Туберкулез қоздырғышы: M.tuberculosis
Морфологиялық және тинкториалдық қасиеті:ұзын,
аздап иілген, грам оң, қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін,Циль Нильсен әдісімен боялатын таяқшалар.
Левенштейен Йенсен тығыз қоректік орталары көбінесе
қолданылады
Сұйық ортада өсіргенде корд фактор түзеді, тығыз ортада сүйел
тәрізді жайылып өседі
Колониялары:әжімделген,қыртысы тегіс емес,құрғақ
Туберкулезді жұқтыру көздері: науқас адам мен науқас жануар .Өкпе туберкулезінің ашық түрімен ауыратын науқастың эпидемиологиялық қауіптілігі жоғары.
Жұғу жолдары: ауа тамшылы, ауа шаңды,қатынастық тұрмыстық,трансплацентарлық,тағамдық
Туберкулезді микробиологиялық зерттеу үшін алынатын материадар қақырық, аспират ,бронх пен асқазан шайындысы,операциядан кейінгі материалдар
болуы
мүмкін. Материалды зертханаға жеткізерде оны күн сәулесінен,ыстықтан қорғау керек. Егер материал 48 сағат ішінде зертханаға жеткізілсе арнайы консерванттар
қажет емес
Бактериоскопиялық,микроскопиялық,бактериологиялық,биологиялық әдістер қолданылады
Ең негізгі және кең таралған әдіс бактериоскопиялық әдіс болып табылады. Ол қарапайым және тез нәтиже береді, бірақ мүмкіндігі төмен.
Жасалған жақындыда аз
микобактериялар кқрінуі мүмкін, сол себепті байыту әдістері қолданылады: центрифугалау әдісі, қақырықты гомогенизациялау,флотациялау қолданылады
Жедел диагноз қою үшін Прайс әдісі қолданылады: заттық әйнекше бетіне материалды жағып, күкірт қышқылымен өңдеп, нарий хлориді ерітіндісімен шайып,
цитратты қан қосылған қоректік ортаға салып кояды.3-4 күн 37 гр температурада инкубациялайды. Кейін оны Циль Нильсен әдісімен бояп, микроскоппен қарайды.
Бактериологиялық әдіс: Таза дақыл алу үшін бір мл зерттеу затында 20-100 микроб саны болса жеткілікті. Паталогиялық заттан Левенштейн Йенсен , Финн2
қоректік орталарына себу арқылы себінді алады. Екі үш әртүрлі ортаға себінді жасау керек, сонда микобактериялардың өсіп шығуы ықтимал.
M-tuberculosis-тің таза
дақылын бөліп алу үшін 3-8 апта уақыт кетеді. Алынған дақылдың биохимиялық қасиетін зерттеп, идентификациялап, антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.
M-tuberculosis complex идентификациялағанда биохимиялық негізгі тесттерді қояды:
-ниацин тест(никотин қышқылын бөлу қабілеті)
-нитратредуктазасын анықтайды
-термостабильді каталазасын анықтайды
- натрий салицин қышқылымен өсуін байқайды
Антибиотиктерге сезімталдықты анықтау үшін пропорциялық және абсолютті концентрация әдістері қолданылады. Левенштейн Йенсен ортасына препарат қосып
және препарат қосылмаған қоректік орталарға бактерия суспензиясының әртүрлі концентрациясын сепкенде, препараттың әртүрлі концентрациясында тіршілік ете
алатын жеке даралар пайызы белгілі болады. Препаратсыз бақылаудағы колониялардан препарат қосылған колониялар
саны бір пайыздан асса, сол дақыл төзімді
болып келеді
Серологиялық әдіс:ИФТ,ПТР
Алдын алуы:тірі вакцина БЦЖ енгізу. Жаңа туылған балаларға 4-7 күннен кейін салады, пайда болған иммунитет 5-7
жылға жетеді, содан кейін ревакцинация
жүргізіледі.
Тек тері ішіне енгізеді, егер тері астына енгізсе суық абсцесс пайда болады. Манту сынамасы қойылады:48 сағаттан кейін реакция нәтижесі бақыланады
Емдеуі: антибиотик қолданылады.Туберкулезге қарсы препараттар екіге бөлінеді:
1)негізгі:изониазид,рифампицин,стрептомицин,этамбутол; бұл препараттар алғаш рет туберкулезбен ауырғандарда қолданылады
2)резервтік:этионамид,циклосерин,фторхинолон,ПАСК; бұл препараттар негізгі топ препараттарына төзімді M.tuberculosis-тер бөлетін ауруларда қолданылады
Туберкулезді емдеудің жаңа бағыты:моноклонды антиденелер. Бұл әдіс препарат улылығын төмендетедіжәне де емдеу әсерін жоғарылатады.Келешекте гендік
терапия әдісі қолдану қарастырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: