Утегенова Г. Ж., Абдикеримова Г. А., Базарбекова Н. Ш., Байменова С. С


-тапсырма. Сөз тіркестеріне пайдаланып, әр түрлі сөйлемдер құраңыз



бет56/135
Дата02.01.2022
өлшемі283.94 Kb.
#452409
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   135
Оку курал 2021 январь

9-тапсырма. Сөз тіркестеріне пайдаланып, әр түрлі сөйлемдер құраңыз.

Бұғып жатқан сыр, ақталмаған үміт, құпия арман-тілек, шашы құлпыру, мақтағанды жақсы көреді, ерік-жігері мол, айналасына нұр сеуіп тұру, жұмсақ мінез, өр көкірек, жолы болғыш.


10-тапсырма. 1)Мәтіннен алынған мәліметтермен жұмыс

а) жаңа мәліметтер

ә) белгілі мәліметтер

б) қай мәліметтерменкеліспейміз

в) толығырақ немесе дәлелдей түссек

г) қызықты мәлімет


2. Мәтіндегі мәліметке не қосасыз, жазыңыз

а) адам шашына

ә) адам көзіне

б) адам мұрнына

в) адам ерніне
3. Адам бейнесін сипаттайтын сөздерді жазыңызр

а) тура мағынасында

ә) ауыспалы мағынасында

б) тұрақты тіркес болғанда


11-тапсырма. Сөздердің антонимін беріңіз

Сұсты –

сенімді –

сабырлы –

кенже –

өңді –

қатыгез –

сүйкімді –





12-тапсырма. Мәтіндегі мәліметтерді пайдалана отырып, қайырымды, адамгершілігі мол адамның портретін жасаңыз.


сұлу –

дөрекі –

парасатты –

бейімді –

Сараң –

тұрақсыз –


13-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мәнін түсіндіріңіз.


Адам аласы ішінде,

Мал аласы сыртында.



Кісінің көзіне көзің түссе,

Көңілі жібіп, мейірі түсер.




Адам сөйлескенше,

Жылқы кісінескенше.



Базарда мың кісі бар,

Әркім сүйгеніне сәлем берер.


Адам құлақтан азады,

Көңілден семіреді.

Сырты жалтырауықтың іші қалтырауық.


Көз – нұрдың ұясы,

Көңіл – сырдың ұясы.

Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі,



Тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі.


7-апта
Жаһандық жылыну.


Етістіктің болымсыз түрі. Бұйрық, талап ету, қалау, өтініш формасы.

Соңғы уақыттары Жер шарында  климаттың үлкен қарқынмен өзгеріп жатқанын байқауға болады. Әлемнің бір нүктесінде қар түсіп аяз орнаса, енді бір жерде аномалиялық аптап ыстық болып тұр. Климаттық өзгерістер айқын көрініс табуда. «Жаһандық жылыну». Бәріміз естіп жүрген ұғым. Алайда күнделікті өмірде әсіресе соңғы уақыттары қолданыста жүрген бұл ұғымның астарында біз ойламаған шындық жатыр... Жаһандық жылыну - жердің бетіндегі орташа температураның артуы. Ауаны ластау, өнеркәсіп санының артуы, ормандарды құрту, жанартаулардың атқылауы ғаламдық жылынудың басты себептері болып табылды. Жаһандық жылынудың себептері -Жер шарындағы Күн белсенділігінің артуы. Жалпы жер бетіндегі климаттық өзгерістердің барлығы тікелей Күннің белсенділігіне байланысты. -Адам қолымен жасалған әрекеттері.  Өнеркәсіп, кәсіпорындар жұмысы, көліктердің шығаратын көмірқышқыл газы атмосферада көп мөлшерде жиналып қалады. Жерге түскен Күн сәулелерінің әсерінен көмірқышыл газы сейілмей ғаламшар қатты қызып кетеді. Көмірқышқыл газынан басқа жаһандық жылынуға әсер ететін басқа да газдар бар. Олар метан, азот  оксиді және т.б сияқты газдар адам қолымен жасалады. -Климаттың өзгеруіне әсер ететін бірден бір себеп- мұхит. Мұхиттағы ауа циркуляциясы өте аз зерттелген. Мұхиттағы орташа ауа температурасы  3,5 цельси градус екені белгілі. Судың құрамындағы көмірқышқыл газдар атмосфераға барады. Біздің ғаламшарымыз қызып жатыр. Осы қызу- жер шарының мұз бөлігіне апаттық деңгейде  әсер етуде. Ауа температурасы көтеріліп мұз еріп жатыр.

Мұхит деңгейі осыдан 100 жыл бұрынғыға қарағанда 2 есе жылдам көтерілген. Тарихи хроникалар мен метеорологиялық бақылаулар, мұхит тұнбаларын зерттеу мен Арктика, Антарктида мұздарын талдау арқылы ғалымдар климаттың өзгеруін байқады. Әлемдегі ең танымал климатолог, климаттың өзгеруі Халықаралық Үкімет сарапшылар тобының мүшесі Жан Жузель  климаттың өзгеруі – үлкен проблемалық мәселе дейді. «Климатты зерттеу соңғы 50 жылда жақсы қарқынмен жүргізіліп жатыр. Жаһандық жылынуды алдын-алуды қазірден бастау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет