Насостарды және насостық агрегаттарды мантаждау.
Насостардың топтастырылуы. Насостардың тұғырлы құрамаға бекітілу тәсілдері және оларды орнатуға қойылған талаптар. Насостардың жағдайын белгілеу және іске қосу-игеру жұмыстары. Насостарды сынаудың ерекшеліктері.
Мантаждық жұмыстар орындалғанға дейін ғимаратты, іргетасты және арналардың құрлсы жұмыстар СНиП ІІІ-Г.10-66 талаптарына сай толық аяқталуы тиіс. Насостардың және насостың агрегаттардың мантаждалуы кілей мантаждық механизмдердің көмегімен жүреді:
Жылжымалы тальы бар ұшақ арбишада орнатылған таль, аспалы кран-балка, қолмен атқарылатын және электірлік жетектердегі көпір тәрізді кран. Бұл жабдықтарды мантаждау ревизиядан басталады. Насостық агрегаттар яғни мантаждық аймаққа (орынға) бөлшектелінген немесе толық құрастырылған түрде келеді. Толық құрастырылған түрде келетиін насостарды ревихзиялау барысында келесі жұмыстар орындалады:
Консерванттардан тазалау, және де білік мойындарының, подшипниктер менен сальниктердің жағдайын тексеру. Жеке түйіндер түрінде жеткізілетін насостарды
28-Дәріс тақырыбы. Жылуалмастырғыш аппараттарды монтаждау. Монтаждау әдістері мен схемалары, монтаждау ерекшеліктері.
Горизонтал аппараттарды монтаждау.
Химия мұнай-химия және мұнай-газ өңдеу зауыттарын салуда салмағы 60 т-ға дейінгі ұзындығы 11 м және диаметрі 3 м-ге дейінгі көптеген горизонтал орналасқан аппараттар монтаждалады. Әдетте мұндай аппараттар ретінде бу кеңістікті қыздырғыштарды, тұндыр ғыштарды аралық ыдыстарын және қаптама құбырлы жылу алмастырғышты түсіндіруге болады.
Мұндай аппараттарды жобалық жағдайға орнату барысында оның салмағын сыртқы өлшемдерін техникалық қондырғы маңында орналасуын және де пайдалану жағдайын ескеру қажет.
Технологиялық қондырғы маңында орналасу тәсілі бойынша горизонтал аппараттар ашық алаңдарда, жабық ғимараттарда немесе постаменттерде орналастырылады. Бұл фактор басым жағдайда монтаждау тәсілі мен схемасының пысықталып қабылдануын анықтайды. Сонымен қатар мұндай аппараттардың пайдалану жағдайын анықтаушы факторлардың бірі үлкен температуралар мен олардың айырмасында жұмыс істелуі монтаждау тәсіліне елеулі ерекшеліктер енгізеді.
Горизонтал аппараттарды монтаждау тұғырлық конструкцияны қабылдаудан басталады. Бұл кезде тұғырлық элементтердің өлшемдері, болттық саңылаулардың остері жобалық шамаға сац келуін тексеру жұмыстары орындалады. Постаменттерді қабылдау барысында бағаналарының вертикалдылығы горизонталдылығын мұқият тексереді.
Ашық алаңда орнатылатын горизонтал аппараттарды монтаждау оқшаулы крандармен және құбыр төсегіштермен жүзеге асырылады. Бұл кезде іргетастан көтерілу биіктігі 0,2-0,5 м-ден аспауы тиіс. Аппарат салмағына қатысты монтаждау бір немеее жұлтасқан оқшаулы крандармен жүзеге асырылады.
Ашық алаңдарда горизонтал аппараттарды оқшаулы крандармен монтаждау барысында жұмыстардың қауіпсіз орындалуына басты назар аудару қажет. Бұл үшін келесі талаптар қатаң орындалуы тиіс: 1) кранның аппаратты көтеріп алған жағдайындағы оның қозғалу жолы мен бұрылу бұрышы мүмкіндігінше минимал болуы тиіс; 2) жұптасқан крандармен монтаждау барысында крандардың синхронды жұмысына басты назар аудару қажет; 3) екі кранмен көтеріп монтаждағанда крандар арасындағы жүктемелер айырмасы жүккөтерімділігінің 10 % аспауы тиіс; 4) жүк кран ілгегінде берік және сенімді бекітілуі қажет; 5) жүккөтерімділігі жеткіліксіз бір кранмен монтаждау барысында кран оқшауының тұрақтылығы керме арқандарменен қамтамасыз етілуі тиіс; 6) жүлітасқан кранмен монтаждау барысында аппараттың кранға бекітілуі симметриялы болуы тиіс; 7) стоковкалау орны аппараттың салмақ центріне қатысты ұтымды, яғни крандардың тиімді үстеме жүктемеленуін қамтамасыз етуі тиіс.
Горизонтал аппараттарды бейсимметриялы строковкалау кезіндегі жүлтасқан кранның жұмыс жағдайын қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |