ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г.
169
дермен экономикалық және рухани салалардағы ынтымақтастық, т.б. тереңірек айтылады. Қазақстанның
геосаяси
жағдайының қолайлылығы, оның тарихи дамуындағы жаңа қадамдар, көрші мемлекеттермен
экономикалық және этнолингвистикалық байланыстардағы алғашқы табыстары, әлемнің жетекші елдері
тарапынан қолдау көрсетілуіне мұқтаждығы оның сыртқы саясатындағы басым бағыттарды бөліп
көрсетуге объективті алғышарттар болып табылады. Осы басымдықтар өз деңдейінде негізделген еңбек
деп сенімді түрде айтып кетуге болады. Автор еліміздің саяси даму жолындағы ерекше маңызды кезең
қазақ мемлекетінің қалыптасу және халықаралық қауымдастыққа батыл ену процесін бірінші тарауында
жан-жақты ғылыми тұрғыда талдайды. Қазақстанның халықаралық саяси тарихын қарастыра отырып,
еліміздің алып Кеңестік империяның құрамында болуымыз еліміздің сыртқы саяси жүйемізді
қалып-
тастыруға қол байлау болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз сыртқы саясаттағы әлемдік
қауымдастық талап ететін күрделі міндеттерді шеше білді – дейді. Қазақстан үшін болашақ халықаралық
айқындама ынтымақтастық, интеграция, өзара іс-қимыл және тату көршілік арқылы ғана сипатталатын
болады деуге негіз бар. Мұндай саясатқа басқа балама бүгінде жоқ –деген тұжырым жасайды.
Мұрат
Бақтиярұлы Мұхамедовтың кез келген егемендікке қол жеткізген, ие болған мемлекет қысқа мерзімде
өзін басқа мемлекеттердің, халықаралық қауымдастықтың мойындауына, тең деңгейде қарым-қатынастар
жасауына қол жеткізу үшін күреседі-дей келе, Қазақстан Республикасы он жылдай уақыт аралығында
халықаралық қоғамдастықта өз орнын алу жолында 800-ден астам мемлекетаралық және үкіметаралық
шарттар мен келісімдер жасады,
көптеген әлемдік, еуропалық, азиялық саяси және эконо-микалық
ұйымдар мен одақтарға мүше болды, қысқа мерзім мерзім ішінде әлемдік қауымдастықтың толыққанды
мүшесі атанды» - деген дәйек келтіреді [6, 18-36 бб.].
Достарыңызбен бөлісу: