Қасымжомартұлы Токаевтың «Внешнеполитические приоритеты Республики Казахстан» атты еңбекте
Орталық Азияның негізгі мемлекеті Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдықтары мен
негізгі бағыттарына кешенді талдау жасалған. Кітапта Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдама-
лық аспектілері мен болжамды бағасының сипаттамасы беріледі. Қазақстанның БҰҰ және ЕҚЫҰ-мен
энергетикалық дипломатиясымен ынтымақтастығы талданады. Қазақстан шекарасын рәсімдеу тарихы
және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі келіссөздерге арналған тараулар тәжірибелік мүдде-
лер тудырып отырғанына назар аударады. Кітап посткеңестік кеңістіктегі халықаралық қатынастардың
өзекті мәселелерін зерттеуге қызығушылық тудырады. Автор еңбектің «Қазақстан Республикасының
сыртқы саяси стратегиясы» атты бірінші тарауында еліміздің сыртқы саясатының концептуалдық
негіздерінің қалыптасуын жақсы талдаған. Сондай-ақ ХХІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан-
ның сыртқы саясатына қатысты болжамдық көзқарастарын білдіреді. Қазақстан Ресей, Қытай, сондай-ақ
Орталық Азия мемлекеттерімен тату көршілік пен ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға аса назар
аударатын мәселесенің маңыздылығын баса айтады. «Жаңа тарихи жағдайларда қазақстандық бастама
сұраныстағы дүние еді. Өйткені ол өзінің халықаралық қауіпсіздік саласында сенімді әріптес болуға
өзінің дайындығын көрсете алған, тарихи өткенінің ауыртпалығы жоқ және «кеңестік гегемонизм»
белгісін алып жүрмеген жас мемлекет ретінде келді-деп ой түйеді. Т.К-Ж. Тоқаевтың пікірінше, Қазақ-
станның стратегиялық жағдайы оның сыртқы байланыстарын ауқымды түрде әртараптандыру, әлемдік
саясат пен экономиканың жетекші субъектілерімен әріптестік қатынастар орнату қажеттігін талап етеді.
Сондықтан елдің ұзақ мерзімді мүдделерін қорғау бастапқыда кең халықаралық ынтымақтастықты
дамытуды және туындаған мәселелерді өзара келісімдер мен қолайлы ымыралар негізінде шешуді,
көпжақты дипломатияның кең жиынтығын қолдану қарастырылды – деген [9, с. 25-58].
Қазақстанның 90-шы жылдардағы сыртқы саяси қызметінің қалыптасуы мен дамуы мәселелері:
сыртқы саясат тұжырымдамасы, еліміздің ТМД, Еуропа, Азия, Таяу және Орта Шығыс елдерімен
дипломатиялық, сауда-экономикалық және гуманитарлық қатынастары баяндалған Л.Н. Нұрсұлтанова- ның «Казахстанская внешняя политика: становление и развитие (1991-1999)» еңбегінен Қазақстанның
екіжақты және көпжақты ынтымақтастық оқиғаларын ашатын монографиялар, мерзімді басылымдар,
мұрағат қорлары пайдаланылғандығын қолданылған деректер тізімінен көре аламыз. Жалпы көлемі 85
беттен тұратын еңбекте тәуелсіздіктің алғашқы сегіз жылындағы Қазақстандық сыртқы саясаттың
қалыптасуы мен дамуы тарихына тоқталады. Аталған еңбекте әрине Қазақстанның сыртқы саясатын
қарастыруда біршама мәселелер қамтылмай қалғандығы байқалады. Еңбекте Қазақстан Республикасының
сыртқы саяси басымдықтарында негізінен ТМД елдері, қазақ-американ қатынастары, Қазақстан-Еуропа
қатынастары, Азия мен Шығыстағы Қазақстан дипломатиясы тұрғысынан қарастырылады. Автор
«Тәуелсіздік жылдарында ҚР сыртқы саяси қызметі өзінің даңғыл жолынан өтті және негізінен
Қазақстанның көптеген мемлекеттермен қатынастарының шарттық және құқықтық базасы қалыптас-
қанын, әлемдік қоғамдастықтың сенімі мен құрметі артқанын атап өту қажет» [10, с. 4, 81]. - дейді. Еліміз
тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ нақты стратегиялық мақсаттар қойып сол бағытта көптеген
әрекеттер жасалғандығын білеміз.
Қазақстанның Ресеймен әскери саладағы қарым-қатынастарының мән маңызын ашатын
Б.Ж. Сомжүректің «Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты: Ресей Федерациясымен әскери-саяси қарым-қатынастары» еңбегінде посткеңестік кеңістіктегі ұжымдық қауіпсіздіктің қалыптасуы мен
дамуы және оған Қазақстанның белсенді қатынасуы көрсетіледі. Ұлттық және әскери қауіпсіздікті
қамтамасыз ету әлемнің көптеген мемлекеттері үшін аймақтық тұтастықты, шегараның бұзылмауы және
тәуелсіздікті сақтаудың бірден-бір шарты болып табылады. Ayмaлы-төкпeлi зaмaндa дa қaзaққa eкi тiзгiн,
бip шылбыp бoлып дүниeгe кeлгeн Aлaш Opдa үкiмeтiнiң дe бip тipeгi әcкep күшi бoлaтын. Бүгінгі әлем
сан құбылып тұрған заманда да бeйқaм қaлyғa бoлмaйтынын aшық көpceтiп oтыp. Сондықтан да автор
заманауи әскер жасақтау заман талабы екендігін көрсетеді. Әлемнің eң мықты дepжaвaлapы қaтapынa
қoсылғымыз кeлсe бiзгe тeк мықты экoнoмикa eмec қyaтты әcкepдe ayaдaй қaжeт. Ceбeбi әлеуетті
экoнoмикaның қayiпciздiгiн мықты қapyлы күштep ғaнa қaмтaмacыз eтe aлaды. Нaпaлeoнның «Өз
әcкepiңдi acыpaмacaң, қaйғы қacipeтпeн нe жay әcкepiн, нe өзгeнiң әcкepiн acыpaйcың» - деген әйгiлi cөзiн
әрқашан жадымызда сақтау қажет деген пікірін еске салады. Еңбекте Қазақстанның ғана емес тұтас
Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері қозғалады. Әскери саланың сыртқы саясатта дұрыс анықталуы