Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер


мен режимдері. Дезинфектанттардың негізгі топтары.Бақылау әдістері



Pdf көрінісі
бет46/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   106
Микро рк 03.12.20

мен режимдері. Дезинфектанттардың негізгі топтары.Бақылау әдістері. 
Стерилизация – өңдеуге жататын нысандардағы микробтарды толық жою. Стерилизацияның негізгі 3 тәсілі бар : жылулық, сәулелік, химиялық. 
Жылулық стерилизация микробтардың жоғары температураға сезімталдығына негізделген. 60 градуста және су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклеин қышқылдары, 
липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы бар және онымен тығыз байланысқан тығыз 
қабығы бар споралар 160-170 градуста жойылады. Жылулық стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық пен қысымды бу қолданылады.
Құрғақ ыстықпен стерилизациялау – ауалы стерилизаторда (Пастер пеші) жүргізіледі. Құрғақ ыстықпен зертханалық ыдыстарды және т.б. шыныдан жасалған заттар
құралдар, силиконды резина, яғни жоғары температурада өзінің сапасын жоғалтпайтын нысандарды стерильдейді. 
Ауалы стерилизатор – термометрі бар, электр желісімен қыздырылатын, тығыз жабылатын металды шкаф.
Сәулелік стерилизация – гамма сәулелермен немесе жеделдетілген электрондар көмегімен жүргізіледі. Гамма – сәуле мен жылдамдатқыш электрондардың әсерінен 
микробтардың жойылуы, ондағы нуклеин қышқылының зақымдануымен байланысты. 


Сәулемен стерильдеу өндіріс жағдайында газбен стерильдеудің альтернативті түрі, және де стерильденетін зат жоғары температураға төзімсіз болғанда қолданылады. 
Сәулемен бір мезгілде заттарды көп мөлшерде өңдеуге (мысалы, бір реттік шприцтер, қан құю жүйелері) болады. 
Химиялық стерилизация – токсикалық газдарды, этилен оксидін, формальдегидті қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл заттар алкилдеуші агент ретінде микроорганизмдердің 
ДНҚ, РНҚ-ын, ақуыздардың, ферменттердің активті топтарының белсенділігін жояды. Химиялық стерильдеудің алдында, барлық өңделінетін заттар кептірілуі керек. Бұл 
стерильдеу түрі қызметшіге, қоршаған ортаға, науқасқа қауіпті.
Автоклавта таңу материалдарын, төсек, коррозияға төзімді металды құралдар, қоректік орталар, ерітінділер, инфекциялық материалдарды және т.б. стерильдейді. 
Дезинфекция – патогенді бактерияларды, вирустарды, саңырауқұлақтарды, қоршаған ортадағы токсиндерді жою. Дезинфекцияның мақсаты – көбінде микроорганизмдердің 
патогенді (барлығын емес) түрлерін жою. Стерилизациядан айырмашылығы сол, стерилизация кезінде микробтардың барлық түрлері және олардың споралары да жойылады. 
Дезинфекцияның 2 түрі бар : профилактикалық және ошақтық.
Ошақтық қорытынды және күнделікті болып бөлінеді. Күнделікті дезинфекция – ауру аяқталғанға дейін, бірақ науқас бар кезде оның бөліп жатқан қоздырғыштарын дер 
кезінде өңдеп отыру мақсатында, күн сайын жасалады. Қорытынды дезинфекция – инфекция қоздырғышының көзін алып кеткенде (ауруханаға жатқызғанда, ауысқанда,т.б.) 
сол ошақта (әдетте бір рет) жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет