Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет176/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
171 
және қауіпсіздік жүйесіне қатысу елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, өз Қарулы Күштерінің қалыпта-
суына ықпал етеді-деген пікірін білдіреді. Посткеңестік кеңістікте біртұтас қорғаныс жүйесі әскери 
қатерлерге қарсы тұратын тиімді тәсіл болар еді - деген ойының бүгінгі таңда біршама маңыздылығын 
жойып бара жатқандығын да айтып кеткен орынды. Бұған Украйна дағдарысы дәлел бола алады-деген 
пікірді алға тартады. Еңбектің соңында, екі мемлекеттің арасындағы тарихтың жаңа кезеңінде қол 
жеткізілген шарттар мен келісімдер одақтас мемлекеттер арасындағы қатынасты нығайта отырып
Қазақстан мен Ресей арасындағы мызғымас достық пен ынтымақтастықтың жарқын көрініс бола 
беретініне сенім білдіреміз. ...Ресей Орталық Азиядағы өз ықпалын сақтап қалу үшін қолынан келгенін 
барлығын жасайды. Ресей Үкіметі Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен әскери 
қақтығыстардың алдын алу – бұл Ресейдің қауіпсіздігі екендігін жақсы түсінеді-деген қорытынды 
жасайды [11, 68-86 б.]. 
С.Ш. Мұсатаева, Ж.Қ. Симтиковтың «Еуразия төсінде табысқан өркениеттер» монографиясында 
адамзат өркениетін диалогқа шақырып, ғаламдық және өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастықты 
дамытуға күш салып келе жатқан Қазақстан Республикасының рөліне, Тұңғыш Президент
Н.Ә. Назарбаевтың әлемдік саясаттағы орны мен саяси қызметіне талдау жасалған. Еңбекте жалпыадам-
заттық маңызды істер атқарып отырған Қазақстанның жетістіктері сараланады. Қазіргі заманғы 
халықаралық қатынастардағы маңызды мәселелердің бірі ғаламдық қауіпсіздік мәселесі болып табылатын 
болса, осындай геосаяси жағдайда ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік ұйымдарының рөлі зор екендігі 
бесенеден белгілі. Осындай жанжалдардың алдын алу мен шешу, дағдарыстарды реттеуде Қазақстанның 
көптеген ұйымдарға мүше немесе сонын төрағасы ретінде бастамаларын баяндайтын еңбекте еліміздің 
адамзат өркениетін бейбіт өмір сүруде қарумен емес үстел басында диалог арқылы шешу маңыздылығын 
көрсететін әрекеттерін атап көрсетеді. Кітапта ғаламдық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету
өркениеттер диалогын дамытуда еліміздің осынау жасампаз істерін ой елегінен өткізіп саралаған. 
Аймақтың геосаяси көшбасшы ретіндегі еліміздің рөлі, дамып келе жатқан азаматтық қоғам мен 
демократиялық институттар қазіргі таңда көрші елдерді осы бағытта дамыту үшін флагман бола алады-
дей отырып, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарына ену жоспарлары да адам 
құқықтары мен демократияның әрі қарайғы дамуымен байланысты. ....Біз үшін, яғни дала демократия-
сының мұрагерлері үшін патшалық отарлау кезінде жойылған қарапайым адами құндылықтар анағұрлым 
түсінікті әрі жақын және жеңіл қабылданады-деген ой түйеді[12, 6-13 бб.]. 
Дипломат, тарих ғылымдарының докторы Арыстанбекова А.Х. Тәуелсіз еліміздің сыртқы саясаты 
мен халықаралық жағдайы туралы бірнеше еңбек жазғаны белгілі. Ол «Ұлттар Ұйымы және Қазақстан» 
еңбегінде Қазақстан Республисының тәуелсіздік алған соң БҰҰ-на қабылдануы тарихы және 
тәуелсіздіктің алғашқы айлары мен жылдары еліміздің осы беделді халықаралық ұйымдармен қарым-
қатынасты дамыту, нығайту мәселелері баяндайды. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды БҰҰ-қабыл-
дату мәселесімен айналысуды Қазақ КСР Сыртқы істер министрі қызмет атқарып жүрген кезінде,
А.Х. Арыстанбековаға тапсырады. 1990 жылы қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев Нью-Йорктегі КСРО 
өкілдігіне Қазақстан өкілі болып баруы керектігі туралы оған ұсыныс айтады. «Біз үшін БҰҰ-мен 
байланыс орнату ауадай қажет. Сіз БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясында жақсы жұмыс істедіңіз және 
ондағылар Сізді жақсы таниды» - дейді. Арыстанбекова А.Х. мемлекет басшысы тапсырмасын абырой-
мен орындап, 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның 168-і мүшесі болып қабылданды 
[13, 67 б.]. Арыстанбекова А.Х. сол жылы маусымда ҚР БҰҰ-ғы Тұрақты Өкілі, 1993 жылы Төтенше 
және Өкілетті Елшісі ретінде ретінде бірнеше жыл абыройлы еңбек етті. 
Дипломатия ардагері, саяси ғылымдар кандидаты Сәлім Құрманғожин өзінің мемуарлық және 
тарихи-деректі еңбегінде [14, с.320]. Тәуелсіз Қазақстанның Сыртқы істер министрлігін қайта құру және 
қалыптасу тарихымен, Қазақстан Республикасы мен Венгрия мемлекеті арасындағы ынтымақтастықты 
қалыптастыру тарихымен таныстырады. Кітап мемуар жанрында жазылғанымен деректік мәліметтерімен 
және ғылыми-тарихи сипаттауымен маңыздылығын байқатады. Автордың еңбегінің көлемі 318 бетті 
құраса, соның 200-ден астам беті, яғни 2/3-і Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тарихын 
бағамдауға арналғаны байқалады. Сәлім Құрманғожин Сыртқы істер министрі орынбасарының бірі 
ретінде жаңа құрылып жатқан сыртқы саясат ведомствосына конкурспен кадрлар алу, министрліктің, 
елшілердің қызметін айқындайтын тұжырымдама, заңдар қабылдау т.б. маңызды істердің куәгері және 
жүзеге асырушылардың бірі ретінде құнды мағлұматтар береді. Мәселен, 1992 жылы бірнеше айдың 
ішінде Сыртқы істер министрлігіне конкурстық негізде 201 қызметкер жұмысқа қабылданғаны, 14 
қызметкердің Ұлыбритания, Малайзия, Үндістан, Пәкістан, Жапония елдеріне білім, тәжірибе жинақтау 
үшін жіберілгені көп жариялана бермейтін мәліметтер қатарына жатады [14, с.224]. Автордың келесі бір 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет