В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021


-Дәріс тақырыбы. Технологиялық жабдықтардың негізгі түрлерін монтаждау



бет41/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51
23-Дәріс тақырыбы. Технологиялық жабдықтардың негізгі түрлерін монтаждау. Бағаналық аппараттарды монтаждау. Компрессорлық-сораптық агрегаттарды монтаждау. Тасмалқұбырларды монтаждау.


Құбырлы пештерді монтаждау.

  1. Мұнайгаз өндеуде қолданылатын құбырлы пеш.

Құбырлы пеш —жалынды қыздьфғыш, мұнай енемес мұнайлық мөлдір өнімдердің және газды технологиялық процесстің спецификалық ерекшелігімен анықталатын температураға дейін қыздыру үшін тағайындалған.


Мұнай газ өңдеу және мұнайхимия өнеркәсіп кәвсіпорындарында бір немесе екі жапсарлы қиғаш сводпен аспалы қабырғасы (1-сурет) құбырлы пешті, сондай-ақ отындықтың сәулелендіруші қабырғасы бар қорабшалы типтегі (2-сурет) пеш (газды отында жұмыс істейтін), цилиндрлік вертикал пештер кеңінен қолданады.
Жалынсыз панельдік оттықты, жайылмалы жалынды және ауаны дифференциальды берудегі құбырлы пештерді қолдану олардың габариттерін елеулі ықшамдап, металл мен өрттөзімді материалдардың меншікті шығынын қысқартуға, олардың технико-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Құбырлы пештердің негізгі конструктивті элементтері келесілер.
Болаткаркас, орама (обмуровка) мен ирелек құбырларды ілуге пішімді жасалған балка, қызмет көрсетуге арналған алаңдар мен теппешектерден тұрады. Каркас негізгі алып жүруші конструкция болып табылады.
Өртке төзімді темірбетонды пештегі жүктеме негізінен темірбетонды конструкцияға әсер ететді.
Құбырлы ирелек сәйкесінше пештің конвекциялық және радиантты камераларында орналасқан конвекциялық және радиантты секциялардан тұрады. Ирелектің құбырлары өзара (двойниктермен байланысқан және де мұны құбырларға фланецпенен, пісірумен және керіп (развалыдовкалаумен - ретрубты) бекітелі. Пеш ирелегінің жұмыс қысымы мен темпсратурасына байланысты, ол көміртекті немесе легирленген болаттардан жасалады.




    1. сурет. Екі жапсарлы құбырлы пеш.




1.2-сурет. Панельді оттықты сәулелендіргіш қабырғалы пеш: 1-төменгі қатар оттығына газ беру коллекторы; 2-жоғарғы қатар оттығына газ беру коллекторы; 3-оттық эллекторы; 4-жапсар-төсем; 5-шатырлық экран құбырлары; 6-каркас; 7-буқыздырғыш ирелегі; 8-конвекция камерасы ирелегінің құбыры; 9-қазан-утилизаторының құбырлары; 10-түтіндік құбыр; 11-стременка; 12-екіжақты сәулелеуші ирелек құбыры; 13-тастау терезесі; 14-оттық панелі; 15-оттыққа қызмет көрсету алаңы; 16-тұндық экран құбыры.

Пештің конвекциялық каммерасында құбырлы буқыздырғышы орнатылады. Газ жағуға арналған жабдықтар форсункалы, регистрларды, ауа үрлегішті, отын мен бу құбырлары, желдеткішті қарастырады.


Пеш гарнитурасы фасонды қыш, аспақ, құбыр арналған тор мен тіректер үшін аспалар мен кронштеиндер, газдық люктер, сақтандырғыш терезелер мен көру терезелерін қарастырады.
Аралық аспалар отындық камера ішінде орналасады да, ирелек құбырларын ұстау және оны иілуден сақтайды. Болаттық торларға термоизоляцияны ілу ілгектері пісіріліп беьсітіледі де, ал шойындық торларға ілгектер бұрандамен бекітіледі. Пісірілмелі ирелекті пештерге бөлшектенетін құбырлы торлар мен ілгектерді қолданады.
Пештің конвекциялық камерасының құбырлы төры мен құбырлы тіректерінің құбырларды демеп түруға арналған. Құбырлы торларды пештің бүйірлік беттерінде орнатады. Конвекциялық секцияның кіші өлшемдерінде құбырлы торлар тұтастай етіп құйылады, ал үлкен пештер үшін шойыннан екі бөлікте дайындалады. Құбырлық торлардың ішкі бетінде ілгектер бұралып жылу изоляциялаушы мастикалар қабаты келтіріледі. Құбырлық тіректерді конвекциялық шахтаның ішінде құбырлы торлар арасында орнатылады. Олар құбыр өлшеміне қарай бөлікті етіп немесе тұтастай болаттан дайындайды. Құбырлық тірек бөліктері мен тор ыстыққа төзімді болаттан дайындалган болаттармен біріктіріледі.
Пеш ішінде шаматты қыштан өртке төзімді астар қаламақ келтіріледі. Пештің шатыры мен қабырғаларын фасонды қыштан қалайды, және де олар аспалар мен кронштеиндерге бекітіледі. Аспақ пен кронштейнді ыстыққа төзімді шойыннан немесе сұр шойыннан пештің жұмыс жағдайына байланысты дайындайды. Қабырғаның өртке берік қалағын сыртынан изоляциялық қышпенен калап шығады да, шатырының үстіне термоизоляциялық материал төселеді. Күбырлы пештің аспа түйіспесі мен қабырғасы жөніңде көрнекі көрініс 13 а-сурет және 13 б- суреттерде келтірілген. Пеш сырты болат және асбоцемент табақшаларыменен қапталады.
Пеш түрлі ауаны, бубасқышты беретін және дренаждық тасымалқұбырлармен жалғастырылады. Құбырлы пештер көптеген бөлшектер, дайындамалар және жинақ бірліктерден монтаждык алаңдарда жиналатын агрегаттар қатарына жатады.
Пештің каркасы мен металлконструкцияларын (ұстаным, фермаларды, алаңдарды, тепкішектерін және т.б.) тасымалданымды элементтер түрінде дайындау-зауыты жеткізеді. Оларды басумен бөлек белгілейді.
Ирелектер жеке құбырлар мен двоиниктер түрінде жеткізіледі. Сонымен қатар жеке бөліктер түрінде гарнитура элементтері, отынды жағу приборлары, сондай-ақ түтіндік құбырлар (жеке қабықтар) монтаждау алаңына жеткізіледі.
Пешті монтаждау іріблокты әдіспенен орындалады да, пеш элементтерін ірі блоктарға жинауға дайындау, элементтерді монтаждық блоктарға құрастырып жинау, пештің жеке элементтерін монтаждау, жиналған блоктарды монтаждау және пешті гидравликалық сынау кезеңцерінен тұрады.
Пешті ірі блоктар түрінде монтаждау монтаждалушы элементтер санын қысқартуға, жүккөтеру механизмін едәуір тиімді пайдалануға, монтаждау жұмыстарының сапасын арттыруға, монтаждау мерзімін қысқартуға, дайындау жұмыстарының ауқымды көлемін арнаулы жұмыс орындарында орындауға, монтаждау жұмыстарын құрылыстық және басқада жұмыс түрлерімен тиімді біріктіруте мүмкіндік береді.
Монтаждалушы элементтерді ірі монтаждық блоктарға біріктіру барысында жүккөтеруші механизмнің ең үлкен жүккөтергіштігін, блоктардың тасымалданымдығын, монтаждаушы элементтердің пештің қай түріне жататындығыНр ескерген жөн.
Ц типті пештер ВНИИнефтмашпене әзірленген және де ЦС және ЦЦ модификациясы бар. ЦС — бір радиация камерасы және конвекция камерасы немесе онысыз, сұйық және газтәріздес отынды жалынды жағудағы; ЦД- бірнеше радиация камералары бар және конвекция камерасы бар, сұйық және газтәріздес отынды жайып жағудағы және ауаны дифференциалды берудегі. Бұл пештер конструкциясының жинақылығына орай жоғары ПӘК-не, жеткілікті жоғары жылуөндіруге (62 МВт дейін) және салыстырмалы төмен құнға ие. Осыған орай кең қолданылыс тауып отыр.
Өнеркәсіппенен ЦС типтің (1.3 сурет) 0,5-14 МВт өнімділіктегі 11 типті өлшемдері, ЦД (1.4-сурет) пештің 15-62 МВт өнімділіктегі 6 типті өлшемдері игерілген.
ЦС пеші биіктігі 2 м кем болмайтындай ұстанды типтегі іргетастарда (пеш түбіндегі оттыққа қызмет көрсету үшін) орнатылады. Пештің қаңқасы қабырға қалындығы 6 мм жәнедиаметрі 1,8-5,5 м болатын болат цилиндрлік пішінде болып келеді, және де ол двутаврлық балкадан ұзына бойы ұстындармен және бұрыштамадан қатандық сақиналарымен күшейтілген. Пеш ішкі жағынан торкретбетонмен немесе торкретбетонды жәңе алынатын шомотты кышпенен астарланған. Пеш қаңқасында радиантты ирек құбырлар тік орнатылган, және де өзара пісірілмелі двойникпенен жалғанған. Радиантты құбыр ұзындығы 3- 5 м аралығында. Пешке қызмет көрсету үшін екі алаң қарастырылған. Мұнда радиантты секция құбырларын және жалынды түтін шығару. терезесі орнатылған. Радиация және конвекция камералары конустық өткелінен, және де мұнда монтажды — жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналган МОК-лаздар қарастырылған.
Радиация камерасының үстінде тегіс немесе қабырғаланған құбырлардан конвекциялық секция орнатылған, ал оның жоғарғы жағында бұрылмалы тор бар. Отын түрі мен өнімділігіне қарай ЦС пештерінде ФГМ, ГИК және ГЭВК типтердегі оттықтар қолданылады. Түтінді құбырмен қоса алганда жылуөнімділігіне қарай пештің жалпы биіктігі 24-36 м құрайды. Металл шамасы 8,2-21,2 т, футеровка массасы 11-96т.



1.3-сурет. Радиантты -конвекциялық типтегі ЦС типті құбырлы пеш. 1-конвекция камерасы; 2-люклаз; 3-футеровка; 4-қаңқа; 5-радиантты ирек; 6-оттық; 7-көру терезесі.


ЦД пеші (1.4-сурет) ЦС типтегі пеіпке қарағанда радиация каммерасының өсі бойында бүгілген қырлары бар пирамида түріндегі қиғаш-таратқыш орнатылған. Бұл жану жалынының төселуін қамтамасыз етеді. Қиғаш-таратқыш радиация кахмерасын бірнеше жылуалмасу аймағына бөледі. Қиғаштық металл каркасы шамот қышымен қаланған және де ішкі жағында ауа жүретін арналар карастырылған онын саны қырлардың санынан екі есеге көп. Әрбір ауа өткізгіш бұрылмалы шеңбермен жабдықталған. Қиғаштық әрбір арнасы арқылы әрбір жайылған жалынға ауаны қайта беру қарастырылған.


Радиантты аспалы ирек қабырғалық және радиал құбырларменен қалыптастырылған және де бұл радиация камерасының үстіндегі орналасқан конвекция камерасының конустық өткеліндегі тартқышқа ілінген. Конвенция ирегіне қызмет көрсету үшін қақпақпен жабылатын терезе карастырылған. Бұрылмалы шиберлі түтінді құбыр конустық өткел арқылы конвекция камерасымен жалғанған.
ЦЦ пештерінің цилиндрлік қаңқасының диаметрі 5-8 м, радиантты құбырларының ұзындығы 9-18 м, биіктігі (түтіндік құбырсыз) 17-30 м,. Металл шамасы 65-165 т,ал футервоканікі 100-300 т.

1.4-сурет. ЦД құбырлы пеші: 1-конвекция камерасы; 2-тутін шығару терезесі; 3-радиантты ирек; 4-футеровка; 5-қаңқа; 6-көру терезесі; 7-ауаны қайта беру арнасы; 8-қиғаш-таратқыш футеровкасы; 9-ауа өткізгіш; 10-қиғаш- таратқыш; 11 -оттык.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет