Сын есімнің құрамы: жалаң және күрделі сын есімдер
Сын есім – заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер.
Қазақ тілінде сын есімдердің сұрақтары: Қандай? Қай?
Жалаң сын есімдер деп құрамы бір ғана сөзден тұратын сындық мағыналы сөздер аталады: әдемі, жақсы, күлкішіл, ұзын, қоңыр, таңғы т.б.
Күрделі сын есімдер деп ең кемі екі сөзден құралып, бір сындық ұғымды білдіретін сөздер аталады: күрең қызыл, қара ала, қара сұр, ақ сақалды т.б.
1-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерден сын есімдерді тауып, түрін ажыратыңыз.
1.Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды.
2.Балам бол, басқа бол, бәріңе заң біреу-ақ.
3.Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.
4.Куәсіз істі күмән табар,
Куәлі істі куә табар».
5.Бір қазаға екі жаза жоқ.
2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
1.«Демократия» грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
2.Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды?
3.ҚР басқару нысаны қандай?
4.Халықпен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар?
5.ҚР «Мемлекеттік нышандары туралы» заң қай жылы қабылданды?
6.ҚР «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады
7.1998 жыл қандай жыл болып аталып өтті?
8.17-желтоқсан қандай күн?
9.«Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім?
10.Балалар құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды?
3-тапсырма. Төмендегі сын есімдерге жақша ішіндегі зат есімдердің лайықтысын тіркеп жазыңыз.
Өнерпаз.............(сөйлем)
Әуесқой...............(ой)
Түйінді................(шопан)
Таңдаулы............(адам)
Жасанды...........(бала)
Сөзшең................(торқа)
Басыңқы............(суретші)
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды жазып, олардың қандай жұрнақтар екенін табыңыздар.
а)Көкірегі сезім...., тілі орам....,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
ә)Ерін.... адамның ертеңі бітпес.
б)Қаб.... иттің тұмсығына тор кигізген.
Қосымша мәтін
Достарыңызбен бөлісу: |