Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер



Pdf көрінісі
бет53/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   106
Микро рк 03.12.20

14) Колиэнтериттер 
Колиэнтерит қоздырғышы-эшерихиялар
Морфологиялық және тинкториалдық қаситеттері : E.coli-екі шеті жұмырланған,ұсақ,грам теріс таяқшалар,спора түзбейді, талшықтары, кейде кірпікшелері бар, 
қозғалады. Жағындыда ретсіз орналасады. 
Ферменттік белсенділігі жоғары 
Антигендік қасиеті күрделі болып келеді:соматикалық О антигені термостабильді ,171ден астам түрі бар; талшықты Н антигені термолабильді, 50ден астам түрі бар; 
беткейлі К антигені: А термостабильді антиген, В,L термолабильді антигендер. 
Эшерихиоз диагнозын қою үшін дифференциалдық диагностикалық орталар қолданылады. 
E.coli ішектің қалыпты микрофлорасының өкілі. Ол тағамдық токсикоинфекцияның басты себепкері.Көбінесе балалар колиэнтеритпен ауырады. 
Аурудың клиникалық көріністері: температура жоғарылауы, іш өту, құсу, сусыздану, нәжісте қан пайда болуы. Колиэнтерит балалардың ерте өлімінң себептерінің 
бірі. 
Таралу механизмі: фекальды-оралды 
Негізгі таралу жолдары: тағамдық,қарым-қатынастық,тұрмыстық 
Микробиологиялық диагноз қою үшін зерттеуге алынатын материалдар: нәжіс, өт, несеп,асқазан шайындысы, қан қалдықтары,т.б. 
Жеделдетілген әдістер:РИФ, ИФТ, патогенділік плазмидаларын анықтау 
Ал негізгі әдіс-бактериологиялық әдіс болып табылады: эшерехиялардық патогенсіз түрлерін патогенді түрлерінен ферементативтік қасиеттеріне байланысты 
ажырату қиынға соғады және бірінші себіндіде олар біркелкі колония түзеді. Сондықтан келесі кезеңдермен жүзеге асады: 
1-күн:зерттелуге алынған материалды Эндо және Плоскирев орталарына себіледі, 37 градус темпуратурада 18-24 сағат инкубацияланады 


2-күн:қоректік орталардағы колонияларды іріктеп аламыз. Мысалы Эндо ортасында лактоза оң E.coli қою-қызыл металша жылтыр немесе жылтыры жоқ ортасы 
ашық қызғылттау, кейде түссіз шеңбері бар, кейбіреулері жартылай мөлдір колониялар түзеді. Осы колонияларды іріктеп алып поливалентті ОКА сарысуларымен 
әйнекше бетіне серологиялық агглютинациялық реакция қояды. Оң нәтиже берген колониялардан қиғаш агарға ілмекпен себінді жасалады 
3-күн: Қиғаш агардағы өсіндіні сипаттайды, яғни ферментативтік қасиетін сипаттаймыз: Егер глюкозаны қышқыл мен газға дейін ферменттемейтін, лактозаны 
ферменттейтін немесе ферментемейтін, газ түзбейтін колониялар түзілсе, онда ол Escherichia туыстастығына жатпауы мүмкін, оны қайтадан әйнекше бетіне 
поливалентті ОКА сарысуларымен агглютиациялық реакциямен қайталап тексереді; егер оң нәтиже берсе ОКВ,ОКС,ОКД,ОКЕ немесе ОК иммундыглобулиндермен 
тексереді. Оң нәтиже берген жағдайда дақылдан индолға сынама қойып, жартылай сұйық қоректік орталарға; Симмонс, Гисс, мочевиналы орталарға ілмекпен 
себеді. Қозғалғыштығын зерттеу үшін жартылай сұйық ортаға инелі әдіспен себінді жасайды. 
4-күн:Себінділерге қорытынды жасалады. E.coli бөлінген жағдайда серотипін анықтау үшін серологиялық идентификация жасалады. О және К антигендерін анықтау 
үшін ОК поливалентті сарысуымен немесе ОК иммундыглобулинмен қиғаш агарда оң нәтиже берген дақылдарды агглютинациялайды. Н антигенді анықтау үшін 
агарда иммобилизациялау немесе әйнекше бетіне агглютинациялауды қолданамыз. 
5-күн:Айқындалған О,К,Н антигендерге байланысты бөлінген штамның серотипі анықталады. 
Біздің елімізде E.coli патогенділік факторларын анықтайтын қарапайым, жедел тесттер жоқ. 
Емдеуі:Кешенді. Балалардың тұз-cу алмасуын қалпына келтіру керек . Ауыр жағдайларда антибактериялық препараттар қолданалады
Алдын алуы:Спецификалық профилактикасы жоқ. Бейспецификалық профилактикасына санитарлық –гигиеналық талаптар, су қоймаларының, тағамдық 
өндірістерінің, ас тағамдарының санитарлық қолданылу жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет