16)Іш сүзегі
Іш сүзегі ауруының қоздырғышы:Сальмонелла тифи
Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері:өте ұсақ, грам теріс, ұшы жұмырланған таяқшалар. Спора түзбейді, микрокапсулаға ие, жақындыда шашыранқы
орналасады
Сальмонелланың элективті ортасы:өт сорпасы
Іш сүзегіне диагноз қою үшін Эндо,Левин,висмут сульфитті агар және т.б. өт қосылған орталар қолданылады. Науқастан алынған қанды байыту үшін қт сорпасына,
ал қосымша микрофлорасы бар метериалды (нәжіс,өт,несеп) селенит сорпасына себу арқылы байытады. Лактозасы бар дифференциалды диагностикалық қоректік
орталарда сальмонеллалар түссіз, ал фисмут сульфитті агарда қара колониялар түзеді
Биохимиялық белсенділігі жоғары, лактозаны ыдыратпайды
О,Н,Vi-антигендеріне ие
Іш сүзегі -антропонозды ауру, жұғу механизмі-фекальды-оралды. Көбінесе су арқылы жұғады, тағамдық және тұрмыстық қатынас жолдарымен сирек кездеседі. 15-
40 жастағы адамдар ауырады
Микробиологиялық диагноз қою үшін алынатын материалдар:қан, құсық,асқазан шайындысы, зәр, нәжіс
Жеделдетілген әдіс:ИФТ,Vi-антигенін анықтау
Негізгі әдіс: бактериологиялық әдіс
Науқастан қан алып, оны өт қосылған ортаға себеміз. 37гр инкубацияланады.3-5-7-тәулікте диф диагностикалық орталарға(Плоскирев,Эндо,висмут сульфит агар)
себеді, егер мөлдір, жартылай мөлдір, түссіз немес ашық қызғылт, висмут сульфит агарда қара колониялар түзілсе, олардың ферметтік қасиеттерін, сосын антигендік
құрылымын О және Н сарысулармен әйнекше бетінде агглютинациялау арқылы идентификациялаймыз
Екінші аптада зерттелу материалы ретінде нәжіс пен несеп қолданылады,капро немесе уринодақылдар бөлінеді. Бөлінген дақылдарды сәйкесінше
идентификациялайды. Сальмонелла тифиді Vi-фагтардың жинағымен фаготиптейді.Фаготипті анықтау іш сүзегінің эпидемиологиялық бұрқетпесін анықтауда
маңызды
8-10 күндік науқастардың қанында О және Н антиденелері пайда болады, бұл кезде қосымша серологиялық әдіс қолданылады: О және Н диагностикумдармен
Видаль агглютинациялық реакциясы, ЖГАР.
Емдеуі:антибиотиктер,иммунды терапия,фагтармен емдеу
Алдын алуы:Инфекция ошағында жедел алдын алу үшін бактериофаг қоланылады. Эпидемиологиялық жағдайы нашар аймақтарда іш сүзекті химиялық және Vi-
антигенмен байытылған іш сүзекті спиртті вакцина қоланылады. Санитарлық гигиеналық іс шаралар
Достарыңызбен бөлісу: |