12. Иммунопрофилактикалау. Вакциналар. Анатоксиндер. Түрлері. Анықтамалары. ҚР Ұлттық екпе егу күнтізбесі (БЦЖ, ВГВ, НІВ, АКДС, АДС, АД–М, АДС–М, ҚҚП, К, ОПВ). Иммунопрофилактика- Инфекциялық аурудан қорғану үшін, Вакцина арқылы жасанды иммунитет қалыптастырудың бір түрі болып табылады.
Вакцина- белсенді иммунитетті қалыптастыру арқылы,нақты бір ауру қоздырғышына арнайы ағза төзімділігін, яғни иммунитетті
құруға тірі, өлтірілген, әлсіздендірілген арналған микроағзалар немесе олардың өнімдері болып табылады.
Вакцина қандай жаста салынады. 1. Вакцина бала туылғаннансоң 1-4 кунсоң БЦЖ, ВГВ. 2.2-айда ОПВ,ИПВ, ВГВ, АКДС, ХИБ, Пневмакок инфекциясына.
3. 3-айда ОПВ, АКДС, ХИБ. 4. 4-айда ОПВ, ИПВ, АКДС, ХИБ. Пневмакок инфекциясы.
5. 12-15 айда ОВВ, ИПВ, ҚҚП, моновакцина. Пневмакок инфекциясы.
6. 18-айда АКДС, ХИБ. 7. 6-жаста ( 1-сыныпта).БЦЖ, АДС, ҚҚП, моновакцина.
8. 12-жаста АДСМ. 9.16-жаста және әрбір он жыл сайын АДСМ вакцинасы салынады.
Полиомиелитке қарсы екі түрлі вакцина бар: ИПВ және ОПВ.
ОПВ тірі әлсіреген вирустан тұрады және ішекте жергілікті иммунитет түзуге қатсысады. ВГВ — Бұл вакцина ашытқы жасауша культарасынан жасанды өндірілген, оның
құрамына вирусты гепатит В-нің беткей ақузы – HbsAg кіреді. ЕАДС-М — құрамында антигендері төмендетілген адсорбирленген дифтерия-сіреспелік анатоксин. АД-
Манатоксин (құрамында антигені төмендетілген адсорбирленген дифтериялық анатоксин) тиімділігі жоғары препарат, дифтерияға қарсы егудің толық курсын алған 95%
балаларда 710 жыл ішінде тұрақты иммунитет қалыптасады. Акт-ХИБ (Act-HIB). Гемофильді инфекция бала денсаулығы үшін қауіп төндіретін ауру. Эпидемиологиялық
зерттеулер бойынша, гемофильді таяқша (Haemophilus influenzae b типті, ХИБ) 5 жасқа дейінгі балаларда іріңді менингиттің себебі болып табылады. Вакцина Акт-ХИБ
құрамында тірі микроорганизм жоқ, сол себепті егуден кейін ауыру қаупі мүмкін емес, вакцина гемофильды таяқша антигенімен байланысқан сіреспе анатоксинінен тұрады.
ҚҚП және ҚПҚ. Қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық вирустарының әлсіреген тірі вакциналық штаммаларынан тұратын қабаттастырылған препарат. Сонымен қатар,
олар бөлек өсіріледі: қызылша вирусы және паротит тауық эмбрионы культурасында, ал қызамық вирусы адам диплоидты жасушасында. АКДС — ең бірінші рет шетелде 40
жылдарың соңында қолдана бастады. АКДС – вакцина өлтірілен көкжөтел микробынан, тазаланған сіреспе дифтерия анатоксинінен тұрады. БЦЖ немесе Кальметта—Герен
бацилласы (Bacillus Calmette— Guérin, BCG)- туберкулезге қарсы вакцина, ол жасанды ортада арнайы өсірілген адам үшін вируленттілігін жоғалтқан Mycobacterium bovis
BCG, тірі әлсіреген туберкулезді бацилла.
Анатоксин (токсоид) –
формалинмен
ұзақ әсер етудің нәтижесінде улылығын жоғалтқан, бірақ иммундық және антигендік қасиеттері сақталған бактериялық
экзотоксин
.
Анатоксиндер- дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т.б. ауруларға қарсы қолданылады.