Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет125/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Ключевые слова: проблемы, методология, картографические материалы ХVII – начало ХХ вв.
 
 
 
 
 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
123 
Г.Н. Ксенжик
1*
,
 
Е.Т. Карин 

1
т.ғ.д., Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жобасының жетекшісі,
Алматы, Қазақстан, E-mail: mig
kz@ya.ru
 

с.ғ.к., Қазақстанның халықаралық қатынастар кеңесінің төрағасы
Нұр-Сұлтан, Қазақстан, E-mail: 
erlankarin@gmail.com
 
 
ХVII – ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БОЙЫНША КАРТОГРАФИЯЛЫҚ 
МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ЖИЫНТЫҚ КАТАЛОГЫНА ШОЛУ
 
Мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 
қаржыландыратын (№АР09259247 гранты) «XVIII – XX ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы 
туралы картографиялық материалдар: мемлекеттік шекараларды қалыптастыру контекстінде» 
жобасын іске асыру шеңберінде әзірленген. 
 
Аңдатпа 
Мақала, ХVII-ХХ ғасыр басындағы Қазақстан тарихы бойынша картографиялық материалдардың 
жиынтық каталогын шолуға және дайындаудың проблемалық мәселелеріне арналған. Жиынтық 
каталогтарды құрудың барлық маңыздылығы мен келешегіне қарамастан, қазіргі уақытта картография-
лық зерттеулерді дамытудың бағыты бойынша жалпылама әдістемелік шешімдер жоқ және картография-
лық материалдардың жиынтық каталогын жобалау бойынша барлық талаптардың орындалуын 
қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен жоқ.
Картографиялық материалдардың жиынтық каталогы каталогтардың басқа түрлерінің ішінде 
құрылымы мен мазмұнының күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл, әрине, ұзақ мерзімді жобалауға және оны 
құрастырудағы әртүрлі проблемаларға соқтырады. Бұл жағдай зерттеуді ақпараттық технологиялар 
кезеңінде XVII-XX ғғ. басындағы картографиялық материалдардың жиынтық каталогына «ескі» карта-
ларды тиімді өңдеуге және дайындауға мүмкіндік беретін, жиынтық каталогты зерттеудің пәнаралық 
әдіснамасын жасауға бағыттады. 
Мақалада негізгі жетістіктер, аралық зерттеу барысында Мәскеу және Орынбор қалаларының 
мұрағаттары мен кітапханаларында анықталған жоғары ғылыми және әлеуметтік маңызы бар 282 
картографиялық көздерден тұратын жиынтық каталогты дайындаудағы әдіснамалық мәселелерді шешу 
жолдары көрсетілген.
«Ескі» карталардың әзірленген жиынтық каталогының функционалды мүмкіндіктері негізделген.
Картографиялық материалдардың жиынтық каталогын өзіндік «жолсілтеме» ретінде қарастыруға болады, 
оның көмегімен пайдаланушы келесі сұрақтарға жауап ала алады: архивтердің, кітапханалардың және 
музейдің қайсысында пайдаланушыға қажетті картографиялық материал бар; әкімшілік – аумақтық 
бөліністің динамикадағы өзгерісі және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет