н и к о в  В. Д., И л ь я с о в  К. К. Қаржы. Алматы: Экономика, 1994, 98 бет.

135. И л ь я с о в  К. К., З е й н е л ь г а б д и н  А. Б., Е р м е к б а е в  Б. Ж. Налоги и налогообложения. Алматы, 1996. С. 15-17.

136. Н а й м а н б а е в  С. М. Салықтық құқық. Алматы, 1996, 20 бет.

137. Сонда, 21 бет.

138. Парламент – Қазақстан Республикасының жоғарғы өкілетті және заң шығарушы органы болып табылады.

139. Ж д а н о в  А. А. Финансовое право РФ. М., 1995. С. 81.

140. Х и м и ч е в а  Н. И. Финансовое право. М.: БЕК, 1995. С. 230.

141. Салық жүйесінің құрылымын мынадай негізгі элементтер құрайды: салық пен қаржылық-экономикалық қатынастардың жиынтығы; салық салудың әдістері мен жолдарының жиынтығы; құқылық нормалар мен басқа да дербес актілердің жиынтығы; салық салу саласындағы басқару, жоспарлау және салық қызметі органдарының жиынтығы; салықтық бақылаудың нысандары мен әдістердің жиынтығы.

142. Г у р е е в  В. И. Налоговое право. М.: Экономика, 1995. С. 31.

143. Х и м и ч е в а  Н. И. Финансовое право. М.: БЕК, 1996. С. 230.

Ж д а н о в  А. А. Финансовое право РФ. М., 1995. С. 81. З е й н е л ь г а б д и н  А. Б. Финансовая система: Экономическое содержание и механизм использования. Алматы, 1995. С. 34.

144. Бұрынғы салық жүйесі бойынша 14 жалпымемлекеттік салық, 10 жалпыға бірдей міндетті жергілікті салық пен алым және 19 жергілікті салық пен алымдар бар болатын.

145. ҚР Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24 індегі “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” заң күші бар Жарлығы. 1-бөлім, 3 бап.

146. ҚР Президентінің 1995 жылғы шілденің 20 дағы “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” заң күші бар Жарлығы. V бөлім, 19 21-баптар. а) Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы “Мемлекеттік баж туралы” заңы.

147. П е п е л я е в  С. Г. Основы налогового права. М., 1995. С. 40-41.

148. Х у д я к о в  А. И. Налоговая система Казахстана: подоходный налог. Алматы: Баспа, 1997. С. 11,

149. М е л ь н и к о в  В. Д., И л ь я с о в  К. К. Қаржы. Алматы: Экономика, 1994, 99 бет.

150. Г у р е е в  В. И. Налоговое право. М.: Экономика, 1995. С. 38.

151. Ц ы п к и н  С. Д. Доходы государственного бюджета СССР. Правовые вопросы. М.: Юридич. лит. 1973. С. 60.

152. П е п е л я е в  С. Г. Основы налогового права. М., 1995. С. 49.

153. Бір дүркін алынады деген дұрыс болар (автор).

154. а) И л ь я с о в  К. К., З е й н е л ь г а б д и н  А. Б., Е р м е к б а е в а  Б. Ж. налоги и налогообложение. Алматы. 1995. С. 8-12.

б) М е л ь н и к о в  В. Д., И л ь я с о в  К. К. Қаржы. Алматы. 1994, 99 101 бет.

в) К а р а г у с о в а  Г. Ж. Налоги: сущность и практика использования. Алматы: Қаржы-қаражат, 1994. С. 19-21, 29-36.

155. К а р а г у с о в а  Г. Ж. Налоги: сущность и практика использования. Алматы: Қаржы-қаражат. 1994. С. 22-23.

156. С у л е й м е н о в  М. К., П о к р о в с к и й  Б. В., Х у д я к о в  А. И., Ж а к е н о в  Б. А. Право и предпринимательство в Республике Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1994. С. 92-96.

157. Н а й м а н б а е в  С. М. Салықтық құқық. Алматы, 1996. С. 27.

158. Х у д я к о в  А. И. Основы теории финансового права. Алматы: Жеті жарғы, 1995.

159. В о з н е с е н с к и й  Э. А. Финансы как стоимостная категория. М., 1985. С. 63.

160. В о р о н о в а  Л. К., М а р т ь я н о в  И. В. Советское финансовое право. Киев: Вища школа, 1983. С. 34.

161. Х у д я к о в  А. И. Основы теории финансового права. Алматы: Жеті жарғы, 1995. “басқару терминінің кең мағынасын мемлекеттік басқару органдарының қызметтерімен қоса мемлекеттік өкімет органдарының қызметтері де қамтылады”.

162. К о з л о в  Ю. М. Государственное управление социалистической общегосударственной собственностью. М., 1983. С. 38, 57.

163. Х у д я к о в  А. И. Основы теории финансового права. Алматы: Жеті Жарғы, 1995. С. 56-57.

164. Б р а т у с ь  С. Н. Отрасль советского права: понятие, предмет, метод. // Советское государство и право, 1979, №11. С. 29.

165. Поль Мари Г о д м е. Финансовое право. М., 1978. С. 53.

166. Х у д я к о в  А. И. Основы теории финансового права. Алматы: Жеті Жарғы, 1995. С. 36-37.

167. Негізінде, басқару деп – қоғамдағы қандай да болмасын процестерге мақсатты, ұйымдастырылған түрде ықпал (әсер) ету арқылы оларды белгіленген заңдылықтарға сәйкес келтіруді немесе сол процестерді жүйеленген, тиісті тәртіпке келтіруді айтамыз. Ал қаржы саласындағы басқару дегеніміз – осы салада күткен нәтижеге жету жолында белгіленген (анықталған) объектіге жоспарланған, мақсатты түрде ықпалын тигізетін тәсілдер мен әдістердің жиынтығы. Бұл саладағы басқару өз алдына, дербес және ерекше мемлекеттік басқару саласын қалыптастырмайды. Салық салу саласындағы басқару – қаржы саласындағы, дәлірек айтсақ, бюджет аясындағы басқару болып табылады.

Бұл жерде нақты қаржы саласында белгіленген басқару органдарының ерекше жүйесі жоқ болғандықтан, тек осы салада қандай да болмасын, өзіне тиісті қызмет атқаратын әртүрлі мемлекеттік органдардың құзыреттерін айтуға болады. Сонымен қатар салықтық қызмет аясында барлық мемлекеттік аппарат жүйесі жұмыс істейтінін және олардың әрқайсысының қаржылық қызметі жөніндегі қаржылық, салықтық және т.б. құқықтық нормалармен жүктелген құқықтары мен міндеттері бар екенін естен шығармауымыз қажет.

168. Х у д я к о в  А. И. Финансовое право РК (общая часть). Алматы: Каржы-Қаражат, 1995. Гл. 7. С. 163.

169. Сонымен қаржы саласындағы басқаруды тікелей басқару қызметі ретінде түсінуімізге болмайды. Қаржы саласындағы басқару – мемлекеттік өкілетті органдардың осы аяға байланысты өз құзыреттерін жүзеге асыру кезіндегі қызмет атқарулары болып табылады. Егер, бұл жерде белгілі ғалым А. И. Худяков қаржы саласындағы басқару жөнінде айтқан көзқарастарға сүйенсек, онда оны бірнеше тұрғыдан қарастыруға болады. Қаржы саласындағы басқару деп – мемлекеттік өкілетті органдардың салық қызметін жүзеге асырушы субъектілерінің әрекеттеріне ұйымдастырылған түрде ықпал етуін айтуға болады Осы ықпалға байланысты қаржылық қызметі органдарының іс-әрекеттері ұйымдастырылған түрде тәртіптеледі. Мысалы, салық пен басқа да міндетті төлемдер түрінде бюджетке аударылатын ақша қаражаттарының тиісті бюджетке белгіленген мерзімінде және толығымен түсіп тұруын қадағалау да қаржы саласындағы басқаруға жатады. Тағы бір мағынада, қаржы саласындағы басқару деп – қаржылық қызметті мемлекет мүддесін көздей отырып жүзеге асыратын мемлекеттік өкілетті органдар жүйесін айта аламыз. Өйткені осы мемлекеттік өкілетті органдар бір уақытта басқару органдары болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталардың бөлек отырысында бюджет, салық салу мәселелерін әуелі Мәжілісте, одан кейін Сенатта кезекпен қарау арқылы республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, сондай-ақ мемлекеттік салық пен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды.

170. Т а р а н о в  А. А. Административное право Республики Казахстан. Алматы: Жеті Жарғы, 1998. С. 16.

171. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 49, 54, 61-баптары. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 16 қазандағы “ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Конституциялық заң күші бар Жарлығы. 16 бап.

172. ҚР 1993 жылғы 10 желтоқсандағы “ҚР жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы” заңы.

173. Қазақстан Республикасының Конституциясы 64, 66-баптары. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы “ҚР Үкіметінің туралы” Конституциялық заң күші бар жарлығы, 9 бап.

174. “Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы Ереже”. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 қыркүйектегі Қаулысымен бекітілген.

175. Қаржы саласындағы басқару негізінде мына келесідей принциптер жатады:

- жоспарлылық және тиімділік;

- қаржы мәселелеріне саяси тұрғыдан қарау;

- халық мүддесі мен мұқтаждығын есепке алу;

- ғылыми түрде, яғни ғылым жетістіктерінің нәтижесіне сүйене отырып басқару;

- барлық басқару жүйесі бойынша құқықтар мен міндеттерді дәл белгілеу, яғни нақты жауапкершілік жүктеу;

- осы саладағы басқарудың барлық деңгейінің тиімді ұштастырылуы;

- заңдылық және жариялылық;

Қаржы саласындағы басқаруда мына келесідей өзара тығыз байланысқан элементтер пайдаланылады: жоспарлау; қаржыларды басқаруды ұйымдастыру; қаржылық реттеу; қаржылық бақылау.

176. Мысалы, Қаржы министрлігінің салық пен табыстарды болжалдау басқармасы мына төмендегідей қызметтерді атқарады:

- экономикалық талдау жүргізеді;

- мемлекеттік бюджетке бір жылдың ішінде түсетін салықтар мен кірістерді болжалдайды;

- осы түсімдердің түсуін қамтамасыз ететін шараларды әзірлейді;

- төлемдердің уақытылы бюджетке түсуіне бақылау жүргізуді жүзеге асырады.

Ал облыстық, қалалық қаржылық басқармалар мен аудандық қаржылық бөлімдердің бюджетке түсетін кірістерді болжалдау және экономикалық талдау жүргізу бөлімдері мынадай қызмет атқарады:

- бір жылдың ішінде бюджетке түсетін салық пен кірістерді болжалдауды және осы кірістердің түсуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

- бағынышты аумақтағы халық шаруашылығы бойынша бюджетке түсетін салық пен басқа да төлемдердің және халықтың салықтық төлемдерініің бюджетке түсуіне бақылау жүргізуді жүзеге асырады;

- кірістерге, салыққа және бюджетке төленетін басқа төлемдердің мемлекеттік бюджетке түсетін бөлігіне қатысты және бюджеттің кіріс бөлігінің орындалғаны жөнінде есептеуді жасайды.

177. “ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті туралы Ереже (Қаржы министрлігінің Салық комитеті)” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 шілдедегі Қаулысымен бекітілген.

178. “Экономикалық қылмыспен күрес жүргізудің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы” ҚР Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы, №3935 Жарлығында Қаржы министрлігінің кұрамында Салық полициясы комитетін құру көзделген. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі “Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық полициясы комитеті туралы Ереже” кабылдап, оны 1998 жылғы 22 мамырдағы №465 Қаулысымен бекіткен.

179. Х у д я к о в  А. И., Н а й м а н б а е в  С. М. Русско-казахский финансово-правовой толковый словарь. Алматы: Тұран, 1997. С. 55-56.

180. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы “ҚР Ұлттық Банкі туралы” заң күші бар жарлығы, 8 бап.

181. Сол заң, 8-бап.

182. Сол заң, 6-бап.

183. Х у д я к о в А. И. Финансовое право Республики Казахстан (общая часть). Алматы: Қаржы-Қаражат, 1995. С. 172-173.

184. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы “Бағалы қағаздар рыногы туралы” заңы, 10 бап.

185. Х у д я к о в  А. И. Основа теории финансового права. Алматы: Жеті Жарғы, 1995. С. 39-40.

186. “Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы Ереже” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 қыркүйектегі Қаулысымен бекітілген; “ҚР Қаржы министрлігінің қаржы бақылау комитеті туралы Ереже” ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 4 шілдедегі Қаулысымен бекітілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет