9-тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз.
10-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерде қандай философиялық мән бар?
Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Халық – дана
Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.
Отан оттан да ыстық.
11-тапсырма. Төмендегі сөздердің мәнін қалай түсінесіз? Мысал келтіріңіз.
айтыс, шешендік сөз, жыр, аңыз, рухани мәдениет, мақал-мәтел.
СӨЖ: «Жұмыссыздық мәселесі мені ойлантады» (Ойтолқы)
ОСӨЖ: «Жаһандану және ұлттық тәрбие» тақырыбына эссе жазыңыз.
4-апта
Заңды білмеу жазадан құтқармайды...
Сын есімнің құрамы: жалаң және күрделі сын есімдер
Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі, оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын
қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жас өспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл – заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен, заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |