«утверждено»



Дата05.07.2016
өлшемі192.4 Kb.
#180724
түріПротокол
«УТВЕРЖДЕНО»

Правлением АО "БТА Банк"

Протокол № ____

от "___" ______ 2014 г.



ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ БАНКТІК САЛЫМ ШАРТЫ

(ҚОСЫЛУ ШАРТЫНЫҢ СТАНДАРТТЫ ТАЛАПТАРЫ)


  1. Жалпы ережелер




    1. Осы Шартпен (бұдан әрі мәтін бойынша - Шарт) Салымшының «БТА Банк» АҚ-тағы (бұдан әрі - Банк) жинақтау шотына ақша қаражатын (бұдан әрі - Салым) осы Шартта белгіленген талаптарда орналастырудың стандартты талаптары анықталады. Салым талаптары Банктің уәкілетті органымен бекітіледі және Банктің Интернет желісіндегі www.bta.kz. мекенжайы бойынша ресми веб-сайтында және Банктің операциялық бөлімшелерінде жарияланады.

    2. Шарт Банкке Салымшы қол қойған Шот ашу туралы Өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) тапсыруы және Салымды орналастыруы арқылы жасалады. Салымның нақты талаптары – Салымның түрі, сомасы, мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі, сонымен қатар жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, мерзімділігі мен сыйақыны төлеу тәсілі Тараптармен Өтініш арқылы анықталады.

    3. Банктің Салымшыдан Өтінішті қабылдауы Салымшының Шартқа қосылғанын білдіреді. Банк Өтінішке Өтінішті қабылдауы туралы белгі қойған соң Өтініш қабылданған, ал Шарт жасалған болып саналады. Салымшының қолы қойылған және Банктің уәкілетті қызметкерінің қолы мен мөрімен расталған Өтініш Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

    4. Өтініштегі Салымшының қолы Салымшының Шартты ешбір ескертулер мен қарсылықтарсыз толық көлемде алғанын, оқығанын, түсінгенін және қабылдағанын куәландырады. Салымшы, егер Банкте Салымшының қолы қойылған Өтініштің бір данасы бар болса, оның Шартты алғаны/оқымағаны/түсінбегені/алмағанының дәлелі ретінде, оның осы Шартта қолы қойылмағанына меңзеуге құқығы жоқ. Өтінішке қол қоя отырып, Салымшы Салымды орналастыру мен жүргізудің барлық талаптарын өзіне алады және осы Шартқа қосылады, сондай-ақ осы Шарттың барлық ережелері Салымшының мүддесі мен еркін білдіруге толық сай келетінін растайды.

    5. Шарттың барлық Қосымшалары (егер бар болса), Банк қабылдаған Өтініштер Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

    6. Осы Қосылу шарты мен Өтініш нысаны Банктің Интернет желісіндегі www.bta.kz. мекенжайы бойынша ресми веб-сайтында орналасқан.


2. Терминдер мен анықтамалар

Банк – «БТА Банк» акционерлік қоғамы, оның филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері.

Салым – Шартпен және Өтінішпен белгіленген талаптар бойынша Шотқа салынған ақша.

Шот – Салым есебін және онда операцияларды көрсету мақсатында Шарттың талаптарына сәйкес ашылған, Банктегі жинақтаушы банктік шот.

Салымшы – Шартқа сәйкес атына Шот ашылған және Салым енгізілген жеке тұлға.

Шарт – Банктегі Шотқа Салым салу талаптары мен тәртібін анықтайтын осы Жеке тұлғаның Банктік салым шарты (стандартты талаптар).

Шарттың мерзімін ұзарту – Салымды орналастыру мерзімі аяқталғанда оны жаңа мерзімге орналастыру.

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 2012 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының №137 қаулысымен бекітілген қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеулердегі (нақты құнының) сыйақы мөлшерлемелерін есептеу ережелеріне сәйкес есептелетін қызметтер бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салытырмалы есептеулердегі сыйақы мөлшерлемелер;

Жұмыс күні – Қазақстан Республикасында банктер операция жүргізетін күнтізбелік күн (ресми демалыс және жұмыс емес мереке күндерінен басқа).

Тарап – Банк немесе Салымшы.

Тараптар – Банк және Салымшы.


  1. Шарттың мәні

    1. Банк Салымшыдан Салымды қабылдайды және оны осы Шартпен және Өтінішпен белгіленген талаптарда Шотқа салады. Егер Салымшының Салымды салуға болатын Шоты жоқ болса, - Банк Салымшыға Шот ашады.

    2. Шот бойынша Салымшының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына байланысты операцияларды жүргізуге болмайды. Шарттың осы тармағының ережелерін бұзғаны үшін Банк жауапкершілік алады (Банк осындай қызметке байланысты болуы мүмкін Шотқа қатысты нұсқаулардың орындалуы үшін жауапкершілік алмайды).

    3. Салымшыны сәйкестендіру үшін, Банк мыналарды қосымша пайдаланады:

  • Банктің дерекқорында орналастырылатын Салымшылардың фотокескіні (егер бар болса);

  • Салымшының биометриялық деректері (Салымшының тиісті өтініші болса)

және/немесе

  • Банкпен шығарылған төлем картасын, электрондық сандық қолды (бұдан әрі - ЭСҚ) (егер Салымшыда осылар бар болса);

  • басқа да сәйкестендіруші құжаттарды.

    1. Салымға мыналар иелік етеді:

  • Салымшы;

  • Салымшының өкілдері – тиісті түрде ресімделген сенімхат негізінде/заңды өкілдері, асыраушылары – олардың өкілеттігін растайтын құжаттар негізінде;

  • Салымшы қайтыс болған жағдайда – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұрагерлер.




  1. Салымды енгізу тәртібі

    1. Салымшы Банктен Салым валютасында ағымдағы шот (бұдан әрі – ағымдағы шот) ашқан жағдайда, Банк Салымды қабылдайды. Шот бойынша барлық операциялар, сонымен қатар Салым ашу, толтыру, Салымды/Салымның бір бөлігін алу, жабу осы ағымдағы шот арқылы жүргізіледі.

    2. Банкте ағымдағы шоты жоқ болса, Салымшы оны Банк пен Салымшы арасындағы тиісті шарттармен белгіленген талаптарда және тәртіпте ашады.

    3. Салымшы да үшінші тұлға да (бұдан әрі - Салушы) – сенімгерлер үшін ҚР заңнамасына сәйкес Салымшының Шотты ашуына қажетті құжаттардан, Шотты ашуға және оған иелік ету құқығына нотариуспен куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасынан немесе Салушының Салымшы атынан сенімхатсыз әрекет ете алатынын растайтын құжаттардан басқа құжаттарды ұсынған жағдайда, Салым енгізе және Шот аша алады.

    4. Салым келесі жолдармен енгізілуі мүмкін:

4.4.1. қолма-қол ақшасыз жолмен

Салымды енгізу үшін Салымшы/Салушы Салымшының Банкте ашылған ағымдағы шотында Өтініште көрсетілген Салым сомасының болуын қамтамасыз етеді. Салым сомасы Салым енгізілген күнге сәйкес Банктің ішкі құжаттарымен белгіленген сомадан кем болмауы тиіс. Банк Өтініш пен Шарттың негізінде Салым сомасын ағымдағы шоттан (Салымшының қосымша келісімін алусыз оны тікелей дебеттеу арқылы) шегереді және шегерілген соманы Шотқа аударады.

Егер Шарт жасалған күні ағымдағы шотта Салым сомасының болуы қамтамасыз етілмеген болса – Тараптар Салымшының Шарттан бас тартқанын мойындайды (Шарт тоқтатылады).

4.4.2. қолма-қол ақшамен

Салымды енгізу үшін Салымшы/Салушы кассалық құжатта соманы Салымға орналастыруды көрсете отырып, Өтініште көрсетілген ақша сомасын қолма-қол ақшалай түрде Банк кассасы арқылы енгізеді.



    1. Салымның Банкке енгізілгенін растайтын құжат болып келесі табылады:

- Салымды қолма-қол ақшасыз енгізу үшін – Банктің Салымды қолма-қол ақшасыз жолмен қабылдағаны жөніндегі белгілері бар Өтініш;

- Салымды қолма-қол ақшамен енгізу үшін – Банкпен белгіленген ережелерге сәйкес рәсімделген, оның орындалғаны жөнінде белгілері бар Салым сомасының Шотқа енгізілгені туралы кассалық құжат және Банктің белгілері қойылған Салымның қолма-қол ақшалай түрде қабылданғаны туралы Өтініш.




  1. Салымды толтыру

    1. Салым бойынша қосымша жарналарды, егер қосымша салынатын ең төмен сома Салымшының Банкке жүгінген күнге Банктің ішкі құжаттарымен белгіленген сомадан кем емес болса, қабылдауға болады (Шарттың 5.4.т. көрсетілген жағдайлардан басқа).

    2. Қосымша жарналар салу келесі тұлғалармен жүзеге асырылады:

5.2.1.   қолма-қол ақшамен:

  • Салымшымен, сондай-ақ оның атынан әрекет ететін үшінші тұлғамен (үшінші тұлғаның қамқоршы немесе заңды өкілі болып табылатынын растайтын, тиісті түрде рәсімделген сенімхатты немесе құжатты ұсынған жағдайда) – тиісті кассалық құжатттың негізінде Шотқа қолма-қол ақшалай енгізу арқылы;

  • өз атынан әрекет ететін үшінші тұлғалармен – аударымға өтініштің негізінде қолма-қол ақшалай тиісті соманы бұдан әрі Шотқа аудару үшін Банк кассасына өткізу арқылы (банктік шот ашусыз);

5.2.2. қолма-қол ақшасыз жолмен:

  • Салымшы, сондай-ақ оның атынан әрекет ететін үшінші тұлғалар (үшінші тұлғаның қамқоршы немесе заңды өкілі болып табылатынын растайтын, тиісті түрде рәсімделген сенімхатты немесе құжатты ұсынған жағдайда) ағымдағы шотында қосымша жарна сомасының болуын қамтамасыз етеді, Салымшының тиісті өтінішінің негізінде қажетті ақша сомасын ағымдағы шоттан Шотқа аударуды орындайды;

    1. Салымның толықтырылуын растайтын құжат:

  • Салымшымен және Салымшы атынан әрекет ететін үшінші тұлғалармен, Банкпен белгіленген ережелерге сәйкес рәсімделген, оның орындалғаны жөнінде Банк белгілері бар Салым сомасының Шотқа енгізілгені туралы кассалық құжат (Салым қолма-қол ақшамен толықтырылған жағдайда) немесе Салым қолма-қол ақшасыз тәртіпте толықтырылған жағдайда, Банктің орындау жөніндегі белгілері қойылған, ақшаны ағымдағы шоттан Шотқа аударуға өтініш (соның ішінде ұзақ мерзімді);

  • өз атынан әрекет ететін үшінші тұлғалармен, Банкпен белгіленген ережелерге сәйкес рәсімделген, оның орындалғаны туралы Банк белгілерімен бірге есепке қосудың мақсаты ретінде салымды толықтыруды міндетті түрде көрсетумен (егер Салымға қосуға арналған қосымша жарна Банк кассасына қолма-қол ақшамен енгізілген болса) ақшаны Салымшының Шотына аудару туралы төлем құжаты болап табылады;

    1. Егер Банк тиісті банкті Салым түрін қабылдауды тоқтатса (соның ішінде мерзімі бойынша), Банк осындай Салымдарды қабылдауды тоқтатқан кезден бастап Салым бойынша қосымша жарна қабылдаудан да бас тартуға құқылы.




  1. Салымның бір бөлігін алу

    1. Салымшының талап етуі бойынша Салымның бір бөлігін беру, егер мұндай талап Өтінішпен және Банктің ішкі құжатымен көзделсе ғана жүзеге асырылады.

    2. мұндай жағдайда Салымның бір бөлігін беру Банкпен келесі шарттармен жүзеге асырылады:

  • егер алынатын Салымның бір бөлігінің ең төмен сомасы Банктің ішкі құжаттарымен белгіленген сомадан кем емес болса;

  • егер Салымның бір бөлігін алған соң Шоттағы қалдық Салымшының Салымның бір бөлігін алу туралы өтінішпен Банкке жүгінген күнге Банктің ішкі құжаттарымен белгіленген сомадан кем емес болса;

  • егер, ақшаны қайтару Шотта орналасқан сома есебінен оларды салу тәртібіне қарай (Салымды Шотқа салған күннен бастап) жүзеге асырылатын FIFO (First In, First Out) қағидасы қолданылса. Сонымен қатар Банк алынатын Салымның бір бөлігіне есептелетін/төленетін сыйақыны қайта есептеуге құқылы. Талап етілген Салымның бір бөлігіне қатысты сыйақыны қайта есептеу алынатын Салымның бір бөлігінің Шотта іс жүзінде болған мерзімінен аспайтын мерзімдегі Салымдар үшін талап етілген күнге Банк белгілеген мөлшерлеме бойынша жүргізіледі. Егер талап етілген Салымның бір бөлігі Шотта осы Салым түрі үшін қабылданатын Банкпен белгіленген ең аз мерзімнен аз уақыт болса, талап етілген Салымның бір бөлігіне сыйақы осындай ең аз мерзімдегі Салымдар үшін талап етілетін күнге Банкпен белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі. Шарттың осы тармағымен белгіленген тәртіпте сыйақыны қайта есептеу Банктің құқығы болып саналады, Банк оны өз қарауы бойынша пайдалана алады. Банктің сыйақыны қайта есептеу құқығын пайдаланбауы Банктің мұндай құқықты алдағы уақытта жоғалтуына әкеп соқпайды. Егер Салымның бір бөлігін алу кезінде Салымды қабылдау тоқтатылса, сыйақы Салымның іс жүзіндегі мерзіміне байланысты, қолданыстағы осы тәрізді Салым түрі мен мерзімі үшін салымды алу күні Банкпен белгіленген мөлшерлеме бойынша есептелетін болады.

    1. Салымды/Салымның бір бөлігін талап еткен және оны Шоттан шығынға жазған жағдайда, Салымды/Салымның бір бөлігін талап ету кезінде қолданылатын Банк Тарифтеріне сәйкес комиссия өндіріп алынады.

    2. Салымның бір бөлігін қайтару келесі жолмен орындалады (тиісті өтінішке сәйкес):

  • Салымның талап етілген бөлігін ағымдағы шотқа аудару арқылы; немесе

  • Банк кассасынан қолма-қол ақшамен беру арқылы.

    1. Шот бойынша операциялар Салымшының талап етуі бойынша Банк ұсынатын үзінді көшірмелерде немесе Салымшының қалауы бойынша тиісті ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберу немесе e-mail арқылы көрсетіледі.




  1. Салым бойынша сыйақы

    1. Сыйақы мөлшерлемесінің көлемі, Шарттың 8.2.т. және 9.2. т. көзделген жағдайларды қоспағанда, Өтініште көрсетілген Салымды орналастыру мерзімі барысында өзгермейді.

    2. Салымның іс жүзіндегі мерзімін анықтағанда және сыйақыны есептегенде Салымды енгізу күні есепке алынады, ал мерзімнің аяқталу күні есепке алынбайды (яғни Салымды ұсынған күн мен оны қайтару күні бір күн болып саналады), ал есептеу үшін 360 күнге тең шартты жыл және 30 күнге тең шартты ай алынады.

    3. Салым бойынша сыйақы кезекті күнтізбелік айдың Салымды енгізу күніне сай келетін күні ағымдағы шотқа төленеді немесе Салымшының Өтініштегі нұсқауларына сәйкес капиталданады (Салым сомасына қосылады). Егер есептелген сыйақыны аудару күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, сыйақы есептеу келесі жұмыс күні жүргізіледі.

    4. Салым бойынша сыйақы төлеу мерзімділігі Өтініште белгіленеді. Салым мерзімін ұзартқан жағдайда Салым бойынша сыйақы төлеу мерзімділігі өзгермейді.

    5. Салымды орналастыру мерзімі аяқталған күннен бастап Салым бойынша сыйақы есептелмейді (егер Шарттың әрекет ету мерзімі Шарттың 8 бөліміне сәйкес ұзартылмаған болса).




  1. Салым шартының мерзімін ұзарту

    1. Салымшы орналастыру мерзімі аяқталған соң Салым сомасын талап етпеген жағдайда, Шарттың 8.5. т. белгіленген жағдайларды қоспағанда, Шарттың мерзімі әркез автоматты түрде ұзартылады.

    2. Мерзімі ұзартылған жағдайда Салым, Шарттың қолданыс мерзімін ұзарту күні Банк Тарифтерімен белгіленген мөлшерлеме бойынша сыйақы есептеумен, Шарт талаптарында автоматты түрде осындай мерзімге орналастырылады.

    3. Шарттың мерзімін автоматты түрде ұзарту үш реттен аспайды, бұдан соң Салым және есептелген сыйақы, Салымшыға қосымша ескертпестен, Салымшының ағымдағы шотына Банкпен төленеді.

    4. Салымшының талап етуі бойынша Шарттың және оның орындалу талаптарының мерзімін ұзарту туралы белгі (Салымның өзгерген талаптары – егер мұндай өзгертулер бар болса) Салымшының Банкке берген Өтінішінде қойылады.

    5. Егер Банк тиісті Салым түрін қабылдауды тоқтатса (соның ішінде мерзімі бойынша) Банк Салым мерзімі аяқталған соң (соның ішінде соңғы рет оның мерзімін ұзартқан соң) Шарттың мерзімін ұзартпауға және Салым сомасын ағымдағы шотқа аудармауға құқылы.




  1. Банктік салым шартын мерзімінен бұрын бұзу

    1. Шартты мерзімінен бұрын бұзу Салымшының өтініші негізінде немесе Шарттың 9.5.т. сәйкес Банктің бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

    2. Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда сыйақы келесі тәртіппен қайта есептеледі:

  • Салымды (Салым қалдығын) Шотқа бір айдан аз уақытқа орналастырғанда – Салым бойынша сыйақы есептелмейді;

  • Салымды (Салым қалдығын) Шотта бір және одан да көп айға, бірақ келісілген мерзімнен аз уақытқа орналастырғанда, сыйақы Салымды (Салым қалдығын) Шотта іс жүзінде сақтаған кезеңге Өтініште белгіленген ½ мөлшерлемесі бойынша (немесе Шарттың мерзімін соңғы рет ұзартқаннан кейін Шарттың 8.2. т. сәйкес анықталатын ½ мөлшерлемесі бойынша) есептеледі




    1. Шарттың 9.2. т. көрсетілген сыйақыны қайта есептеу тәртібі мерзімі ұзартылған Шартты мерзімінен бұрын бұзу жағдайына да және үшінші тұлғалардың талабы бойынша Салымды өндіріп алу нәтижесінде Шарттың қолданыс мерзімі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда да қолданылады.

    2. Шартпен көзделген жағдайларда сыйақыны қайта есептегенде артық төленген/капиталданған сыйақы сомасы Салымшыға қайтарылуы тиіс. Банк Салым сомасынан артық төленген/капиталданған соманы ұстап қалуға құқылы. Шотта ақша жеткіліксіз болса, Банк тиісті соманы Салымшының кез келген шотынан олардлы тікелей дебеттеу арқылы шығынға жазуға құқылы немесе Салымшының шотында ақша жеткіліксіз болса, - Салымшы Банкке жеткіліксіз соманы Банк Салымшыға талап қойған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті.




    1. Шарт, егер Банк Салымшыға 10 (он) жұмыс күні бұрын жазбаша ескерткен жағдайда, біржақты тәртіпте Банкпен бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда Банк Салым сомасын және Шарттың осы тармағына сәйкес есептелген сыйақыны Банктің ескертпеде көрсеткен күні ағымдағы шотқа қайтарады. Бұл ретте сыйақы Шарттың талаптарына сәйкес Өтініште анықталған мөлшерлеме бойынша (егер Шарттың әрекет ету мерзімі ұзартылмаса) немесе шартты бұзу кезінде әрекет ететін мөлшерлеме бойынша (егер Шарттың мерзімі ұзартылса) Салымның Шотта нақты болған мерзіміне (Салымды орталастырған күннен қайтарған күнге дейін) есептеледі. Салымды қайтарған соң Банк Шотты жабады.




  1. Салымды қайтару

    1. Банк Салымды ағымдағы шотқа Салым сомасы мен ол бойынша есептелген сыйақыны аудару арқылы қайтарады. Бұл ретте Салымды орналастыру мерзімі аяқталған кезден бастап сыйақы есептелмейді.

    2. Банктің Салымды қайтаруы келесі жолмен жүзеге асырылады:

  • Салым сомасын ағымдағы шотқа аудару арқылы; немесе

  • Салым сомасын Банк кассасынан қолма-қол ақшамен беру арқылы.

    1. Салым сомасы ағымдағы шотқа аударылған немесе Салым сомасы Банк кассасынан қолма-қол ақшамен берілген сәттен бастап Салым қайтарылған болып танылады.




  1. Шот бойынша операцияларды сенімхат бойынша орындау.

    1. Шот бойынша операцияларды сенімхат бойынша орындау сенімді тұлғаға Шот бойынша операцияларды орындау құқығын беретін нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын берген жағдайда жүзеге асырылады.

    2. Салымшы үшінші тұлғаларға Салымды басқаруға құқық берген жағдайда немесе сенімхат бойынша өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқанда келесі тәсілдердің бірі бойынша сенімхат бергені туралы Банкке ескертуі тиіс:

  • Банк бөлімшесіне сенім білдірілетін тұлғаның тегін, аты мен әкесінің атын, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірін, Салымшының сенімхат арқылы сенімді тұлғаға берген өкілеттіктерінің тізімін (сенімхат мәтініне сәйкес) көрсете отырып, жазбаша хабарлама ұсыну арқылы;

  • Банкке сенімді тұлғаға берілген сенімхаттың көшірмесін факспен жіберу арқылы, Банкке сенімхатты бергені туралы міндетті түрде ауызша растай отырып (телефон арқылы).

    1. Салымшы Банкке сенімді тұлғаға сенімхат бергені туралы ескертпеген жағдайда, тиісті сенімхатты беру дерегін растау үшін Банк Салымшыға, сенімхатты ресімдеген нотариусқа жүгінуге құқылы.

    2. Банк Шот ашылған филиалдан басқа филиалда сенімді тұлғаның Шот бойынша операцияларды жүргізуінен бас тартуға құқылы. Сенімді тұлға Шот ашылған филиалдағы Шоттар бойынша ғана сенімхатқа сәйкес операцияларды жүргізуге құқылы.




  1. Қашықтықтан банктік қызмет көрсету

    1. Банк Салымшыға Homebank.kz қаржы порталы арқылы Шотқа және банктік қызметтерге қашықтықтан қол жеткізу қызметін ұсына алады.

    2. Homebank.kz қаржы порталының қызметтерін ұсыну Банктің ішкі құжаттарына сәйкес және Салымшының Банкпен шығарылған қолданыстағы төлем карточкасы бар болған жағдайда жүргізіледі.

    3. Homebank.kz қаржы порталы арқылы Салымшы Шот бойынша ақша қозғалысын өз бетінше бақылай алады, тиісті келісім негізінде Банкпен берілетін Салымшының электронды сандық қолы бар болған жағдайда - Салымды толтыра және/немесе ала алады.




  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

    1. Салымшы құқылы:

      1. Шотқа қосымша жарна енгізуге (Шартпен көзделген жағдайлардан басқа);.

      2. егер Салым талаптарымен көзделген болса, Салым/Салымның бір бөлігінің сомасын және Шарттың талаптарына және Өтінішке сәйкес есептелген сыйақыны талап етуге;

      3. Шот бойынша орындалмаған талаптар жоқ болса, Шотты жабуға Өтініш бойынша Шотты жабуға.




    1. Салымшы міндеттенеді:

      1. Салым валютасында ағымдағы шот ашуға;

      2. Шотқа Шартпен белгіленген тәртіпте сыйақы мөлшерлемесі, соның ішінде жылдық тиімді мөлшерлемесі бойынша, Өтініште көрсетілген мерзімде және сомада Салым енгізуге;

      3. үшінші тұлғаларға Салымға иелік ету құқығын беру кезінде сенімхат беру туралы Банкке хабарлауға;

      4. сәйкестендіруінің қосымша қаражаты ретінде биометриялық деректер сканын (Салымшы саусағының таңбасын тексеру) және/немесе Банкпен шығарылған төлем картасын/ЭСҚ немесе басқа құжаттарды ұсынуға;

      5. Банк бөлімшесі арқылы Шоттан ақшаны қолма-қол түрде 10 000 (он мың) АҚШ долларына/еуроға немесе 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеге тең немесе одан артық сомада алу үшін алдын ала, бірақ Салымның бір бөлігін/Салымды алу болжанған күнге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Банкке белгіленген нысанда ресімделген тиісті жазбаша өтінім беруге;

      6. жазбаша түрде немесе Тараптармен келісілген басқа байланыс құралдары бойынша Банкке өзінің деректемелері (төлқұжат деректерінің, СТН/ЖСН – растайтын құжаттарын ұсынумен, тұрғылықты мекенжайының, телефон нөмірінің, электронды мекенжайының e-mail, факс нөмірінің және басқа да деректерінің) өзгергені туралы оларды өзгертуден 5 күн бұрын ескертуге.




    1. Банк міндеттенеді:

      1. Шоттағы Салымды есепке алуға;

      2. Салым сомасына Шарттың талаптарына және Өтінішке сәйкес сыйақы есептеуге;

      3. Салымшының талап етуі бойынша Салымды және Шарттың талаптарына сәйкес есептелген сыйақыны қайтаруға;

      4. Салымшының талап етуі бойынша, егер Өтінішпен және Банктің ішкі құжаттарымен көзделген болса, Салымның бір бөлігін беруге;

      5. Салымшының талап етуі бойынша Банк тарифтеріне сәйкес Шот бойынша үзінді көшірме/анықтама беруге;

      6. Банк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Салымшының Шот бойынша операциялары туралы құпияны сақтауға кепілдік береді;




    1. Банк құқылы:

      1. Салымшының алдын ала келісімісіз, біржақты тәртіпте, Шарттың 17 бөліміне сәйкес Шарттың талаптары мен Банк Тарифтеріне өзгертулер енгізуге;

      2. ақшаны Шотқа қате есептеген, Шотқа артық төлеген жағдайда, сондай-ақ Банктің төлем карточкалары және/немесе төленбеген комиссиялары бойынша Салымшының кредиттері/кредиттік лимиттері бойынша мерзімі өткен берешегі бар болған жағдайда, Шотты тікелей дебеттеу арқылы ақшаны Шоттан акцептісіз тәртіпте (Салымшының қосымша келісімісіз) шығынға жазуға;

      3. жазбаша түрде ескерту беру арқылы Салымшыға Шот ашудан және онымен іскерлік қарым-қатынас орнатудан біржақты тәртіпте бас тартуға;

      4. себебін түсіндірместен Салымшымен іскерлік қарым-қатынасын тоқтатуға және Салымшының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кіріске қарсы әрекет ету және заңдастыру (жылыстату) және лаңкестікті қаржыландыру туралы заңнамасын орындау негізінде Шот бойынша операцияларды орындау туралы өкімін орындаудан бас тартуға;

      5. біржақты тәртіпте Шартты бұзуға және Салымшы Шотын немесе Шарттың 9.5. т. сәйкес, Шарт аясында ашылған барлық Шоттарды Салымшыға осындай шартты бұзудан 10 күнтізбелік күн бұрын тиісті хабарлама жіберу арқылы жабуға;

      6. Банк Салымшыға Шот жағдайы, ол бойынша операциялар туралы мәліметтерді, сондай-ақ кез келген ақпараттық материалдарды (сонымен қатар хабарламаларды), егер Салымшы сұратуды байланыс арналары арқылы жіберген болса немесе Банк Шот бойынша операциялардың қауіпсіздік деңгейін жетілдіру мақсатында Салымшыға тиісті хабарламаны мақсатына сай жіберуді қарастырса, ашық байланыс арналары арқылы (соның ішінде SMS-банкинг, e-mail, факс, т.б.) беруге құқылы. Салымшы өтініш бере отырып және өзі Банкке келу арқылы, Банктің Шот бойынша ақпаратты беруіне Банкке ресми жазбаша келісімін береді және Шарттың осы тармағына сәйкес Банктің ашық байланыс арналары арқылы үшінші тұлғалардың ақпаратты рұқсатсыз алу қаупін растайды және осындай тәуекелді өзіне алады;

      7. Банк Салымшының немесе оған уәкілетті тұлғалардың Шот бойынша операцияларды орындау туралы нұсқауларын орындаудан, егер мұндай нұсқаулар және ол бойынша ұсынылатын құжаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына және Банктің ішкі құжаттарына қайшы келсе, Шотта осындай нұсқауларды орындау үшін жеткілікті ақша сомасы жоқ болса, бас тартуға құқылы.




  1. Тараптардың жауапкершілігі. Жауапкершіліктен босатылуы

    1. Банк, егер Салымшы Банкке уәкілетті тұлғаларды алмастыру немесе олардың өкілеттіктерін Шарттың 11 бөліміне сәйкес мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарламаған/уақтылы хабарламаған жағдайда, Салымшының Шотты басқаруға уәкілеттік берген тұлғаларының әркеттері үшін жауапкершілік алмайды.

    2. Кез келген жағдайларда Шарттың талаптарын бұзғанда Банктің жауапкершілігі Банктің заңсыз әрекеттері/әрекетсіздіктері салдарынан Салымшыға келтірілген нақты залал көлемімен шектеледі.

    3. Банк, егер тежеусіз күш жағдайы салдарынан, соның ішінде бағдарламалық қамсыздандырудың істен шығуынан, электр қуатының сөнуінен, байланыс желісінің зақымдануынан және Тараптардың еркінен тыс басқа да жағдай салдарынан болса, Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілік алмайды. Банк Шарт бойынша өз міндеттемелерін жоғарыда айтылған жағдайлар және оның салдары тоқтатылған соң кешіктірмей орындайды.

    4. Тежеусіз күш жағдайлары әрекет етуін тоқтатқан соң, тиісті Тарап Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жаңартуы тиіс. Егер тежеусіз күш жағдайы басталған уақытынан бастап 1 (бір) айға созылса, Тараптар өзара келісім бойынша Шарттың әрекет етуін тоқтатуға құқылы, бұл ретте мүдделі Тарап бұл туралы екінші Тарапқа тежеусіз күш жағдайлары тоқтатылатын күнге дейін кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрынжазбаша хабарлайды.

    5. Банк, Банкке уәкілетті мемлекеттік органдардың және/немесе лауазымды тұлғалардың Шот бойынша, ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы, Шоттағы, ағымдағы шоттағы ақшаға тыйым салу туралы шешімі/қаулысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшаны акцептісіз шығынға жазуға құқылы үшінші тұлғалардың нұсқауы түскен жағдайда, Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны/тиісті түрде орындамағаны үшін, Шотқа ақшаны аудара алмағаны үшін жауапкершілік алмайды.

Бұл орайда Салымшының келісімісіз ақшаны Шоттан алу, Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және Шоттағы ақшаға тыйым салу, тек тиісті түрде ресімделген құжаттар негізінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана жүргізіледі. Банк Салымшының осындай жағдай салдарынан келтірілген залалдары үшін жауапкершілік алмайды.


  1. Дауларды қарау тәртібі

    1. Шартты жасау және орындау барысында немесе онымен байланысты туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптармен 10 күндік мерзім ішінде қаралады. Даулы мәселелер бойынша келісімге келе алмаған жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген сот тәртібінде қаралады.

    2. Шартпен тікелей немесе жанама түрде байланысты және онда реттелмеген барлық даулар шартқа сәйкес Тараптармен шешіледі және реттеледі, ал Шартпен реттелмеген қалған жағдайлардың барлығында – Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Банктің ішкі құжаттарына сәйкес реттеледі.




  1. Салымға кепілдік беру

    1. Шартты жасау кезінде Салым депозиттерді міндетті кепілдендіру нысаны болып табылады.

    2. Банкті мәжбүрлі таратқан жағдайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру Қорымен төленген кепілдендірілген соманы сыйақысыз, Шоттағы Салым қалдығы құрайтыны, бұл ретте Салымшының Банктегі барлық кепілдендірілген депозиттері бойынша кепілдікті өтем жиынтығы бес миллион теңгеден аспайтыны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген. Шетел валютасындағы Салымдар бойынша кепілдікті өтемді төлеу теңгемен жүргізіледі. Өтемді есептеу үшін мәжбүрлі тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданылады.

    3. Қазақстан Республикасының депозиттерге кепілдік беру мәселесі бойынша заңнамасы өзгерген жағдайда, Салымшыға заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып анықталған кепілдік беру талаптары қолданылады.




  1. Шартты өзгерту тәртібі

    1. Банк біржақты тәртіпте, Салыцмшының алдын ала келісімісіз Шартқа өзгертулер енгізу.

    2. Банк Шарттағы өзгертулер, жүргізілетін операциялар бойынша қолданылатын комиссиялар, мерзімі ұзартылған соң қолданылатын сыйақы мөлшерлемелері туралы осындай өзгертілер күшіне енген күнге дейін кемінде 10 күн бұрын ақпаратты Банк бөлімшелерінде немесе www.bta.kz. мекенжайы бойынша Банктің корпоративтік сайтында жариялау арқылы ескерту.

    3. Салымшы Шарттың өзгертілген редакциясымен өз бетінше танысады, тиісті күнге комиссия мен сыйақы мөлшерлемесінің көлемін Банк бөлімшесінен немесе Банктің веб-сайтынан, сондай-ақ Банктің анықтама қызметінің телефон нөмірлерінен біледі.

    4. Салымшының Банк Шартқа өзгертулер енгізу/оның өзгертілген редакциясы туралы хабарламасын жариялаған кезден бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде енгізілген өзгертулерді ескере отырып, Шарттың талаптарын қабылдамайтыны туралы Банкке өтініш бермеуі Салымшының Шарттың жаңа редакциясымен келісетінін және енгізілген өзгертулерді ескере отырып оған жалпы қосылатынын білдіреді.

    5. Салымшы Шарттың өзгертулерімен келіспеген жағдайда, Салымшы Банкке Шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын Шартты бұзу туралы Өтініш береді.




  1. Басқа шарттар

    1. Шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған. Осы Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында қарама-қайшылықтар болған жағдайда, Тараптар Шарттың орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет