24-Дәріс тақырыбы. Металконструкциясын монтаждау. Монтаждау жұмыстарына арналған көтеру-түсіру жабдықтары.
Тік бағаналы аппараттарды монтаждау.
Тік бағаналы аппараттарға ректификациялы, экстракциялық, булау, абсорбциялық, адсорбциялық десорбуциялық және скубберлік процестерді атқаруға мүмкіндік беретін биіктігі 10м-ден жоғары тік цилиндрлік аппараттарды жатқызуға болады. Мұндай аппараттар мұнай өңдеу және мұнай-химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарда жалпы техникалық парктің 60-70% құрайды.
Тік бағаналы аппараттарды монтаждау мұнай өңдеу және мұнай-химиялық зауыттар салудағы едәуір күрделі инженерлік мәселе. Мәселенің күрделілігі мұндай аппараттардың салмақтың (1200т дейін), габориттік (диаметрі 7- 12 м, биіктігі Н 100м) және қабырға қалыңдығының (80-100мм жоғары қысымдағы аппараттар үшін) үлкендігімен шартталса, ал бұл аппараттың пайдаланылуына қойылған талаптар монтаждық жұмыстардың маңыздылығын арттырады. Аппараттардың бейгабориттілігі басым жағдайда оның монтаждау алаңына тірі блоктар және кешенді түйіндер түрінде жеткізуін шарттайды. Әсіресе авто, темір жол көлігімен тасымалдауда. Сонымен қатар құрылыс алаңы оған немесе теңіз маңында орналасқан жағдайда аппараат толықтай дерлік зауыттың дайындылық жағдайда баршаларға тиеліп немесе жүздіріп жеткізіледі. Сонымен қатар мұндайда аппараттарды құрылыс алаңына жүктік тік ұшақтармен де жеткізу тәсілін қолданады. Темір жол немесе автокөліктермен ірі блоктар түрінде жеткізілген бағаналы аппараттарды монтаждау алаңының құрастыру участкелерінде роликтік немесе арқандық құрастыру қабырғаларында құрастырады.
Сонымен қатар тұтас құрастырып жобалық жағдайға бірденен орнатумен қатар, мұндай аппараттарды ірі блоктар түрінде де монтаждау қарастырылған. Мұндай тәсілмен монтаждау барысында кезекті блок орнықтырылып жағдайы бекітілгеннен соң ішкі құрылыстары (табақша немесе торлар), металлконструкциялар, қызмет көрсетуші алаңдар монтаждалады.
Бағаналы аппараттарды немесе құрамды бөліктерін монтаждау барысында, оны жүк көтеру механизмінде бекіту үшін ілгек, құлақша және монтаждық келте құбырлар түріндегі түрлі страковкалық құрылғыларды қолданады.
Монтаждау тәсіліне қарай аппаратты сырғанатуға және оны бұруға қажетті арнаулы қосалқы құрылғыларды қолданады. Сырғанауын шана немесе релсте жылжитын арбаны қолданумен қамтамасыссыз етсе, монтаждаудың жерден ажыратусыз және якорсыз тәсілдерінде аппараттың бұрынуын арнаулы конструкциядағы топсаларды қолданады.
Тік бағаналы бірденен тұтас күшінде жобалық жағдайға орнату мачталық не шеврлық жүк көтеру жабдықтарының, гидрокөтергіштердің, порталдық және оқшаулы крандардың көмегімен жүреді.
Қарастырылған монтаждау тәсілдерін жерден ажыратпай, жерден ажыратумен және якорсыз монтаждау деп топтастыруға болады.
Аталған тәсілдердің қолданылуының шектеулі құрылыс алаңының орналастыру тығыздығына, тұғырлық конструкциялардың биіктігіне және де монтаждалушы конструкциялық салмақтың және габориттік сипаттамаларына байланысты. Монтаждау аппаратты салмақ центрінен жоғары орында строковкалауменен жүреді.
Мачталармен монтаждау. Бағаналы аппарарттарды мачталық такелаждық жабдықтармен монтаждау бір немесе қос мачтамен, мачтаның қозғалмайтындай және топсалы орнату жағдайында атқарылады. Жерден ажырата көтеріп монтаждау барысында аппаратты қаңқада стровкалап көтеруде, тік жазықтықтан ауытқуы 150 аспауы тиіс.
Монтаждаудың сырғанату және топсада бұрыш монтаждаудың тәсілдерінің келесі артықшылығы мен кемшіліктерін атап өтуге болады. Сырғаната жерден ажыратып мачтамен монтаждау қарапайым, және де дайындау мен такелаждық жасақтауға аз шығындар талап ететін тәсіл. Дегенімен де бұл тәсілмен монтаждауда монтаждау механизмдерінің жүк көтерімділігі ------ салмағынан артық немесе оған тең болуы тиіс, сондай-ақ такелаждық масаққа түсетін ең үлкен күш көтерудің соңғы сатысында орын алады.
Топсалы айнала мачтва көмегімен монтаждау тәсілі дайындау және қосалқы жұыстарға үлкен шығындар талап етеді. Бұл шығындар топсалы дайындап орнату, санымен қатар ірге тасқа әсерт етуші горизонталь жүктемелерді қадағалаумен байланысты іс-шараларға байланысты. Дегенмен де көтерудің бұл тәсілінде монтаждау механизмінің жүк көтерімділігі аппарат салмағынан елеулі аз (шамамен 50%) сонымен қатар такелаждық жасаққа әсер етуші максималь күштер көтерудің бастапқы сәтінде пайда болады да, көтерілу жағдайына қарай бәсеңдейді. Аппараттың көтерілу қозғалысыменен орын алатын инерциялық күштерді қадағалау үшін тежеу тартпасы аппаратттың тұрақсыз тепе-теңдік жағдайы орын алғанға дейінгі
30-40 ерте іске қосылады.
Ауыр салмақты аппарарттарда монтаждау да арқандарға түсетін күш қадағаланады. Қадағалау үшін басқару пунктіменен тығыз байлавнысты жұмыс істейтін динамометрлерді, накладкалы арқандық электродинамометрлерді қолданса, мачтаның металл конструкциясының жүктік жағдайын термометрлік приборлармен және прогибомерлермен қадағалайды.
Накладканы динамометрлер арқанға арнаулы қармаушы құрылғы арқылы оннатылады да, арқанның деформациялануының өзгеруін қадағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |